Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Мәдениет саласы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді


«Өнер – ұлттың жаны», -дейді халық даналығы. Қандай ел болмасын өнерімен, мәдениетімен танылып, бағаланады. Мәдениет саласының қызметкерлері – өнеріміз бен мәдениетімізді ,  ғасырлар бойы  атадан балаға мұра болған асыл қазынамызды өскелең ұрпаққа жеткізу жолында аянбай еңбек етіп келеді.

Қараша айының 23 күні  Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, ауданның 10 жылдығына орай Мұнайлы ауданы әкімдігінде мәдениет саласы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.

Мақсаты - мәдениет және өнер қызметкерлерінің мерейін асқақтату, рухани-мәдени, жасампаздық мүмкіндіктерін әрі қарай нығайту жолындағы толағай еңбектеріне құрмет көрсету. 

Олардың бір тобы аудан абыройын асқақтату мақсатында өнер жолында жетістікке жетсе, енді бірі өңірдің әлеуметтік - экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді.

Жиында аудан әкімі Тәжібаев Нұрлан Төлегенұлы мәдениет саласының қызметкерлерін құттықтап, жұмыстарына шығармашылық табыстар тіледі. Сонымен қатар, сала қызметкерлеріне «Мұнайлы ауданына 10 жыл» мерекелік төсбелгі тағылды.  Өз кезегінде мәдениет саласының аға буыны мен жас мамандары осындай құрметке бөлеп, еңбектерін ескеріп жатырған аудан әкіміне алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдірді.

Халықтың мәдениетін арттыру, ұлттық өнерімізді дәріптеу мәдениет қызметкерлері арқылы жүзеге асырылатыны анық. Мұнайлы ауданының да мәдениет саласы күннен -күнге көркейіп,  қанатын кеңге  жайып келеді.

Отырыс барысында ұсыныс-пікірлер айтылып, алдағы жылы атқарылар жұмыстар талқыланды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев « Мәдениет саласындағы жұмыс жаңа сапаға ие болуы тиіс. Өйткені, мәдениет қазіргі заманғы адамды қалыптастыруға және дамытуға ықпал ететін әлеуметтік жаңғыртудың елеулі жиынтығы болып табылады»,- деп атап көрсеткен еді.

  Ендеше, сала қызметкерлерін бүгінгі марапаттарымен құттықтай отыра, аудан мәдениетінің одан әрі гүлденуіне, өнерінің асқақтауына қызмет ете берулеріне тілектеспіз!


Ақпараттық ресурстар