Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі қағидаларын түсіндіру мақсатындағы кездесу өтті


Мамыр айының 17 күні аудан әкімі Нұрлан Төлегенұлы Тәжібаевтың төрағалығымен Маңғыстау ауылына қарасты №1 орта мектепте Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы  12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі қағидаларын түсіндіру мақсатындағы кездесу өтті. Аталған жиынға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкеріЫ.Алтынсарин атындағы академияның президенті, тарих ғылымдарының докторы, профессоры, Маңғыстау облысының «Құрметті азаматы», «Ардагерлер ұйымы» Республикалық бірлестігі орталығы төрағасының бірінші орынбасары - Озғанбай Өмірзақ, «Ардагерлер ұйымы» Республикалық бірлестігі Маңғыстау облысы филиалының төрағасы – Төлетов Серікбай Құдайбергенұлы, Мұнайлы ауданының зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, аудан тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын түсіндіру бойынша баяндамасымен  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкеріЫ.Алтынсарин атындағы академияныңпрезиденті, тарих ғылымдарының докторы, профессоры, Маңғыстау облысының  «Құрметті азаматы» Озғанбай Өмірзақ сөз бастап, бағдарламалық мақаланың маңыздылығына егжейлі-тегжейлі тоқталды.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы Тәуелсіз еліміздің рухани жаңғыруының бастауы екендігі даусыз. Аталған бағдарламаның басты мазмұны – елімізде жүзеге асырылып жатырған саяси және экономикалық реформалар рухани жаңғырумен ұштасуы тиіс. Осы орайда, Нұрсұлтан Назарбаев XXI ғасырдағы ұлттық сананың қалыптасу үрдістерін атап өтіп, батыс елдерінде орын алған рухани дағдарыстың себептерін белгілеп берді. Бүгінгі күні әлемде қалыптасқан күрделі ахуал кезеңінде алдымызға қойылған басты міндеттердің бірі – ұлттық кодымызды сақтай отырып, әр қазақстандықтың санасын жаңғырту мақсатында бірнеше басымдықтарды іске асыру.

Бұл – көп ғасырлық тарихы бар халқымыздың өміріндегі үлкен рухани сілкініс. Елбасы айтқандай, Тәуелсіз еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Енді рухани жаңғыруды жүзеге асыру арқылы көптен көкейде жүрген маңызды да, ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылмақ. Бұл – бәріміз үшін қуанышты жәйт.

Қоғамдық сананы жаңғырту мақсатында Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше жобаны ұсынған болатын. Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау, яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліп­биімен басып шығара бастау. Екіншіден, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға алу. Үшіншіден, шынайы патриотизмді қалыптастыруға бағытталған «Туған жер» бағдарламасын қолға алу арқылы «Туған жерге» деген сүйіспеншілікті «Туған елге» – Қазақстанға деген патриоттық сезіммен жалғастыру. Төртіншіден, «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы негізінде жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіру. Бесіншіден, заманауи әлемдегі бәсекелік қабілет белгісі ретінде мәдениеттің бәсекелестігін арттыру мақсатында «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру. Алтыншыдан, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын іске асыру арқылы Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихын дәріптеу, Қазақстанның келбетін қалыптастыру.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен айтқанда «Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу». Осыған байланысты мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін біз, Елбасы ұсынған рухани жаңғыру идеясын жүзеге асырылуына белсене атсалысуымыз қажет.

Сондай-ақ отырыста «Ардагерлер ұйымы» Республикалық бірлестігі Маңғыстау облысы филиалының төрағасы – Төлетов Серікбай Құдайбергенұлы сөз алып бағдарламалық мақаланы  кеңінен түсіндіріп, ұлт бірлігі үшін Елбасы мақаласының маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар мамыр айының 2-5 күндері аралығында өткен Ұлы Отан соғысы кезінде өшпес ерлік көрсетіп, Отанның ең жоғары наградасы-Кеңес Одағының Батыры атағын алған жерлесіміз Жұмағали Қалдықараевтың құрметіне арналған  халықаралық автошеру жөнінде сөз қозғады. Бүгінгі ұрпақтың қолынан келетін сауапты істердің бірі ата-бабымыздың ерлігіне бас иіп, тағзым ету, ата-бабаны ұлықтау, құрметтеу болып табылады. «Ардагерлерді ардақтайық» республикалық жобасы аясында Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Жұмағали Қалдықараевтың жерленген жері Мозырь қаласына барып қайтқан болатын. Жаудан азат ету айқастарында ерлікпен қаза тапқан батырдың Белоруссияның Мозырь қаласындағы қабіріне туған жерінің топырағы себілгенін айтты.

Өз кезегінде, ауыл ақсақалдары ойларын ортаға салып, Елбасының жолдауын қолдайтындықтарын жеткізді.

Жиын соңында аудан әкімі Нұрлан Төлегенұлы Тәжібаев еліміздің қайта түлеуіне бағытталған көлемді мақалада айтылған бастамаларды алдағы уақытта жұмыла жүзеге асыруға шақырды.


Ақпараттық ресурстар