Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Мұнайлы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы (қаңтар-желтоқсан, 2016 жылғы)


Аудан әкімі  Тәжібаев Нұрлан Төлегенұлы

(2015 жылдың 10 шілдесінен бастап жұмыс жасайды)

Мұнайлы ауданы 2007 жылдың 1 шілдесінде құрылды. 

Жерінің аумағы 492,1 мың кв. метр.

2017 жылдың 1 қаңтар жағдайына халық саны 140,0 мың адам.

Аудан орталығы – Маңғыстау ауылы. Аудан халқының көбі көшіп келушілер есебінен құралған. 

Аудан құрамына 7 ауыл, ауылдық округ кіреді: Маңғыстау, Баянды, Қызылтөбе, Дәулет, Атамекен, Басқұдық және Батыр.

   

  2016 жылы халық саны 140,0 мың адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 8,4 мың адамға өскен. (2015ж –  131,6 мың). (Ескерту: статистикалық мәліметтер бойынша 2016 жылғы халық саны 1 мамыр жағдайына жасақталған).

Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 2016 жылы 58 699,4 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 852,6 млн. теңгеге көбейіп отыр. (2015ж. –51 137,5 млн.теңге).

Өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индекстері – 109,6 % құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға көбейіп тұр.  (2015ж. – 89,8%).

2016 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 18 819,2 млн. теңгені құрап, өткен жылмен  салыстырғанда 10 489 млн. теңгеге азайған. (2015ж – 29 307,4 млн.теңге).Бұл көрсеткіш статистикалық мәліметтерге сәйкес, кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу бойынша 55,8%, көлік және қоймалау бойынша 99%, өткен жылмен салыстырғанда төмендеуінен болып отыр.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2016 жылы 18 678,9 млн. теңгені құрап отыр (2015 ж. – 13 245,1 млн.теңге). Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 33%-ға көбейген.

2016 жылы жалпы көлемі 119,4 мың кв.м. тұрғын үйлер іске қосылды, өткен жылмен салыстырғанда 1,2 мың шаршы метрге көбейген (2015ж –  118,2 мың шаршы метр).

Орташа айлық жалақы өткен жылмен салыстырғанда 8687 теңгеге азайған. Себебі, статистикалық есептіліктің есептеу әдістемесінің өзгеруіне байланысты болып отыр. (2015ж. – 134921 теңге, 2016ж. – 126234 теңге).

2016 жылы 2 228 жұмыс орны құрылып, 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 195 жұмыс орнына көбейген.

Ағымдаға жылдың 1-ші қаңтар жағдайына 234,0 млн.теңгеге 53 кредит берілді ( 01.01.2016 жылы 96 млн.теңгеге 34 кредит)

Жергілікті бюджетке түскен салықтық және салықтық емес түсімдердің нақтыланған бөлігі 4 142 403,4 мың теңге, орындалысы – 4 228 045,7 мың теңге немесе 102,7%.  2017 жылдың 1 қаңтары жағдайына жалпы 85,6 млн.теңгеге артық орындалып отыр,  оның ішінде, табыс салығы-30 млн. теңгеге, әлеуметтік салық – 24,2 млн. теңгеге, меншік салығы – 15,8 млн. теңгеге артық орындалды. 2015 жылы 2016 жылмен салыстырғанда салық түсімдерінің 254 млн.теңгеге артық орындалуы 2015 жылдың аяғында «ЕМИР ОЙЛ» ЖШС-нен аванстық төлем түсуіне байланысты.

  Төлемдер бойынша бюджетке берешек – 119,4 млн.теңге, соның ішінде жергілікті бюджетке – 39 млн.теңге, республикалық бюджетке – 80 млн. теңге. (2015ж. – 9,8 млн.теңге). 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 110 млн. теңгеге көбейіп отыр, оның ішінде 107,6 млн.теңге ірі берешек 7 заңды тұлғамен 2 жеке кәсіпкерлерден құралып отыр. Қазіргі таңда осы мекемелерге салық берешегін өтеу туралы хабарлама жолданды, банк есеп шоттары жабылды, инкассалық өкімдер қойылды.

Бюджет түсімінің орындалысы облыстық және республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттермен субвенцияны қоса есептегенде – 97,5%, бюджет шығындарының орындалысы – 97,4 % құрады.

Шағын кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны 6 167 адамды құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 115 адамға өскен (2015жылы - 6 052).

  Кедейшілік деңгейінен төмен тұратындар саны  18 отбасы, 101 адамды құрайды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 191 адамға азайған (2015ж- 58 отбасы 292 адам).

Денсаулық сақтау саласында медициналық қызмет сапасын жетілдіру және тұрғындардың денсаулығын жақсарту шаралары тұрақты түрде жүргізіліп, бақылануда.

  2016 жылы 1-жасқа дейінгі 47 сәби өлімі тіркеліп, көрсеткіш туылған 1000 сәбиге шаққанда 10,4 промильді құрады. 2015 жылғы көрсеткіш бойынша 50 сәби өлімі тіркелген. (2015 ж.– 11,4 промиль). 

Өкпе ауруына  шалдыққан адамдар саны 89  адамды құрап, 64,2 промильді құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 5,5%-ға төмендеген. (2015 жылы 94 адам, 70,9 промиль).

2016 жылы 4516 бала дүниеге келді, ол өткен жылмен салыстырғанда 126 балаға көбейді. (2015 ж.–4390 бала). 

Өкінішке орай, 2016 жылы денсаулық сақтау саласында 1 ана өлімі тіркелген (диагноз ауыр жағдайдағы преэклампсия, HELP синдром).


Ақпараттық ресурстар