Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

«Сұңқар» жекеменшік балабақшасы пайдаланылуға берілді


Мұнайлы ауданының халқы жыл санап артып келе жатыр. Сонымен қатар, әлеуметтік нысандар да көптеп бой көтеруде.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында Мұнайлы ауданы Қызылтөбе-2 елді-мекенінен 50-орындық «Сұңқар» жекеменшік  балабақшасы пайдаланылуға берілді.  Аудан әкімі Нұрлан Төлегенұлы ауыл ақсақалдарымен бірге ғимараттың лентасын қиды.

Бүгінгі таңда Мұнайлы ауданында 11 мемлекеттік балабақша,  22 жекеменшік, 4 шағын орталық жұмыс жасап келеді. Бұл балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтудың  70 пайызын құрайды.

Тәуелсіздік алғалы тұңғыш ашылған, биыл 10 жыл толғалы тұрған ауданның әлеуметтік саладағы жеткен жетістіктерінің барлығы да Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының жемісі.

Аудан әкімі Нұрлан Төлегенұлы мен бір топ зиялы қауым өкілдері балаларды мерекемен құттықтап, жаңа балабақшаның табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршіндерге еліміздің атын асқақтатар саналы азамат пен азаматша болуларына тілектестік білдірді.

«Сұңқар» балабақшасында 2 деңгейлі 2 топ тәрбиеленеді. Балалар ана тілінде тәлім алғаны өз алдына,орыс және ағылшын тілдерін де үйренеді. Ән салып, хореографиямен де  шұғылдануға мүмкіндік қарастырылған.Оларға 17 маман тәлім береді.

Жыл соңына дейін тағы 4 балабақша іске қосылмақ. Олар Қызылтөбе, Қызылтөбе-2, Маңғыстау -3 және Батыр ауылында салынбақ. Осы қарқынмен дамыған аудан 2020- ға  дейін Елбасы тапсырмасын толық орындауға мүмкіндігі бар. 


Ақпараттық ресурстар