Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Мұнайлы аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының бекітілген жұмыс кестесіне орай кездесулер өз жалғасын табуда


Мұнайлы аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының бекітілген жұмыс кестесіне орай кездесулер өз жалғасын табуда.

Кезекті жиын, Атамекен БМСҚКО, Басқұдық БМСҚКО, Батыр БМСҚКО, Қызылтөбе БМСҚКО,  Дәулет, Маңғыстау ауылдық округтеріне қарасты спорт мектебінде, аудандық орталық кітапханада өтті.

ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі  2013-2017 жылдарға  арналған мемлекеттік бағдарлама аясында аудан бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып келеді.

Қазіргі таңда «діни экстремизм мен терроризм» қоғамда, жалпы дүниежүзінде белең алып бара жатырған күрделі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осыған байланысты еліміздің, оның ішінде ауданымыздың тұрғындарын түрлі ағымдардың жетегінде кетіп қалмауы үшін көңіл бөлінуі керек.

Жиындарда діннің мағынасын кеңінен насихаттап жүрген Мұнайлы аудандық орталық «Ар-Рахман» мешіті ақсақалдар кеңесінің төрағасы, аудандық Қоғамдық кеңестің және аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының белсенді мүшесі Егізқараев Құлжан дінге құрмет, елге құрмет екендігін, дін-құндылық болып табылатындығын және жастарымызға келеңсіз жағдайлардың өрмегіне түсіп қалмауды ескертіп, ақиқат пен жалғанның ара жігін ашып түсіндірді.

Халқымызда «Байлық – байлық емес, бірлік – байлық» деген нақыл сөз бар. Діннің мақсаты – ізгілік, береке мен бірлік. Ислам діні мемлекетте, қоғамда тыныштық, әділдік болуын көздейді. Адамды соған тәрбиелейді. Ахмет Байтұрсынұлы бабамыз: «Қазіргі заман – өткен заманның баласы, болашақ заманның атасы», - деген. Ортақ Отанымыз – Қазақстан халқының бүгінгі бірлігі мен татулығы болашақ заман үшін үлгі өнеге, өсиет болып қала бермек. 
Жастардың терең біліммен қаруланып, рухани жан-дүниесінің де бай, инабатты да иманды жеке тұлға ретінде қалыптасуында ата дініміз, асыл-құндылығымыз – ислам дінінің алар орны мен атқарар рөлі ерекше. 

Бүгінгі күндегі ислам атын жамылып, әлеуметтік желілер, сайттар ашып қоғамға жат әрекеттер жасап жүрген түрлі секталар мен діни ағымдардың тигізіп жатқан зардаптары да жетерлік. Біздің кейбір жастарымызды елімізге ентелей енген жат ағымдар мен секталар өз жетектеріне ертіп әкетуде. Сондықтан бізге ең алдымен рухани білім керек.

Осы орайда, Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары Рахмет Садық Рашидұлы мен Тұрғанбай Нұрсерік Жалғасұлы тек рұқсат етілген сайттарға ғана кіріп, керекті мәліметтерді алуға болатындығын ескертті.(http://muftyat.kz, http://udr.mangystau.kz)

Қоғам болып жұмылып, рухани тәрбиенің бірден-бір көзі болып саналатын дінімізді сақтап, қорғап, мұсылманшылық пен имандылықтың өркен жайып, халыққа қызмет етуіне себепші болайық!


Ақпараттық ресурстар