Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы талқыланды


Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшісінің акт залында «Нұр Отан» партиясы Мұнайлы ауданы филиалының төрағасы, аудан әкімі Нұрлан Тәжібаевтың қатысуымен «Маңғыстау темір жолы» бастауыш партия ұйымының кезектес тыс кеңейтілген отырысы өтті.

Жиналыстың  күн тәртібінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы талқыланды. Құрметті теміржолшы, зейнеткерлер Қожахмет Шабайұлы мен Табылды Әміров, Маңғыстау өрт сөндіру жасағының басшысы Қайырхан Таласов, бөлімшенің шұғыл басқару бөлімінің басшысы Амантай Нұрсапин, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділерінің бірі, пойыз диспетчері  Жалғас  Якупбаев Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың жергілікті билікке қолға алуды ұсынған «Туған жер» бағдарламасы, таяу жылдардағы міндеттері туралы жарыссөз жасады.

Алдағы жылдарда мықтап қолға алуға қажет болатын жобалардың бірі  - қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау.

Қожахмет Уәзір Мұнайлы ауданының және теміржол бөлімшесінің он жылдығына орай, ауданнан балалар алаңы мен мұражай салу ұсынысын жеткізді. Бұл пікірді қоштаған «ҚТЖ» АҚ «ЖТ Маңғыстау» бөлімшісінің директоры Нәжімедин Ғұбашев Елбасы мақаласында айтылғандай, туған жеріне көмек жасағысы келетін жандарға қолдау көрсету арқылы  қалаларды көгалдандыруға, мектептерді компьютерлендіруге, жергілікті жоғары оқу орындарына демеушілік жасауға, музейлер мен галлереялар қорын байыта түсуге болатындығы жайлы айтып өтті.

Теміржолшыларды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен және 9 мамыр – Жеңістің 72 жылдық мерекесімен құттықтаған Нұрлан Төлегенұлы:

-Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынған болатын. Осыдан 50 жыл бұрын сіздер тұрғызған үйлер мен ғимараттар қазіргі таңда халыққа қызмет етуде. Бұл туған жерге деген теміржолшылардың қосқан үлесі деп білемін. Сол игі істің басында жүрген ұйымдастырушылар қазір ортамызда. Осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып, сіздер бастаған игі істі әрі қарай жалғастырып, ауданымыздың көркеюіне үлес қосуға шақырамын,-деді.

Аудан басшысы Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі вокзал шаруашылығы бөлімінің инженері Қазына Бекжітованы, ірілендірілген Маңғыстау жол дистанциясы кәсіподақ комитетінің төрағасы Сәкен Айшуақовты, «ҚТЖ ҰҚ» АҚ «Жолаушылар тасымалы»АҚ  Маңғыстау телімінің жұмыс үйлестірушісі Әсия Упикованы Алғыс хатпен марапатталды.

Сондай-ақ, ол партия қатарына жаңадан қабылданған 30 теміржолшыға партия билетін табыс етті. Ал Болат Абатаев, Ахат Нұратдинов, Жайлыбай Қанатов, Асқар Мәулимов, Айгүл Реймова т.т. партия белсенділері «Маңғыстау темір жолы» бастауыш партия ұйымының төрағасы Болат Дүйсеалиевтің Алғыс хаттарын иемденді.


Ақпараттық ресурстар