Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

«Серікбол Қондыбай - қазақтың рух күшінің символы» тақырыбындағы танымдық кеш өтті


Қазан айының 24 күні Баянды ауылы, №3 орта мектепте Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында белгілі ғалым, геораф Серікбай Қондыбайдың өмірі мен шығармашылығына арналған  «Серікбол Қондыбай - қазақтың рух күшінің символы» тақырыбындағы танымдық кеш өтті.

Мақсаты – Серікбол Қондыбайдың әлемдік және отандық мәдени мұралардағы алатын  орнын айқындау, ғалымның мұрасын ғылыми тұрғыдан зерттеп жүрген жастарға қолдау көрсетіп, жас «Серікболтанушылар» мектебін қалыптастыру.

Алдымен Маңғыстау облысында ғана емес, бүкіл Қазақстандағы үлкен ғылыми, мәдени саладағы ұлттық руханиятымыздағы аса сирек құбылыстың иесі Серікбол Қондыбайға арналған «Серікболтану» клубы мен кабинетінің салтанатты түрде лента қию рәсімі өтті.

Келген қонақтарға ғалымның өмірі мен еңбек жолынан сыр шертетін кітаптары таныстырылды. Игі бастама ретінде мектеп ұжымы дайындаған тілек кітабына зиялы қауым өкілдері «Серікболтанушы» жастарға арнап ақ лебіздерін жазып, қол таңбаларын қалдырды.

Одан  әрі, акт залда мектеп оқушылары дайындаған танымдық бағдарламалары ұсынылды.

Кешке : аудан әкімі Н.Т.Тәжібаев, ауданның Құрметті азаматы, өлкеміздің мәдени майталманы Б.Қондыбай, ардагер ұстаз, өлкетанушы Е.Алқажан, өлкетанушы М.Ақмырзаев, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы»  АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры И.Т.Джумагалиева, ауыл ақсақалдары, Маңғыстау облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің өкілдері, мектеп директорлары, ұздаздар мен оқушылар, БАҚ өкілдері қатысты.

Ақпараттық ресурстар