Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

«Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!» атты мерекелік шара өтті


Еліміз тәуелсіздік алғанына, биыл, 26 – жыл толды. Бұл жылдарды ұлы бастамалардың, ұтымды шешімдердің, ерен еңбек пен табыстардың кезеңі тұрғысында, халқымыздың тарихында қалатындығымен ерекшеленеді.

Ағымдағы жылдың 15 желтоқсан күні Маңғыстау ауылы, Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 орта мектепте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!» атты мерекелік шара өтті.

Алғашқы құттықтау сөз кезегін алған аудан әкімі Тәжібаев Нұрлан Төлегенұлы  мұнайлылықтарды айтулы мерекемен құттықтап, игі тілегін жеткізді.

Шара барысында, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлестері үшін бірқатар азаматтар марапатталса, ерен еңбектері мен қоғамдық өміріндегі белсенді қызметі үшін Естекұлы Мұқанға, Мұратбайұлы Мұханбетке, Ақкенжеев Шынабайға Мұнайлы ауданының «Құрметті азаматы» атағы табысталды.

Сонымен қатар, жарты жыл көрермен көз айымына айналған «Мен Қазақпын!» мега-жобасында "Терме" аталымы бойынша бас жүлдені жеңіп алған маңғыстаулық Оспан Құлсымақтың иығына шапан жауып, құрмет көрсетіліді. Салтанатты шараның соңы, аудан өнерпаздары дайындаған мерекелік концертке ұласты.

Тарих ауқымында 26 жыл - қас-қағым сәт. Алайда, елімізде қысқа мерзімде жүздеген жылдарға пара-пар қадамдар жасалды. Тәуелсіздіктің өткен осы жылдар белесінде мемлекетіміз талай қиындықтарды еңсеріп, биік асуларды бағындырды. Қазақстан деген мемлекетті, қазақ деген елді бүкіл дүние жүзі таныды. Еліміздің осындай биіктерді бағындыруына, әлеуметтік-экономикалық дамуына аудан тұрғындары да сүбелі үлесін қосып келеді. Сондықтан, Тәуелсіздіктің әрбір жылының мәні бөлек, тағылымы терең.


Ақпараттық ресурстар