Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Теміржолшылар марапатталды


 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылатын Мұнайлы ауданының 10 жылдық мерейтойына да санаулы күндер қалды.

Өткен 10 жыл ішінде халқы тығыз орналасқан аудан аумағында жаңадан елді мекендер ашылып, заманауи тұрғын үйлер бой көтерді. Мектеп, балабақша, емдеу орындары, тұрмыстық қызмет көрсету орталықтары, жолдар салынып, газ, электр желісі тартылып, ауыз су жүйесі жүргізілді. Бүгінде барлық нысандар халық игілігі үшін қызмет атқарып тұр.

Қазан айының 2 күні  Мұнайлы ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залына ардагерлер, кешегі еңбек майданының сарбаздары, ұлағатты ұстаздар қауымы, ақ халатты абзал жандар, БАҚ өкілдері, мәдениет және спорт саласының үздіктері жиналды.

Аудан әкімі Нұрлан Төлегенұлы Тәжібаев жиынға қатысушыларды Мұнайлы ауданының 10 жылдығымен құттықтап, ауданның әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына үлес қосып жүрген бір топ азаматтарды ауданның 10 жылдығына арналған мерекелік медалімен марапаттады.

Барша марапат иелерін ауданымызды нығайтудағы қажырлы еңбектері үшін алғыс айта отырып, 10 жылдық мерекемен тағы да шын жүректен құттықтаймыз!

  Мәңгілік еліміздің өркендеуі мен дамуына бірлесе атсалысайық!


Ақпараттық ресурстар