Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

«Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол»


Халықаралық қарттар күні - бұл аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміздің мерекесі. Бұл - жан дүниенің жомарттығы мен адамдық даналықтың, азаматтықтың кемел шағына деген құрмет. Ал үлкендерге құрмет көрсету - халықтың мәдениеттілігін сипаттайтын негізгі белгі. Халқымызда «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар. Жас ұрпақтың басты мақсаты ешбір зейнеткердің ұмыт қалмауы болып табылады. 

Қыркүйек айының 29 күні "Руханижаңғыру" бағдарламасы аясында қарттар күніне орай Маңғыстау ауылындағы «Дәстүр» мейрамханасында  Мұнайлы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен мерекелік дастархан жайылды.

Мерекелік дастарханды аудан басшысы Тәжібаев Нұрлан Төлегенұлы мерекелік құттықтау сөздерімен ашып, ізгі тілегін жеткізді. Одан әрі, мәслихат хатшысы Б.Назар, ауыл ақсақалдары, ардагер ұстаздар қазыналы қарттарымызды  мерекелерімен құттықтап, жүрек жарды тілектерін арнады.

Осынау мереке күні шат-шадыман көңіл-күймен ауыл ақсақалдары мерекелік дастарханнан дәм татып, «Өнер» мектебі шәкірттерінің өнерлерін тамашалады.

Мерекелік дастарханнан кейін, дән риза болған ақсақалдар ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.


Ақпараттық ресурстар