Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Маңғыстау облыстық мешітінің найб имамы Елжанов Қажымұқан Қамбарұлының аудандық мемлекеттік қызметкерлерімен кездесуі өтті


Дінімізді дұрыс түсіндіру, оның құндылықтарын әрбір қоғам мүшесіне жеткізе білу күн тақырыбынан түспейтін  маңызды мәселе. 

Ағымдағы жылдың 7 желтоқсан күні Мұнайлы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Маңғыстау облыстық мешітінің найб имамы Елжанов Қажымұқан Қамбарұлының аудандық мемлекеттік қызметкерлерімен кездесуі өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты: Мемлекеттік қызметшілер арасында дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы имунитет қалыптастыру.

Аталған кездесуге аудан әкімінің орынбасары Б.Біләлов, Маңғыстау облыстық мешітінің найб имамы Қ.Елжанов, аудандық «Миғраж» мешітінің бас имамы Р.Баймұханов, аудан теологы Н.Базарбай, ауыл мен ауылдық округі әкімдері, мемлекеттік мекеме басшылары мен қызметкерлері, мектеп директорларының тәрбие жөніндегі орынбасарлары, БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынды аудан әкімінің орынбары Берік Жарылғапұлы  ашып, алғашқы сөз кезегін Маңғыстау облыстық мешітінің найб имамы Қажымұхан Елжановқа берді. Ол елдің қазіргі ахуалын, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау мен тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру жұмыстарын жүргізу сынды тақырыптар жөнінде сөз қозғады.

Мұнайлы аудандық «Миғраж» мешітінің бас имамы Руслан Баймұханов діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алуға күш біріктіріп, қоғамдағы толеранттылықты қалыптастыруымыз, сонымен бірге радикалдық идеологияға қарсы сақтануды жетілдіре түсу керектігі жөнінде ғибратты мәліметтер айтты.

Теріс әдеттермен күрес тек заң, құқық қорғау органдарының ғана қызметі емес, барша қоғамның маңызды шаруасы болып табылады. Мұның өзі жас буынның деструтивтік идеяларға беріліп кетпеуінің алдын алуға тәрбие беретін болады.  

Жиын соңында, мемлекеттік қызметкерлер  тарапынан мешіт имамдарына сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.


Ақпараттық ресурстар