Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Ұлы Отан соғысы ардагеріне құрмет көрсетілді


Мереке қарсаңында Мұнайлы ауданы әкімі Нұрлан Төлегенұлы Тәжібаев бастаған топ Ұлы Отан соғысы ардагері Утаев Абдулла атаның үйіне барып, 7 мамыр Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 72 жылдығымен құттықтады. Аудан әкімі  алдымен кешегі қанды қырғында қан кешкен қарияның қал-жағдайымен танысып, амандық-саулық сұрасты.

Жылда өз өмірін, соғыстағы ауыр күндері туралы сыр шертіп отыратын қария, биыл да Ұлы Жеңіспен құттықтай келгендерді жылы шыраймен қарсы алып, елеп-ескеріп жатқандары үшін рахметін жеткізді.

Айта кетсек, ағымдағы жылдың сәуір айында  95 жастың төріне шығып, жүріс-тұрысы қиындаған Абдулла  ақсақалға өңір басшының ардагерге арнаған бірін үйінде қолданатын, екіншісін тысқа шыққанда пайдаланатын қол арбалары тапсырылған болатын.

Осынау мереке қарсаңында аудан әкімі Нұрлан Төлегенұлы Тәжібаев қарияға сый-сияпат табыстап, ҚР Премьер-министрі Б.Сағынтаевтың құттықтау хатын оқып берді.

Аудан әкімінің қамқорлығына риза болған қарт дәм-тұздан ауыз тиіп, келгендерге ақ батасын берді.


Ақпараттық ресурстар