Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Тамыз кеңесі


«Экспо-2017». Бүгінгі өткен тамыз кеңесіне осындай тақырыпта көрме дайындалған. Оқушылардың өткен оқу жылында сабақтан тыс үйірмелерде жасаған туындыларын көпшілік жоғары бағалады.

Жаңа оқу жылында білім беру жүйесіне енгізілетін жаңалықтар көп. Бұл туралы бүгін Атамекен ауылдық округі, №12 мектепте  саланың 400-ден астам қызметкері бас қосқан тамыз кеңесінде сөз болды. Биылғы тақырып - «Қазақстанның жаңғыруы 3.0.-білімнің үлесі» деп алынды.

Тамыз кеңесі - бұл тамыры терең, тағылымы мол, айтары айқын, мақсаты тың тақырыптарды талқыға салатын - жауапты жиын. Жыл сайынғы өтетін дәстүрлі тамыз кеңесі биылда өз деңгейінде жақсы өтті.

Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Тастемірова Зейнеп Жұмағалиқызы және аудан әкімі Тәжібаев Нұрлан Төлегенұлының қатысуымен өткен алқалы жиында  оқу жылының жетістіктері сараланды, келер жылдың бағыттары айқындалып, сала үздіктері марапатталды.

Зейнеп Тастемірова - МО білім басқармасының басшысы : «Біз алдағы 3 жылдық кезеңде мына нәтижелерге қол жеткіземіз: тұрғылықты орнына, әлеуметтік мәртебесіне, қаржы жағдайына қарамастан, білім беру жүйесін тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету, білім беру жүйесінің инфрақұрылымын жаңарту, балаларымыздың өз мақсаттарына кедергісіз жетуіне жағдай жасау» - дей келе, барша ұстаздар қауымын алдағы оқу жылындағы жұмыстарына толағай табыстар тіледі.

Елбасымыз, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050» даму стратегиясында бірегей білім беру мен ұлттық  білім берудің сапасын жақсарту қажеттілігін ерекше атап өткен болатын. Білім саласындағы негізгі дамуымыз - «Ұлт жоспары -100 нақты қадамы». Осы орайда басты міндет - білім сапасын 30 дамыған елдің деңгейіне көтеру болып табылады.

Мұнайлы ауданының білім бөлімі осы міндеттерді басшылыққа ала отырып ауқымды жұмыстардың жүргізіліп жатырғандығын айтып өткен білім бөлімінің басшысы Овезов Есен Орынбасарұлы, өткен оқу жылында атқарылған іс-шаралар мен алдағы жоспарлар туралы  баяндама жасады.

Нәтижеге бағытталған білім беру моделіндегі білім сапасын жетілдірудің жаңа бағыттары жөнінде бірнеше баяндамалар оқылды.

Тамыз кеңесінде  ұлағатты ұстаздар қауымын аудан басшысы да құттықтап, ұстаздарға облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен алғыстары, аудан әкімінің алғыстары тапсырылды.

Жиын соңында, білім бөлімінің басшысы Овезов Есен Орынбасарұлы  жаңа оқу жылының сәтті өтуіне ізгі ниетін білдіріп, оқушылардың білімді азамат болып аттануына зор үлесін қосып жүрген ұстаздарға білім бөлімінің алғысы мен бағалы сыйлықтарын табыстады.


Ақпараттық ресурстар