Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Рамазан айы – он екі айдың сұлтаны


Рамазан айы – он екі айдың сұлтаны, берекелі, кешірімі мол ай. Сабырлылық пен төзімділікке шақыратын осы айға әлемнің барша мұсылмандары айрықша құрметпен қарап, ауыз бекітіп, пітір - садақаларын таратып, қамқорлықты қажет ететін жандарға қолдау көрсетіп, сауабы мол амалдарды көптеп жасауға асығады.

Қасиетті жұма күні аудан әкімі  Нұрлан Төлегенұлы Тәжібаев ауыз бекіткен ардақты ақсақалдар, ақ жаулықты аналарға, имамдарға, зиялы қауым өкілдеріне, мекеме қызметкерлеріне арнап «Жеңіс» мейрамханасында ауызашар берді. 
Кең дастархан басында орталық «Ар-Рахман»  мешітінің  бас имамы Айдос Муталиев ораза ұстаудың тиімділігі мен Рамазан айының қасиетін сөз етті.
Ораза ұстау тек ішіп-жеуден тыйылу емес, ораза-рухтың азығы, тәннің шипасы екендігіне тоқтала келе, ізгі ниетін білдірді.

Мұнайлы аудандық орталық «Ар-Рахман» мешіті ақсақалдар кеңесінің төрағасы, аудандық Қоғамдық кеңестің және аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының белсенді мүшесі Егізқараев Құлжан дінге құрмет, елге құрмет екендігін, дін-құндылық болып табылатындығын әңгімеледі. Сонымен қатар, ауыл ақсақалдары ислам дінінің құндылықтарын айтып, ораза ұстаған жамағатқа ауызашар беріп, сауапты іс атқарып отырған аудан басшысына алғыс сезімдерін білдіріп, келешектегі келелі істеріне табыс тіледі.

Шара барысында Маңғыстау ауылындағы «Миғраж» мешітінің имамы Руслан Баймұханов, Баянды ауылдық мешітінің имамы Саламат Айтбаев, Қызылтөбе ауылдық мешітінің имамы Айғабыл Шаденов  ораза тұтқан жандарды Қасиетті Рамазан айымен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді. 
Ауызашар жиынының соңында өмірден өткен ата-бабалар рухына құран бағышталды.

Діннің басты мақсаты-бірлік, татулық пен тыныштықты сақтау.  Ата дініміз адамдарды бауырмалдық пен кішіпейілділікке, кешірімділік пен сүйіспеншілікке, адамды қадір тұтуға үндейді. 


Ақпараттық ресурстар