Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Халықаралық жастар, Каспий, спорт және туризм күні мерекелері аталып өтті


Халықаралық жастар, Каспий, спорт және туризм күні мерекелері аталып өтті

Ұлттың үміті – жастар. Саналы, білімді, белсенді жастары бар елдің еңсесі биік, болашағы қашанда зор болмақ. Жастар күні -   2000 жылы 12 тамыздан бастап аталып өтуде. Халықаралық жастар күнін атап өтудің басты мақсаты – дүниежүзі бойынша жастар жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды тарату болып табылады.

Тамыз айының 11 күні Маңғыстау  ауылы, «Жастар алаңында»  Халықаралық жастар, Каспий, спорт және туризм күні мерекелері аясында «Ел болашағы - Жастар» тақырыбымен жастар кеші өтті.

Осындай атаулы күні жастарды аудан әкімі Нұрлан Төлегенұлы Тәжібаев мерекелерімен құттықтап, әрдайым ел сенімін ақтап, биіктерден көріне берулеріне  тілектестік білдірді.

Мұнайлы ауданының жастары қай салада болмасын белсенділік танытып, өздерінің ерік-жігерімен, білімімен еңбек етіп, өз мамандығының шебері ретінде танылып жүр. Мерекелік кеште ауданның өсіп өркендеуі мен қоғамдық дамуына белсенді араласып, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға үлесін қосып  жүрген бір топ жастар аудан әкімінің Алғысымен марапатталды.

Сондай-ақ, Елімізде Президенттің қаулысымен 1998 жылдан бастап спорт және туризм күні ретінде аталып өтіледі.

Ауданымыздың мерейін үстем етіп, табыстарды еңсеріп жүрген жас спортшыларымыз да жетерлік. Қазіргі таңда жастар арасында  2 спорт шебері, 22  спорт шеберіне үміткерлер бар.

«Жастар алаңына» жиналған көпшілік қауым аудан спортшыларының  каратэ-до, грек-рим күресі, еркін күрес және қазақша күрес сынды спорттық қойылымдарын  тамашалады.

Сонымен қатар, ауданның 50-ге жуық өнерпаз жастары ән салып, мың бұрала би билеп өнерлерін ортаға паш етті.

Шара соңы, жастардың би кешіне ұласты.


Ақпараттық ресурстар