Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

«Туған жерге туыңды тік»


«Туған жерге туыңды тік»

Туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәстүрлеріне айрықша атсалысу - шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Елбасы «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында туған жерге қатысты келелі ойлар айтады.  Мемлекет басшысы  қазақ елін көркейтіп, ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Осыған орай  Мұнайлы ауданында айтулы бағдарламаны жүзеге асыру бағытында атқарылар жұмыстар қазіргі уақытта пысықталу үстінде.

Қазақ халқында «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизмді кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріне, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады.

Ағымдағы жылдың 2 қараша күні Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 орта мектепте Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жерге туыңды тік» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты:  жастардың бойына азаматтықты, патриотизмді дамытып, рухани адамгершілік пен рухани құндылықтарын қалыптастыруға ықпал ету, туған жеріне денен сүйіспеншілігін арттыру.

Аталмыш шараға «Маңғыстау іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ үйлестіруші А.Таласбаева мен Мұнайлы ауданы бойынша төрайымы М.Анибаева, Маңғыстау өңірлік жобалық офисінің тәрбие және білім  кіші бағдарламасының жетекшісі Р.Иманбаева, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Т.Әміров, аудандық «Азаматтық бастамасы» ҚБ өкілдері, ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі мен кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлері, білім беру ұйымдарының басшылары,  ұстаздар мен оқушылар, БАҚ өкілдері қатысты.

Жиын барысында «Білім мен сана серпілісі» және «Тәрбие мен білім» бағдарламасы бойынша слайдтар көрсетіліп, баяндамалар тыңдалды.

«Маңғыстау іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ үйлестіруші А.Таласбаева өз сөзінде әр адамның  кіндік қаны тамып, туып өскен елі жер жәнатымен тең екенін және бір тал отырғызса да шынайы ісімен өскелең ұрпақтың бойына Отанды сүю деген сезімді ояту қажет екенін айтты. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасының да  мәні мен мазмұны осында болса керек.

Баяндамашылардың сөзінен кейін дөңгелек үстелге қатысушылар өз ойларымен бөлісті.

Жиын соңында, ауданның озық, заманауи білім беру ұйымдарының бірі ретінде Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 орта мектепке 20 түп гүл сыйға тартылды.


Ақпараттық ресурстар