Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

"Мəңгілік ел - мəңгілік тарих" тақырыбында мерекелік кездесу кеші ұйымдастырылды


 Ағымдағы жылдың 20 желтоқсан күні Мұнайлы ауданындағы Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 орта мектепте Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында,  Тəуелсіздік мерекесі күніне орай "Мəңгілік ел - мəңгілік тарих"  тақырыбында мерекелік кездесу кеші ұйымдастырылды. Кездесу кешінің қонақтары Тəуелсіздік жолындағы күрес тарихында алтын əріппен жазылған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын көзімен көрген ағаларымыз - Маңғыстау облысының Тұщықұдық ауылының тумалары  Дүйсебеков Нұрсұлтан Хибадуллаұлы жəне Қортабаев Аманжол Қыдырбайұлы, сонымен қатар осы мектептің тарих пəні ұстазы Тұрбекова Гүльнар.  Өмір деген ұлы бəйгенің көш алдында келе жатқан желтоқсаншы ағалар мен апаларымыздың жүрген жолы мен іс-əрекеті, берген сұхбаттары үлгі өнеге болып, Тəуелсіз елдің ұрпақтарын биік патриоттық сезімге тəрбиелейтін басты бағыт болатыны даусыз. Кеш барысында мектеп ұстаздары сахналық қойылым көрсетіп, оқушылар Маңғыстаулық ақын Ғалым Əріптің кеш қонағы Қортабаев Аманжол ағамыз бен барша желтоқсаншыларға арналған "От намыс алауы" атты поэмасын жатқа оқыды. " Мəңгілік ел - ұлы" атты би қойылымы ұйымдастырылып, əдемі əн де шырқалды. Сонымен қатар кездесуге арнайы шақырылған қонақтар Мұнайлы аудандық "Боевое братство" Ауған соғысы ардагерлері қоғамдастығының төрағасы Айдынбаев Бердіхан Кəрімханұлы жəне Ауған соғысы ардагері  Тайбулатов Бердімұрат Искакович оқушыларды Тəуелсіздік мерекесімен құттықтады, ал мектеп басшысы Бөкен Жамал Спанқызы кездесу қонақтарына алғыс білдіріп, естелік сыйлықтарын табыстады. Тағылымды кездесудің соңында қонақтар мектептегі "Ерлікке тағзым", "Шоғы батыр" музейлері жəне арнайы ашылған Елбасы еңбектері мен Абыз Əбіш ағамыздың шығармаларымен танысу мақсатындағы "Президент", "Əбіш" кабинеттерімен танысып, естелік альбомдарға өз тілектерін жазып, қолтаңбаларын қалдырды.

Ақпараттық ресурстар