Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

2016 жыл есебі


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы- «ХҚКО» департаментінің Мұнайлы аудандық бөлімі 2016 жылда  108 849  сұраныс қабылданды.

  Атап айтқанда,  Е-қызметтер бойынша берілген анықтамалар саны-64 785, қағаз тасығышта 44 064 сұраныс келіп түскен.

Жыл қорытындысы нәтижесінде Орталығымыз облыс көлемінде Ақтау қаласынан кейінгі  ең  көп құжат қабылдайтын  Орталық болып табылды.

Тұтынушыларға жылдам әрі сапалы қызмет көрсету  мақсатында Орталықта бірнеше шаралар қолға алынды.

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы- «ХҚКО» департаментінің Мұнайлы аудандық бөлімі  жаңа ғимаратқа көшіріліп, 2016 жылдың желтоқсан  айынан бастап,  ауданымыздың тұрғындарына қызмет көрсетуде.

Мекен- жайы: Маңғыстау селосы, 24квартал, 10/3 учаскесінде орналасқан.  Жалпы ауданы 800  м2  құрайды.

Тұтынушыларға жылдам әрі сапалы қызмет көрсету  мақсатында Орталықта бірнеше шаралар қолға алынды. Азаматтар мен заңды тұлғалардың  мемлекеттік қызметтер  алу ыңғайлығын  арттырып, орталықтың күту бөлімшесінде 20 қызмет көрсету үстелі, құжаттарды қабылдау, дайын құжаттарды  тарату үстелдері, екі ксерокөшірме қызметі, екі Қоғамдық қолжетімді пункті (ПОД) терминалы  орналасқан және өзіне- өзі қызмет көрсету секторына 10 орын бөлінген.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер үшін алынатын мемлекеттік баж төлемдерін «Казпошта» Акционерлік қоғамының екі кассасы, «Цеснабанк» АҚ-ның  екі кассасы өз қызметін көрсетуде.

Ғимаратта  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы  КЕ АҚ-ның Маңғыстау облысы филиалы  «әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық» есептеу орталығы, Мұнайлы аудандық «Азаматтық хал актілерді тіркеу» бөлімі, Мұнайлы аудандық «көші –қон полициясы» бөлімі мемлекеттік мекемелері  орналасқан.

Құжаттандыру және азаматтарды тіркеу, тіркеуден шығару, Жеке сәйкестендіру нөмірін беру (ЖСН) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін  Ішкі Істер Министрлігі көші-қон полициясының Мұнайлы аудандық бөлімінің  мамандарымен бірігіп жүзеге асыруда.

Бұдан басқа Орталыққа қызмет алуға келген тұтынушылардың ыңғайлылығы үшін, операциялық залда байланыс қызметтерін пайдаланатын азаматтар үшін төлем қабылдауға арналған «Сбербанк»  төлем қыбылдаушы дүңгіршегі орнатылды.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы

КЕ АҚ Маңғыстау облысы бойынша

филиалы -«ХҚКО» департаментінің

Мұнайлы аудандық бөлімінің  басшысы    А.С.Байтлевов


Ақпараттық ресурстар