Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі тойланды


Бүгін мұнайлылықтар 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесін көтеріңкі көңіл-күймен, жылдағыдан да ерекше қарсы алды. Өйткені Мұнайлы ауданының 10 жылдық мерекесі шеңберінде өткізіліп отырған бұл мерекенің маңызы айрықша.

Бірлік күніне орай ұйымдастырылған шарада мекеме-кәсіпорын ұжымдарының қатысуымен аудан орталығы – Маңғыстау  ауылында салтанатты шеру өтті.

Одан әрі жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Тыныштық-тілегіміз, тұрақтылық-тірегіміз» тақырыбындағы  II ауыл жастары фестивалінің гала-концертіне ұласты.

25-28 сәуір аралығында әрбір ауыл, ауылдық округтерте  ауыл жастары фестивалінің іріктеу кезеңі өткен болатын.

Фестивальдің мақсаты: Еліміздегі  халықтардың салт-дәстүрін, мәдениетін, ұлттық тағамдарын, ұлттық киімдерін насихаттау, дарынды, талантты жастарды анықтау, жастарды түрлі ұлт өкілдеріне толерантты көзқарасқа тәрбиелеу, ауыл жастарының бірлік қарым-қатынасын нығайту.

Ауданның 10 жылдығы аясында, Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған «Тыныштық-тілегіміз, тұрақтылық-тірегіміз» тақырыбындағы  II ауыл жастары фестивалінің жеңімпаздары :

I орынды – Атамекен ауылдық округі,  II орынды- Баянды ауылы,  III орынды - Қызылтөбе ауылдық округі және бас жүлде Басқұдық ауылдық округі қанжығасына байлады.

Шара аясында Мұнайлы ауданы әкімі Тәжібаев Нұрлан Төлегенұлы аудан тұрғындарын татулық пен келісімнің нұрына малынған 1 Мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен құттықтап, фестиваль жеңімпаздарына «Alser» сауда үйінің сертификаттарын табыстады.

Концерт өтіп жатқан алаңда ауыл мен ауылдық округтер жастары дайындаған әрбір ұлттың ұлттық тағамдар дастарханы, ауылдың макеті,  қолөнер бұйымдары, сурет көрмесі орналастырылды. Мерекеде түрлі этностардың ұлттық ерекшеліктеріне сәйкес би билеп, әндер шырқалды. Сондай-ақ алаңда ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.

Осындай жарқын болашақта үлкен үміт күткен  ауданда Маңғыстау мұнайын игеруге келген түрлі ұлттармен бірлікте,  ынтымақта, қоян-қолтық жұмыс жасап, туысқандықтың жарқын көрсете білді.  

Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым  берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін! Мереке құтты болсын! 


Ақпараттық ресурстар