Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Еркін форматтағы кездесу өтті


Жыл басынан бері ауданда Елбасының «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында түрлі  форматтағы іс-шаралар өткізіліп келеді. Соның бірі бүгінгі өткен Қызылтөбе лицейіндегі «Түнгі студия» деп аталатын еркін форматтағы кездесу.  

Оған аудан әкімі Н.Т.Тәжібаев, ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С.Ноғаева, білім бөлімінің басшысы Е.Овезов, Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Әбдіқадыров, ұстаздар мен лицей оқушылары қатысты.

Кездесуге келген аудан басшысы Нұрлан Төлегенұлы алдымен лицей көрмесін аралап,  өнертапқыштардың туындыларымен танысты. Домбыра үйірмесіне қатысып жүрген оқушылардың  күмбірлеген күйін тыңдады.

Оқушылардың алуан қырлылығына дән риза болған аудан әкімі, оларға одан әрі білімдерін шыңдап, жетістіктерге жете берулеріне тілектестік білдірді.

Қызылтөбе лицейі мұнымен тек білім жағынан емес, оқушылардың жан-жақтылығымен, ізденімпаздылығымен көш бастап келетінін тағы бір дәлелдеді.

Бүгінгі кештің арнайы қонағы ретінде аудан басшысы Тәжібаев Нұрлан Төлегенұлы сахна төріне шақырылды.

Аудан әкімі жастарға өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап берді, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Шара ұйымдастырушылары кездесуді одан әрі қызықты өткізу үшін аудан басшысына логикалық сауалдар қойды, танымдық ойындар ойнатылды.

Кездесу барысында түрлі деңгейдегі сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрген оқушылар марапатталды.

Өз кезегінде мектеп оқушылары  аудан әкімі Нұрлан Төлегенұлына сый-сияпаттарын ұсынды.


Ақпараттық ресурстар