Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

«Жастар керуені» Мұнайлы ауданында


«Жастар керуені» Мұнайлы ауданында

Жаңаөзен қаласы мен Түпқараған ауданынан кейін «Рухани жаңғыру-Жастар керуені» бүгін, яғни  7 қараша күні Мұнайлы ауданына да келіп жетті. Облыс орталығынан келген керуен делегациясын мұнайлылық жастар сән-салтанатпен қарсы алды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы еліміздің әлеуметтік санасының жаңғыруының басты құралы. Бүгінге дейін атадан балаға мұра етіп қалдырылған ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрыпымызды, сондай-ақ туған жеріміздің тарихын жаңғырта отырып, жастарымызға насихаттау – бүгінгі аға буынның еншісінде болмақ. Жастар керуенінің басты мақсатыда осы.

Керуен көші алдымен Қызылтөбе мәдениет үйіне барды. Мәдениет үйінде басталған кең ауқымды шарада «Рухани жаңғыру- Жастар керуенінің» құрамындағы спикерлер аудан жастарымен кездесті.  

Кездесуді «Мұнайлы аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Себепбаева Гүлмира Лесбайқызы модератор ретінде жүргізді.

Жиын басында сөз алған аудан әкімі Тәжібаев Нұрлан Төлегенұлы «Рухани жаңғыру-Жастар керуеніне» қош келдіңіз айтып, спикерлер жұмысына сәттілік тіледі.

Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аманғали Нұрдәулетов «Жастар керуенінің» өңір жастары үшін ұсынар мүмкіндіктеріне тоқталып өтті.
Мұнайлы ауданының тұрғындарымен басқосуға келген бір топ спикерлерге ашық сұхбат алаңында сахна төрінен орын ұсынылды.

Аудан жастары әлеуметтік өзекті мәселелер: жұмыспен қамту, жастар кәсіпкерлігі, киелі жерлерді насихаттау, цифрлы Қазақстан, діни адасушылықтан сақтау, бұқаралық спортты насихаттау, мемлекеттік тегін кәсіптік білім беру, тұрғын үйге қолжетімділік тақырыптарында керуен спикерлерімен пікір алмасты.

Одан әрі, делегация ауданның орталығы болып саналатын Маңғыстау ауылына бет бұрды. Ең алдымен делегация «Тәуелсіздік саябағын» аралап, аудан өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаларын тамашалады. «Рухани жаңғыру-Жастар керуені» делегациясын Маңғыстау ауылының жастары да ерекше салтанатпен қарсы алып, жастар алаңында «Өркенде, өс, жасай бер – Мұнайлы!» ұранымен  флеш-моб биледі.

Кездесудің екінші бөлімі Атамекен ауылдық округінің №12 жалпы білім беру орталығында жалғасты.

Жиынға дейін делегация мектеп ішіндегі «»Экспо» көрмесін аралап, оң бағаларын берді.  Мұнда оқушылардың өз қолдарымен жасаған туындылары қойылған.

 «Рухани жаңғыру-Жастар керуені» деп аталатын Мұнайлы ауданындағы басқосуға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Мақсат Сқақов арнайы қатысып, аудан жастарын өз елінің патриоты болуға, жаңашылдыққа ұмтылуға, технологияларды меңгеруге шақырды.

Жастармен кездесуге арнайы келген әр сала маманына сұхбат алаңында сөз кезегі ұсынылды. «Рухани жаңғыру» облыстық штабының мүшесі Бақтыбай Жайлау залдағы жас өрендерге мемлекет басшысының – «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асырудың негізгі бағыттары туралы түсіндірді.
Маңғыстаудай киелі, қазыналы өлкенің тұнған тарихын зерттеп-зерделеуге үндеді және өзінің бастауымен бүгінгі таңда өңірде түсіріліп жатқан «Құлшар» фильмі туралы әңгімелеп, Маңғыстау аймағында бірде-бір жергілікті жастар арасынан шыққан режиссердің болмауына орай, жас өрендердің осындай тамаша, шығармашылық кәсіпті таңдап, мемлекеттік грантпен оқуға түсу мүмкіндігі бар екеніне назарын аударды.
«Тұрғын үй жинақ банкінің» өкілі Майланова Бәлияш тұрғын үймен қамту бойынша төмен пайызды бағдарламаның берер мүмкіндіктері жайлы пайдалы ақпаратпен бөліссе, «Даму» қорының өкілі Ордабек Орынғалиев жастардың өз кәсібін ашуы үшін мемлекеттік «Даму» қоры арқылы ұсынылар аз пайызды несиелер бағдарламалары туралы түсіндірді.
Маңғыстау облыстық Дін істері басқармасының ақпараттық-түсіндіру бөлімінің басшысы Аталықова Жұлдыз жат діни ағымдардан сақтану жөнінде жасөспірімдерге пайдалы кеңестерін ұсынды. Интернет-сайттар арқылы теріс пиғылды діни ағымдардың ақпаратын таратқаны үшін заңмен көзделген жауапкершілік жөнінде ескертіп өтті.
«Шах-қазақ» лақап атымен танымал, ережесіз жекпе-жектен 2016 жылғы спорт шебері Шыңғыс Қайранов өзінің спорттағы жетістікке жету сырымен бөлісіп, жас ұрпақты намысты, жігерлі болуға шақырды.
«Жаңа серпін» орталығының маманы Майра Досниязова жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша аймақ жастарына арналған кәсіптік бағдар берудегі, мамандар дайындаудағы мол мүмкіндіктерді атап өтіп, бұл бағытта жұмыспен қамтылатын жастарға жасалатын жағдайлар (жатақхана, шәкіртақы) туралы баяндады.
Қарақия кәсіптік колледжінің оқу ісінің орынбасары Айнұр Сәбиева жасөспірімдерге мемлекет тарапынан ұсынылатын тегін кәсіптік білім беру бағдарламасының мүмкіндіктері, оны жүзеге асыру бойынша ұйымдастырылған аудандардағы ресурстық орталықтары туралы ақпаратты ұсынды.

IT саласының блогері Бектұр Темір Амантайұлы цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендету жұмыстары жөнінде сөз қозғады.

Ақтау қалалық №2 Өрт сөндіру бөлімі басшысының орынбасары Мерей Қалауов Көкшетау қаласындағы КТИ ЖОО түсу арқылы ТЖ саласының маманы болу мүмкіндіктерін түсіндірді. Өртсөндіруші мамандығын таңдауға жастарды үндеді.

Кездесу соңында «Рухани жастар керуені» символын Маңғыстау ауданының  жастарына  табыс етілді.

Жоғарыда аталған жиындармен қатар, аудандық жұмыспен қамту бөлімінің ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.


Ақпараттық ресурстар