Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

«Мұнайлы ауданының 10 жылдығы» төсбелгісімен марапаттаудың алғашқы легі басталды


«Мұнайлы ауданының 10 жылдығы» төсбелгісімен марапаттаудың алғашқы легі басталды

Биыл Мұнайлы ауданына 10 жыл. Аудан іргетасы қаланғаннан бері қарай тек алға өрлеу мен өркендеудің, жаңа дәуір көшіне ілесудің бағытын ұстанып келеді. Алыс-жақын шетелдерден келген қандас бауырларымыздың көптеп қоныс аударуының нәтижесінде халық саны өсіп, елді мекендер ашылды. Алғашқы кезде 43 мың тұрғын болса, бүгінде 140 мыңнан асты. Ынтымағы мен бірлігі айрандай ұйыған аудан халқы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, еңбек майданының көрігін қыздыра білді. Соның арқасында ауылдар ашылып, онда мектептер, балабақшалар, емдеу орындары, халыққа қызмет көрсету нысандары бой көтерді. Әрине, мұның бәрі жайдан-жай келе салған жетістік емес, мұның астарында үлкен тынымсыз еңбек жатқанын аңғарамыз. Ел басқарған азаматтар күнді-күн, түнді-түн демей еңбектенгенін көреміз. Төгілген маңдай тердің иісін сезінеміз. Қажырлы жұмыстардың атқарылғанын  білеміз.

Қыркүйек айының 29 күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Мұнайлы ауданының 10 жылдығына орай, мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген сүбелі еңбегі мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан салмақты үлесі үшін бірнеше сала қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты жиында аудан әкімі Н.Тәжібаев ауданның  10 жылдық мерейтойымен құттықтап, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына үздіксіз үлес қосып келе жатырған азаматтарға «Мұнайлы ауданының 10 жылдығына» арнайы әзірленген мерекелік медальдар табыстады.

10 жыл азғана уақыт болғанымен толағай еңбектердің орын алған жарқын көрінісін аңғару қиын болмас. Бүгінде қаз-қатар тізілген тұрғын үйлерді, түрлі нысандарды, елді мекендерді жалғап жатқан жолдарды салу үшін  мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие болғанын байқаймыз. Әлі де Тәуелсіз мемлекетіміз аудан үшін қамқорлығын аямайтыны айдай анық.


Ақпараттық ресурстар