Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

«Биікке самғау жолында»


Маусым айының 28 күні Маңғыстау ауылындағы «»Ақшам» мейрамханасында «Биікке самғау жолында» тақырыбындағы  аудан әкімі Нұрлан Тәжібаевтың мектепті үздік аяқтап «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлері атанған жас дарындармен кездесу кеші өтті.

Бұл балалардың әрқайсысы өзіндік ерекшелікке ие, бір-біріне ұқсамайды. Бірақ оларды біріктіретін ортақ қасиет – білімге деген құштарлық, ізденімпаздық, мақсаттың айқындығы және еңбекқорлық.

Салтанатты шарада №1 орта мектептің түлегі, ауданның ең алғашқы «Алтын белгі» иегері Перизат Жолбаева сөз сөйлеп, «Мектептен алған білімім, өмірге азығым» тақырыбында ой қозғады.

Одан әрі, сөз кезегі Мұнайлы ауданының әкімі Тәжібаев Нұрлан Төлегенұлына берілді:

«Құрметті оқушылар! Қадірлі ұстаздар мен ата-аналар! Бүгін баршамыз үшін, ата-ана үшін баласының, ұстаздар үшін маңдай тері - шәкіртінің үкі таққан тамаша сәті. Ал бүкіл ел үшін – азаматқа үміт артқан тарихи мезет. Қуаныштарыңыз құтты болсын!

Қа­зір­­гідей білім үстемдік құрған за­ман­да, жастарға барлық жағынан мүмкіндік берілген. Жігіттеріміз бен қыз­дарымыз бойына жинаған білімін елінің игілігі жолына жұм­сап, өмірден өз орнын алуына жол да ашық. Міне, осы ретте жастарға қояр бір ғана та­лап – сол мүмкіндікті құр жібе­ріп алмай, ақыл мен парасатын жан-жақты ұштап отыруларыңыз қажет.

Сіздер бүгін өмірдің алғашқы межесінен өттіңіздер. Ендігі тағдыр өз қолдарыңызда. Бұл мақсат-міндеттің де үдесінен шығып, табыс биігіне ту тігетіндеріңізге кәміл сенімдімін!»- дей келе, оқушыларға сәт-сапар тіледі.

Одан әрі, аудан  басшысы Нұрлан Тәжібаев өз білімдерін дәлелдеп шыққан озат түлектерге «Алтын белгі»  төсбелгілері мен естелік сыйлықтар, ата-аналарына Алғыс  табыстады. Осы кеште жан-жақтылығымен биікті бағындыра білген оқушылар, ауданның 10 жылдығына орай аудан басшысына қолөнер туындысын сыйға тарту етті.

Биылғы оқу жылында аудан бойынша 21 түлек «Алтын белгі», 31 түлек «Үздік аттестат» иесі атанып, үкілеген үмітті ақтап шықты. Өткен жылы бұл көрсеткіш 11 «Алтын белгі»,  17 «Үздік аттестат» болатын. Кешегі жаңа форматта өткен Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде ауданымыз облыс бойынша 2 орында болып, орта есептік көрсеткіш 80.0 баллды құрап отыр. Бұл жақсы көрсеткіш. Облыс деңгейінде ауданымыз бойынша Қызылтөбе лицейі мен №1, №5 орта мектептер жоғары көрсеткішке ие болып, үздік ондықтан көрініп отыр.  Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында екені сөзсіз. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне мықты көңіл бөлінуде. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім.

Осы жолда елеулі еңбек етіп жүрген бірқатар ұстаздар қауымы аудан әкімі атынан Алғыс хатпен марапатталды.

Жиын соңы, мектеп бітіруші жас  түлектердің дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.


Ақпараттық ресурстар