Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Астана күніне орай спорттық жарыстар  өтті


Астана күніне орай спорттық жарыстар  өтті

Бүгінде Астана мемлекетіміз бен халқымыз үшін үлкен мүмкіндіктер мекеніне айналып үлгерді. Астана тарихы — тәуелсіз жас мемлекетіміздің жылнамасында алтын әріппен жазылды.

Осы бір қысқа уақыт ішінде Отанымыздың астанасы жалпыұлттық мақтанышымызға айналып, «Әлем қаласы» дәрежесіне ие болды.

Осынау мереке күні  Мұнайлы ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында спорттық ойын түрлерінен жарыс өтті.

Мемлекеттік қызметшілер волейбол, үстел теннисі, садақ ату, мылтық ату, бильярд бойынша өнер көрсетіп, өзара бақ сынасты. 
Сайыс мемлекеттік қызметкерлер арасында  бұқаралық спортты дамыта отырып, оларды дене шынықтыру мен спортпен жүйелi түрде айналысуға тарту, саламатты өмiр салтын насихаттау және спорт арқылы достық қатынасты орнату мақсатында ұйымдастырылды.

Астана күніне орай өткізіліп отырған спорттық шараның барлық дерлік түріне аудан әкімі Нұрлан Төлегенұлы да қатысып, спортты әрдайым жанына серік ететінін көрсетті.Ең алдымен волейбол мен үстел теннисі Атамекен ауылдық округі, №12 орта мектепте өткен болатын. Оған аудан әкімі, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, ауыл мен ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысты.

Одан әрі, Атамекен ауылдық округінде орналасқан «In Gana» атқыштар-спорт кешенінде садақ пен  мылтық атудан,  Маңғыстау ауылына қарасты «Мұнайлы» лаундж-барында бильярдтан жарыс өтті.

Сайыс қорытындысы бойынша:

Воллейбол

1 орын – Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының командасы

2 орын – Атамекен ауылдық округінің командасы

3 орын – Аудандық білім бөлімінің командасы

Үстел теннисі

1 орын –Б.Түрегелдиев

2 орын – М.Жидебаев

3 орын – Ж.Айберген

Садақ ату

1 орын – Қандыбаев Байқадам

2 орын – Арипов Осман

3 орын – Құдашев Бауыржан

 Бильярд

1 орын – Қалқатай Өтемұратов

2 орын – Берік Түрегелдиев

3 орын – Кенжебаев Серік

Жеңімпаздар аудан әкімінің кубок, медаль және Алғыс хаттарымен марапатталды.


Ақпараттық ресурстар