Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

«Рәміздерім елдігімнің белгісі!» тақырыбында мектеп оқушылары арасында патриоттық әндер байқауы өтті


«Рәміздерім елдігімнің белгісі!» тақырыбында мектеп оқушылары арасында патриоттық әндер байқауы өтті

Қараша айының 28 күні Маңғыстау ауылы, №8 орта мектепте Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, ҚР мемлекеттік рәміздерінің 25-жылдығы және Мұнайлы ауданының 10-жылдығына орай «Рәміздерім елдігімнің белгісі!» тақырыбында мектеп оқушылары арасында патриоттық әндер байқауы өтті.

Шара Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің әлеуметтік тапсыры бойынша аудандық «Азаматтық бастамасы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен өткізілді.

Мақсаты -  өскелең ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, өнер әлеміндегі жаңа есімдерді анықтау. Дүбірлі додаға 5-9 сынып аралығындағы 32 өнерпаз қатысып, бақ сынасты. Үлкен дайындықпен келгенін көрсеткен қатысушылар талап бойынша жанды дауыста патриоттық әндер шырқады.

Ән байқауында қатысушыларды әділ-қазылар алқасы жан-жақты бағалады. Әнінен бөлек сахналық киіміне, қимылына мән берілді.

Сайыстың нәтижесі бойынша: І орынды – Нұрбай Жасұлан, ІІ орынды – Азанғали Мадина мен Қуантқан Мадина, ІІІ орынды – Жолдасбай Жайна иеленді. Жеңімпаз деп танылған өнерпаздар Алғыс хатпен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.



Ақпараттық ресурстар