Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Қоғам қайраткерлері Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылап, мәнін түсіндірді


Маңғыстау өңіріне арнайы келген Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман мен Мәдениет қайраткері, Қазақстан Гуманитарлық Ғылымдар академиясының академигі, ақын Болат Шарахымбай бүгін Мұнайлы ауданына ат басын тіреді. Олар Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылап, мәнін түсіндірді. Жиынға ауданның зиялы қауым өкілдері қатысып, өз ойларын жеткізді.

Рухани жаңғыру - қазақтың тарихи мүмкіндігі. Ұлт болып ұйысып, еңсені тіктейтін уақыттың кезеңі. Ол үшін салтты жаңғыртып,  ұлттық кодты сақтау керек.  Ал, бұл - тегімізді танудан басталады. Баланы жастай қазақ болуға тәрбиелеумен жалғасады. Жиынға келген Жүрсін Ерман мақаланың мәнін осылай бағалады.

Маңғыстаудың тарихы құпияға толы. Мұнда салт-дәстүр де киелі орындар да сақталған. Сондықтан "Туған жер" бағдарламасындағы шараларды осы өңірден бастау керек. Өңірге арнайы келген Болат Шарахымбай осындай пікір ұстанады.

Мақаланың мән-мағынасын ұтымды ойларымен жеткізген қос ақын, шығармашылықтарында біршама сыр шертіп, өлеңдерін жиналған қауымға оқып берді.

Түбек теміржолына 40 жыл еңбегі сіңген ардагер, Құрметті теміржолшы, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Мұнайлы ауданының Құрметті азаматы Амандық Алдаберген жақында жарыққа шыққан «Аманат» атты кітабын қонақтарға тарту етті.

Жиын соңында, ауданның зиялы қауым өкілдері ақындарға алғыстарын білдіріп, сапарларына сәттілік тіледі. Ұлттық болмысты ұлықтаған делегаттар 2 күн бойы елді-мекендерді аралап, тұрғындармен кездеспек. 


Ақпараттық ресурстар