Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Ұлттық валюта мен қаржыгерлер күні


Тәуелсіз Қазақстанның егемендігін әйгілеген аса маңызды құрал 1993 жылы 15 қарашада қолымызға тиген ұлттық валютамыз – теңгенің қолданысқа енгеніне 24 жыл толып отыр. Бұл күн Ұлттық валютамыздың айналымға енген күні және еліміздегі қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.

Сол кездегі дағдарыстан сүрінбей өткен еліміздің экономикасы бүгінде нық дамып келеді. Бұл ретте өз ісіне адал берілген білікті қаржыгерлердің тигізген үлесі зор.

Осыған байланысты аудан әкімдігінде қаржы саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Мұнайлы ауданы  әкімі Тәжібаев Нұрлан Төлегенұлы қаржы жүйесінің дамуына үлес қосып, аудан өміріне белсене араласып, кәсіби деңгейде жемісті еңбек етіп жүрген сала мамандарын құттықтады. Табысты еңбегімен ел құрметіне бөленген сала мамандары «Мұнайлы ауданына 10 жыл» төсбелгісімен марапатталды.

Қазіргі таңда қаржыгерлер алдында ақша қорларын сауатты жоспарлау және бөлу, оларды жұмсауды тиімді басқару сияқты елеулі міндеттер тұр.

10 жыл ішінде ауданымызда тұрақтылық пен экономикалық өсім байқалды. Аудан бюджетінің қарқынды дамуының, әлеуметтік салаға, инвестициялық жобаларға бөлініп отырған қаржы үлесінің көбеюінің нәтижесінде біршама маңызды жобалар іске асырылып, халық игілігіне ұсынылды.Аудан экономикасын нығайтуда , ортақ табысты молайтуға және ауданымыздың жоғары белестерден көрінуіне ауданымыздың қаржы саласы мамандарының қосқан үлесі орасан зор.

Қорыта айтқанда, барлық кәсіп өздігінше ерекше және маңызды, әр кәсіптің өзінің жұмыс ерекшелігі, өзінің қайталанбас тарихы және құндылығы бар. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген қаржы саласының мамандарын бүгінгі төл мерекелерімен құттықтай отыра, жұмыстарына толағай табыс тілейміз! 


Ақпараттық ресурстар