Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

"Ақнұр" балабақшасы ашылды


Тұңғыш Президент күнімен тұспа тұс бүгін Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылдық округінде «Ақнұр» балабақшасы ашылды. Алдағы уақытта жекеменшік балабақшада 75  бала тәрбиеленетін болады. Бүлдіршіндер мен ата-аналарды қуанышқа бөлеген салтанатты сәтте аудан әкімі Тәжібаев Нұрлан Төлегенұлы  жиылған қауымды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Сипаты мен мазмұны бөлек балабақшаның ашылуына Маңғыстау облысы білім басқармасы бастығының орынбасары Мамаева Гүлмира да қатысып, жаңа балабақшаның ашылуымен құттықтады. Сонымен қатар, Маңғыстау облысы әкімі Е.Тоғжанов атынан балабақшаға теледидар сыйға тартылды.

Екі қабатты ғимарат жас өскіндерді сапалы тәрбиелеп, ой өрістерінің өсуіне, яғни білімді болып ер-жетуіне, осы заманның үлгі жақтары түгел жасалған. Ал, бұл игі істі қолға алудың мәні де белгілі. 

Балабақша ішіндегі балалар ойын алаңына да ерекше көңіл бөлінген. Өйткені, мекеменің басты бағыты бүлдіршіндерге тек тәрбие беріп қана қоймай, олардың спортпен айналысуына баса назар аударылған. 

2 мен 6 жас аралығындағы балаларды оқытатын мектепке дейінгі мекеменің ашылғанына  ата-аналар да өз ризашылықтарын білдіруде.

Ауданда бүлдіршіндерді балабақшамен қамту деңгейі  бүгінде 78 пайызды құрайды. Облыс, аудан басшылығының орасан зор қамқорлығының арқасында Мұнайлы ауданында мектептер мен балабақшалар көптен бой көтеруде. Бала тәрбиесіне ден қойған жеке кәсіпкерлерді қолдауға арналған Елбасының Қазақстан Республикасындағы білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 24 жекеменшік балабақша ашылған болатын. Бүгін олардың қатарына 25-нші болып «Ақнұр» балабақшасы қосылып отыр.

Бала-періште. Ендеше, баланы қуантқан сәттің де, қадірі де үлкен болмақ. 


Ақпараттық ресурстар