Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Елбасы мақаласы талқыланды


Ағымдағы жылдың 18 мамыр күні Маңғыстау ауылы, Мұнайлы ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімінің Н.Т.Тәжібаевтың қатысуымен Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы  12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі қағидаларын насихаттау мақсатындағы кездесуі өтті.

Жиынға Мұнайлы ауданының зиялы қауым өкілдері, Қоғамдық кеңес мүшелері, ауыл мен ауылдық округ әкімдері, ауыл ақсақалдары, аудан жастары, білім беру ұйымдарының басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Алғашқы сөз кезегін алған  Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты, Мұнайлы аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Т.Әміров :

«Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын оқып шығып, үлкен әсер алдым. Бұл – бүкіл ел мәдениетінің тарихын, рухани мәдениетінің тарихын дәл өлшеп пішіліп, кемелденген азаматтың ойлары. Әсіресе, көптен күтіп жүрген латын әліпбиіне көшу, жазуымызды қалыптастыруға байланысты айтылған мәселесі орынды көтерілді деп ойлаймын» - деді. Сонымен қатар, біздің азаматтарымыздың, әсіресе жастардың, санасын жаһанданудың жағымсыз әсерінен сақтап қойып, халықтың зиялылық-рухани әлеуетіне, Отансүйгіштікке, жоғары азаматтық жауапкершілікке, берекелілік пен ел бірлігіне сүйену өте маңызды екенін, Елбасы мақаласы тек болашаққа бағдар ғана емес, дамудың кешенді жоспарын беретін және негізгі ұстанымдарды түсіндіретін жаңа бағдар екенін айтты.

Одан әрі ақын Ақшагүл Рамазанова Мемлекет басшысы жария­лаған бірегей бағдарламалық құжат барша қазақстандықтың жаппай қолдауына ие болатынына сенім білдірді.

«Туған жер, өскен өңірге деген ыстық сезім азаматты ерлік жасауға қанаттандырады. Елбасы ұсынып отырған «Туған жер» бағдарламасының мақсаты – рухыңды жанитын ұлы дала өркениетін бүгінгі санаға лайықтап, негізге алу. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы – бұл жай ғана мақала емес, бұл біздің кезеңіміздің көрінісі, болашаққа бағдарлама. Болашақтың адамы қандай болуы керек, адамзат рухани санасын сақтау үшін не істеу керегін көрсететін бағдарлама.» - деді ол өз сөзінде.

Кездесу жұмысын қорыта келе, аудан әкімі Нұрлан Төлегенұлы латын әліпбиіне көшу, гуманитарлық білім жүйесін жаңарту, ұлттық мәдениетті шетелге таныту, «Туған жер» бағдарла­ма­сын, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Қазақстанның қасиетті рухани құнды­лықтары» және «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобаларын іске асырудың маңыз­дылығын айрықша атап өтіп,
рухани жаңғыру арқылы еліміз таяу болашақта бірлігі жарасқан біртұтас ұлт ретінде ең дамыған мемлекеттердің қатарына қосылатынына сенім білдірді.


Ақпараттық ресурстар