Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

«Адамзаттың Маңғыстаудағы ізгілік мектебі» атты Пір Бекет Атаға арналған танымдық кеш өтті


Ағымдағы жылдың 27 қараша күні Басқұдық ауылдық округінің  №9 жалпы білім беру орта мектебінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» аясында «Адамзаттың Маңғыстаудағы ізгілік мектебі» атты ерекше қасиет иесі, Бекет Мырзағұлұлы туралы танымдық кеш өтті.

Кешке Басқұдық ауылдық округі әкімінің орынбасары Мұрат Жұмабаев, өлкетанушы, жазушы Отыншы Көшбай, журналист Қожа-Ахмет Демеубергенұлы, аудармашы, ұстаз Нияз Тобыш, ұстаздар, оқушылар  қатысты.

Аталған шараны мектеп директоры Гулжан Асамадинова ашып, кешке келген қонақтарға алғысын айтты. Танымдық кешті музыка үйірмесінің жетекшісі Фархат Ізден, танымал, сазгер Марат Ордабаевтың «Маңғыстау» әнімен бастады.

Шара барысында Бекет атаның өмірімен қоғамдағы орны туралы деректі фильм көрсетілді. Сонымен қатар, Бекет атаның діни және ғылыми қызметінің мән-маңызы, құндылығы туралы нақты де­ректерге негізделген әсерлі әңгімелер өр­біді. Онда Пір Атаның тарихтағы алар орны, мұсылман ілімін таратудағы өлшеусіз еңбегі, Көк Асаға байланысты құпия сырлар, Ата туралы аңыздар, шежірелер, өлең-жырлар жай­лы да тың деректер, тарихи да тағы­лымды ой-пікірлер айтылды.

Мектептің жас мамандары Бекет атаның ғұмырына байланысты əдеби монтаж орындап, топ болып «Бекет ата» əнін хормен орындады. Кештің соңын Басқұдық ауылы əкімінің орынбасары Мұрат Жұмабаев жүрек жарды лебізімен қорытындылады.


Ақпараттық ресурстар