Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Басқұдық ауылында «Мөлдір» балабақшасы ашылды


Төрткүл дүниеге аты мәлім атақты жазушы Мұхтар Әуезов «Ел боламын десең бесігіңді түзе!» десе, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Біздің болашағымыз-балалар» деп, балалардың сәулелі болашағы үшін көптеген кемелді істердің көшбасшысы болып отыр. Соның бірі – Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Осы бағдарламаның арқасында ауданымызда мектептер мен балабақшалар күн санап көбейіп келеді. Соның бірі міне, Мұнайлы ауданының 10 – жылдығы аясында, Еліміздің Тәуелсіздігі мерекесінің қарсаңында ашылған Басқұдық ауылдық округіндегі «Мөлдір» жекеменшік балабақшасы.

Мерекелік салтанатқа облыс әкімі Ералы Лұқпанұлы Тоғжановта қатысып,  балабақшаны ашуға мұрындық болған, жеке кәсіпкер Сүгірбекова Гүлнар Қалдыбекқызына алғысын жеткізді.

 «Мөлдір» балабақшасы Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың  2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр. Жоба құны 30 млн. теңге, 75 орындық, 10 адам  тұрақты жұмыспен қамтылған.

Балабақша ғимараты екі қабаттан тұрады: ойын бөлмелері, жатын бөлме, музыкалық – көркем бөлме, асхана, санитарлық бөлігі мен жаттығу залы бар.

Осындай мереке күні облыс әкімі атынан бөбекжайға теледидар сыйға тарту етілді.

Болашақ ұрпақтың тәрбиесі алдымен балабақшадан басталады. Сондықтан жеке кәсіпкердің ауыл бүлдіршіндерін қолдаудағы бұл қадамы басқаға өнеге болсада жарасады.

Бүлдіршіндер игілігіне айналар жаңа балабақша құтты болып, іші әр баланың  күміс күлкісіне, шексіз қызығына тола берсін!


Ақпараттық ресурстар