Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

«Керуен» ауыз су өндіру цехы ашылды


Ауыз су – өмір өзегі. Тіршілік арқауы. Желтоқсанның 14 күні  Мұнайлы ауданының 10-жылдығы аясында, еліміздің Тәуелсіздігі мерекесінің қарсаңында Қызылтөбе ауылдық округінде «Керуен» ауыз су өндіру цехы ашылды.

Цех 12 адамды тұрақты жұмыспен қамтып, тәулігіне 2500 дана бөтелкеленген ауыз су шығаруға мүмкіндігі бар. Жеке кәсіпкер Қибас Бауыржан Сайлауұлы осындай озық технологиялы нысанның ел игілігіне қызмет етуіне мұрындық болып отыр. Жалпы аумағы 800 шаршы метр болатын нысан 105 млн. теңгеге салынған.

«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Бәсекелестік қабілет дегеніміз - ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы» деп  айтқандай, бүгінгі ашылғалы тұрған нысан озық технологиямен, нарықта  бәсекеге қабілетті тауар өндіретіндігіне сенімдімін», - деді ашылу салтанатына арнайы келген облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Елбасы 2020 жылға дейін елдімекен тұрғындарын сумен қамтамасыз ету проблемасын түбегейлі шешуді жүктеген болатын. Осындай қуанышты сәтте тұрғындар атынан ауылдың ақсақалы, өндіріс саласының ардагері Төлеуұлы Қаржау ақ тілегін жеткізді.


Ақпараттық ресурстар