Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Басқұдық ауылдық округінде велошеру өтті


Қыркүйек айының 23 күні Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мұнайлы ауданы және Басқұдық ауылдық округінің 10 жылдығына және «Ұстаздар күні» мерекесіне орай, Басқұдық ауылдық округінде велошеру өтті. №9 орта мектеп алаңынан бастау алған спорттық іс-шарада аудан әкімінің кеңесшісі Нұфтулла Қамысбайұлы Қаржаубаев  сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Салауатты өмір салтын ұстанған ауыл тұрғындарының қатысу деңгейі жоғары. Бұл спорттың бұқаралық сипат алғанын білдіреді.

Ауылдық округтің негізгі көшелері арқылы Басқұдық сауда орталығының қиылысына дейін жалғасты. Бас­ты мақсат: ел бірлігін бекемдеу және халықтың спортқа деген оң көзқарасын қалыптастырады деді ауылдық округ әкімі аппаратының спорт жөніндегі нұсқаушы маманы Санжар Сүлейменов.

Құттықтау сөзден кейін велошеруге қатысушылар «Алау» және «Маржан» тұрғын үй массивтерінің Барыс, Еңбекші көшелері арқылы «Ақтау-Маңғыстау» орталық автожолына қарай бағыт алды.

Спортты серік еткен жандарды белсенді қатысуымен өткен велошеру Басқұдық №9 орта мектептің ауласында қорытындыланып, Басқұдық ауылдық округінің әкімі Өсер Тоқтағанұлы Тлепов сөз сөйледі. Велошерудің тиімділігі туралы айтып өткен  ауылдық округінің әкімі спорттық шараға белсенді қатысушыларға алғысын білдірді.


Ақпараттық ресурстар