Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

«Мәңгілік ел жастары» тақырыбымен жас патриоттар форумы өтті


Биік арман, үлкен мақсат, жаңа жоспарлар,тың идеялар... Бұның барлығы қоғамның ең белсенді өкілдері болып саналатын жастарды бейнелейді.

Ағымдағы жылдың 13 желтоқсан күні Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласы аясында, ҚР Тәуелсіздігінің 26 жылдығы және ауданның 10 жылдығына орай Маңғыстау ауылы, «Төрт сері» салтанат сарайында «Мәңгілік ел жастары» тақырыбымен жас патриоттар форумы өтті.

Аталмыш форумның басты мақсаты - Елбасының саясатын жас ұрпаққа ұғындыру, жастардың бойына патриоттық тәрбие сіңіру, биылғы жылды қорытындылау, әр саланың үздіктерін анықтау.

Айта кетсек, Мұнайлы аудандық «Жас патриот» жастар сыйлығы 2010 жылдан бастап табысталып келеді. Үздіктерді анықтайтын бұл байқауға 2010 жылдан бері 16 аталым бойынша 615 жас өз құжаттарын табыстап, 76 жас жеңімпаз атанған. 

Ең алдымен шара лазерлік шоумен ашылып, одан әрі ауданның 10 жылдық бейнеролигі көрсетілді.

  Осымен сегізінші рет өткізіліп отырған салтанатты кештің дресс коды болып «Рэтро» стилі таңдалды. Бүгінгі форумның басты ерекшілігі де осында.

Жиында алғаш сөз алған аудан әкімі Тәжібаев Нұрлан Төлегенұлы форумға қатысушыларды  мерекемен  құттықтап, игі тілегін білдірді.

Дәстүрлі «Жас патриот – 2017» жастар сыйлығына 10 аталым бойынша 59 жас өз құжаттарын тапсырып, нәтижесінде 10 жас жеңімпаз деп танылды. Атап айтар болсақ:

1)«Жас көшбасшы» номинациясымен - Маңғыстау ауылдық «Зәбия» мешітінің жанынан құрылған «Үммет жастары» еріктілер тобының жетекшісі Абулханов Мұрат Парахатұлы;

2)«Жас мемлекеттік қызметкер» номинациясымен – Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы Мақсат Қуатжанұлы Созақбаев;

3)«Жас үздік дәрігер» номинациясымен – Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының кардиолог дәрігері Хожакулыева Гүлназ Низамқызы;

4)«Жас үздік құқыққорғаушы» номинациясымен - Мұнайлы аудандық ішкі істер бөлімі, Жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция ротасының взвод командирі , полиция капитаны Тұрсынбаев Нұрбол Ералыұлы;

5)«Жас үздік өндірістік қызметкер» номинациясымен-  «Экзотикалық құс әлемі» ЖШС директоры Боранбай Есен Боранбайұлы,

6)«Жас үздік коммуналдық қызметкер» номинациясымен -«Маңғыстауэнерго» КҚК тоқ жөндеушісі Қадіров Асылбек Жолжігітұлы,

7)«Жас үздік ұстаз» номинациясымен - Мұнайлы аудандық өнер мектебінің дәстүрлі ән пәні мұғалімі Асқамбаев Темірбек Ерсайынұлы,

8)«Жас үздік спортшы» номинациясымен - Маңғыстау ауылы балалар және спорт мектебінің Самбодан жаттықтырушы-бапкері Тілепова Әлия Ахметқызы,

9)«Үздік жастар комитеті»  номинациясымен - №8 жалпы білім беру орта мектебі жанынан құрылған Жастар ісі жөніндегі комитеті,

10)«Жас үздік ауыл маманы» номинациясымен Дәулет ауылдық округі әкімі аппаратының нұсқаушысы Аманов Ербол Раимбердіұлы.

Жеңімпаз деп танылған 10 жасқа «Жас патриот - 2017» жастар сыйлығы табысталды.

«Мәңгілік ел жастары» тақырыбындағы жас патриоттар форумына Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аманғали Нұрдәулетов арнайы қатысып, аудан жастарын өз елінің патриоты болуға, жаңашылдыққа ұмтылуға, технологияларды меңгеруге шақырды.

Мерекелік шара соңы, аудан өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласып, ретро әндер шырқалды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Ел ертеңі — жалындаған жастар. Ал олардың бүгінін жарқын ету — билікке жүктелетін бірегей міндет», — деген болатын. Сондай-ақ, Президент  елімізде іскер жастардың беделін көтеру, оларға мейлінше мемлекет тарапынан қолдау таныту қажеттігі турасында да өз Жолдауларында баса айтқан еді.  Бүгінгі күні бұл тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында елімізде көптеген мемлекеттік бағдарламалар қолдау тауып, лайықты нәтижесін беріп жатыр. Жас кәсіпкерлердің қатары да  жыл сайын толығып, олар ел экономикасының өркендеуі жолында сүбелі үлес қосып келеді. 

Ендеше ауданымыздың жалынды жастарының қанаттары талмауына, мәңгілік самғауына тілектеспіз!


Ақпараттық ресурстар