Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Бүгінгі студент – ертеңгі білікті маман


Бүгінгі студент – ертеңгі білікті маман

Кез-келген мемлекет өзінің болашағын өскелең ұрпағымен байланыстырары сөзсіз. Өйткені болашақта  елдің өсіп-өркендеуі бүгінгі жас буынның тікелей еншісінде. Яғни жастар ертеңімізді жасайтын бүгініміз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің сындарлы саясатынан жастар саясатын тысқары қалдырған емес.

Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Мұнайлы ауданының 10 жылдығы аясында, 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай «Бүгінгі студент – ертеңгі білікті маман» тақырыбымен аудан әкімі Н.Т.Тәжібаевтың студент жастармен кездесуі өтті.

Кездесуге зиялы қауым өкілдері,  Қазақстанның түкпір-түкпірінде, шет елдерде  білім алып жатырған ауданның бір топ студенттер мен жоғары оқу орнын бітіріп, өз саласы бойынша ауданымызда еңбек етіп жүрген жас мамандар қатысты.

Аудан әкімі Нұрлан Төлегенұлы жастарды бүгінгі мерекелерімен құттықтап, биік-белестерден көріне берулеріне тілектестік білдірді.

Кездесу барысында студенттер мен жас мамандар  алға қойған мақсаттарымен бөлісіп, еркін пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.

Сондай-ақ, жиынға қатысушы жастар өздерінің өнерден де алыс емес екендіктерін байқатты, бірі ән салса, енді бірі ауданның 10 жылдығына арнап шығарған өлең шумақтарын оқып берді.

Талантты да талапты жастардың бірі - Набира Рахымжанқызы. Ол Минск қаласында өткен әншілер байқауының «Бас жүлдегері».  Қазіргі таңда  Астана қаласындағы Л.Гумилев атындағы университетінің «инженер» мамандығында білім алып жатырған, 4 курс студенті. Болашақта осы мамандықты тәмамдап, ауылға келіп еліміздің дамуына өз үлесімді қосамын деген мақсаты бар екен.

Еліміздің өсіп-өркендеуі жолындағы мемлекеттің алдағы уақытта жетер жетістігі мен алар асулары осы жастарымыздың қолында. Сондықтан да Ұлт Көшбасшысы жастарға саналы білім, сапалы тәрбие ала отырып, салауатты өмір сүруге шақырады.

Жастардың осы жиыннан алған әсері мол болды. Ел болашағы – білімді де білікті жастардың қолында екенін естеп шығармауымыз қажет. Жастарға осы жолдан тайынбай, еліміздің үміті мен сенімін ақтар сауатты тұлғасы болып қалыптасуларына тілектеспіз!


Ақпараттық ресурстар