Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

«Сыр сұхбат» алаңы өткізілді


2017 жылдың 3 қазан күні Басқұдық №9 орта мектептің кітапханасында Басқұдық ауылдық округінің  экс әкімі Нұфтулла  Қамысбайұлы  Қаржаубаевпен  «Сыр сұхбат» алаңы  өткізілді.

Аталған  шара Елбасы Н. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Мұнайлы ауданына және Басқұдық ауылдық округіне 10 жылдық  іс-шарасына сәйкес, «Нағыз бақыт – халыққа қызмет ету» тақырыбында  ұйымдастырылды. «Сыр сұхбат» алаңының құрметті қонағы болып ауылдың экс әкімі Нұфтулла Қаржаубаев шақырылды. Тағылымды да тәлімді кездесуді  математика  пәнінің  мұғалімі,  әуесқой  ақын  Қабыл  Шілдебай  жүгізді.

 Нұфтулла Қамысбайұлы осыдан 10 жыл бұрын  құрылған  ауылдың еселеп,  қалыптасуын әр жылдың өмір өрнектерін және өзінің ауылдағы еңбек жолын баяндады. Ауыл ағасына алуан түрлі сұрақтар легі түсе бастады. Қойылған  сұраққа  ауыл ағасы жан - жақты жауап қатты. Ой бөлісіп, ашық жарқын  сұхбат  құрды. Бұрынғы ауыл басшысы сан түрлі сұрақтарға жауап беруде елге, жерге қызмет етудің мәртебесіне айрықша тоқталып отырды. Менің ойымша нағыз бақыт – халыққа қызмет ету, Елдің батасы мен алғысын алған адамнан артық бақытты адам жоқ шығар деп атап айтты Нұфтулла Қамысбайұлы. Ауыл ағасы осы кешті ұйымдастырған мектеп директоры Гүлжан Асамадиноваға, ұйымдастырушыларға, барша мектеп ұжымына, ризашылығын айтып, мектеп кітапханасына естелік  үшін  авторлық  кітабын  сыйға тартты.

Мектеп директоры Гүлжан Ерғалиқызы да өз кезегінде осы киелі қарашаңырақты  қадірлеп келген, рухани сабақтастықты жалғап келе жатқан  экс әкімге алғысын жеткізіп, сый-сияпат көрсетті. 


Ақпараттық ресурстар