Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Аудан жастары бастаған отряд «Қараман-ата» қорымына сенбілікке барды


6 мамыр күні, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауына орай, «Туған өлке» жобасы аясында, аудан жастары бастаған отряд  «Қараман-ата» қорымына сенбілікке барды. «Туған өлке» жобасының мақсаты  Мұнайлы ауданы жастарын Маңғыстау өңірінің тарихи мұраларымен таныстыру, атадан балаға қалған асыл құндылықтарымызды сақтау, тазалық жұмыстарын жүргізу. Дәл осы мақсатпен Мұнайлы аудан әкімі орынбасары  Б.Біләлов, Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С.Ноғаева, Жастар ресурстық орталығының директоры  Г.Себепбаева  және  аудан жастары  алғашқы сапарын «Қараман-ата» қорымынан бастады.  Қараман ата қорымы құмтастан салынған архитектуралық құрылыстардың (мазарлар, сағанатам, сандықтас, құлпытас, қабір үстіндегі қойтас және тағы басқа) әрқайсысы өзінің саналуандығымен ерекшеленеді. Олар халық архитектурасын айғақтайтын ашық аспан астындағы мұражай іспеттес.

Бұл сапарымыздың қадірлі қонағы, өлкетанушы  Еділханов Алхажан атамыз қорымның тарихынан сыр шертті.

Аудан жастары Қараман ата жер асты мешіті, құлпытастар және жартылай қираған алты қырлы кесенелерді тамашалап, аспан асты мұражайымызға көгалдандыру  жұмыстарын жүргізді.

Алдағы уақытта  «Туған өлке» жобасы аясында, аудан жастары   Маңғыстау өңірінің өзге де тарихи жерлеріне саяхаттап шықпақ.


Ақпараттық ресурстар