Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

"Қазақстан - жалғыз ұлы қазақтың!" фестивалі өтті


"Қазақстан - жалғыз ұлы қазақтың!". Осындай атаумен бүгін "Маңғыстау жұлдыздары" байқауының кезекті іріктеу кезеңі Мұнайлы ауданында өтті. Байқаудың мақсаты - жастардың рухани мәдениетін көтеру, талантты өнерпаздарды анықтау. Ауданның 90-ға жуық өнерпазы өз өнерлерін ортаға паш етті. Биыл фестиваль 10-шы рет өтіп жатыр.

Өнерпаздар әр түрлі жанрда өнер көрсетті. Бірі ән салса, бірі мың бұрала биледі. Жалпы байқау 12 аталым бойынша өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың аудиториясы  жылдан-жылға өсіп келеді. Аудандардағы  мәдениет үйлерінің де материалдық-техникалық  базасы жаңарған.  Бұл талантты жастарға  үлкен мүмкіндік беріп отыр.

Фестиваль аясында сөз алған аудан әкімі Нұрлан Төлегенұлы Тәжібаев:

« Құрметті өнер сүйер қауым, көрермендер! Мұнайлы ауданында өз шымылдығын ашқалы отырған 10-шы облыстық «Қазақстан –жалғыз ұлы қазақтың» атты Маңғыстау жұлдыздары өнер фестиваліне қош келдіңіздер! Биыл өз алдына шаңырақ көтерген, түбектегі ең жас аудан Мұнайлыға да 10 жыл толмақшы.» - дей келе,  осы сәйкестікті жақсылыққа балай отырып, аудан өнерпаздары мен әділқазылар алқасына сәттілік тіледі.

Облыстық байқаудың келесі іріктеу кезеңі Қарақия ауданында өтеді. Фестивальдің гала-концерті 19 мамыр күні Ақтауда  қорытындыланады. Мерекелік шара халықаралық мәдениет күніне орайластырылмақ.


Ақпараттық ресурстар