Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі» ұйымдастырылды


Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауларында тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді.

Ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына сәйкес, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен Мұнайлы ауданы әкімідігі бірлесіп, Мұнайлы ауданының ХҚКО-ғимаратында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі» ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеде Мұнайлы ауданы әкімдігінің бөлімдері, ауданға қарасты ауыл әкімдіктері және «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының өкілдері, Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің және Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы департаментінің өкілдері қатысып, өздерінің көрсететін қызметтеріне қатысты әзірлеген бейнероликтерді көрсету, брошюралар мен парақшалар тарату, баннерлерде қызмет алу рәсімдері бойынша көрнекі ақпараттарды орналастыру, оның ішінде электронды қызмет түрлерін бір реттік құпия сөз және электронды цифрлы қолтаңба арқылы алу жолдары таныстырылды.
Іс-шараға аудан ақсақалдары қатысып, ауыл жастарының дайындаған концерттік бағдарламалары ұйымдастырылып, халық ән-күйлері айтылды.
Мейілінше қолайлы жағдай жасау мақсатында, қызмет алушылардың балаларына, арнайы ойын ойнау бұрышы орнатылып, ұлттық тағамдар мен сусындардан дәм ұсынылды.
Алғашқы сөз тізгіні аудан әкімі Тәжібаев Нұрлан Төлегенұлына берілді. Аудан басшысы халыққа және бизнеске қызмет көрсету кезінде мемлекеттік органның функцияларын оңтайландыру мен автоматтандыруға, әкімшілік кедергілерді және халық пен бизнестің мемлекеттік органдармен тікелей байланысын азайтуға бағытталып отырғандығын айтты.

Аталған жәрмеңкеге аумақтық департамент басшысы Н.Жанназарова да қатысып, осындай іс-шаралардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын көтеруге себеп болатындығын жеткізіп, жәрмеңкенің мақсат-міндеттерімен таныстырып өтті. 
Қызмет берушілер ұлттық нақыштағы киімдермен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты тұрғындардың көкейіндегі сұрақтарына түсіндірме беріп, қызмет көрсету тәртібі бойынша толық ақпарат ұсынды.
Департамент басшысының Мұнайлы ауданындағы жұмыс сапары аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы қабырғасындағы құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізілген азаматтарды жеке сұрақтар бойынша қоғамдық қабылдауға жалғасты. 
Сонымен бірге, Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, жалпы орта білім беру ұйымдарының қызметінде халыққа қызмет көрсету орталығы мен аудандық көші-қон қызметінің жұмысына мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамасын сақтау, қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау, әкімшілік кедергілерсіз қызметтер көрсету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мәселелері бойынша бақылау жүргізілді.


Ақпараттық ресурстар