Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Теміржолшылар күні


Бүгін теміржолшылар үшін үлкен мереке. Теміржолда жұмыс жасап жүрген кісілердің ерен еңбегі, күннің ыстығы мен суығында еңбек етіп, халық шаруашылығын дамытуға, жолаушыларды тасымалдауға қосқан үлестері аз емес.

Осынау атаулы күні Маңғыстау ауылы, №5 орта мектепте Мұнайлы ауданының және Маңғыстау жол бөлімшесінің  10 жылдық мерейтойлары  аясында, көлік саласы қызметкерлері күні аталып өтті.

Алғашында Маңғыстау теміржол бөлімшесі Атырау облысының  қарамағында болды. Ал 2007 жылдан бері бөлек бөлініп шықты. 400 қызметкермен басталған жұмыс қазіргі таңда бес мыңнан аса маманмен толықты. Теміржол мен пойыз өндірістік инфрақұрылымның маңызды бөлшегі.

Алдымен мерекелік концертте Маңғыстау теміржол  бөлімшесінің  10 жылдық мерейтойының  құрметіне арнайы  дайындалған бейнеролик тамашаланды.

Салтанатты шара басында аудан әкімі Нұрлан Төлегенұлы көлік саласының қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, бір топ теміржол саласындағы еңбек озаттарын Алғыспен марапаттады.

Шара аясында, Маңғыстау теміржолы саласында  абыройлы еңбек етіп, ел қошеметіне бөленген ардагер теміржолшы ағаларымыз да сөз сөйледі. Соның бірі Уәзір Қожахмет Шабайұлы. Осы кәсіптің жілігін шағып, майын ішкен Қожахмет Уәзір сол кезде Маңғыстау теміржол бөлімшесін ашу оңайға соқпағанын, жылдап күткенін қазір күліп еске алады. Ол теміржол саласына 40 жыл ғұмырын  арнаған.

Сонымен қатар, осы күні сала ардагерлері ардақталып, 120 маман ерен еңбектері үшін марапатталды.

«10 жылдағы қиыншылықтар мен қуаныштарымызды бүгін теміржолшылармен бөлісіп жатырмыз. 2007 жылы Маңғыстау теміржолы 814 шақырым болатын көлемі, биыл 1349 км-ге жетті. Сол кезде 39 станция болатын болса, қазір 59 станцияға жетіп отыр » - деді Маңғыстау жүк тасымал бөлімшесінің директоры Нәжімедин Ғұбашов.

Жас теміржолшылар ауданның атынан түрлі сайыстарға қатысып, «жүздік жүйрік, мыңнан тұлпар» екенін дәлелдеп жүр.

Атап өтсек: Қазақстан теміржолы кәсіби одағының 25-жылдығына орай өткізілген шағын футболдан Республикалық турнирде 1-орын, Қазақстан теміржолы компаниясының ұйымдастыруымен Бурабай қаласында өткізілген «Сен болмасаң, кім?» жастар лагерінде «ҚТЖ СТАР» атты жанды дауыста ән айту конкурсында бас жүлде және т.б.

Одан әрі, облыстық филармония және аудан өнерпаздарының мерекелік ән шашуына ұласты.

Мерекелік шарадан кейін, салтанатты түрде ҚТЖ «Маңғыстау жол бөлімшесі»  ғимаратының алдында  бөлімшенің ашылуына зор үлесін қосқан қызметкерлер мен еңбек ардагерлерінің құрметіне ескерткіш ашылды.


Ақпараттық ресурстар