Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров Мұнайлы ауданына ат басын тіреді


Спорт — киелі жол. Спортшыдан  қыран тектес мінезді, сұңқарша қанат қағу үшін  ерік-жігер, төзімділікті талап етеді. Спортты жастайынан жанына серік еткен жандардың бірі – Жақсылық Үшкемпіров. Ол қазаққа қырын қараған ке­шегі Кеңестік кезеңнің өзінде де жылқы мінезді тарпаңдығын танытып, боз кілемнің шаңын қақты. Бодандық бұғауындағы елінің еңсесін көтеріп, өскелең ұрпаққа ерлігімен өрліктің дәнін септі, ұлттың мерейін тасытты. Қайсар азамат грек-рим күресінен 29 жасында Олимп шыңын бағындырды. Осылайша төрткүл дүниеге қазақтың атын мәшһүр етті. 

Олимпиада чемпионы  Жақсылық Үшкемпіров қыркүйек айының 21 күні Мұнайлы ауданына ат басын тіреді. Ол Басқұдық ауылдық округіндегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жастарымен кездесіп, өзінің өмірі мен спорт жолындағы ғұмырынан сыр шертті. Сонымен қатар,  жас ауданның 10 жылдығымен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

Одан әрі, Маңғыстау мейманына дәстүрге сай шапан жауып, құрмет көрсетілді. Қайсар азамат  спорт мектебінің ұжымына қазақстандық спортшылардың ғұмырынан сыр шертілген « Золотой  Олимпийский маршрут» кітабын тарту етті.

Кездесу соңында, чемпион жас спортшыларға  ақ батасын берді.


Ақпараттық ресурстар