Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Басқұдық ауылында жаңа спорт кешені ашылды


Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Спорттың бұқаралық сипатын дамыту – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі».

Қаңтар айының 11 күні Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылдық округінде жаңадан спорт кешені ашылды.

Нысанның негізін қалаушы жас кәсіпкер - Ерболат Айтжанов. Жас та болса ауданның жан-жақты дамуына өз үлесін қосып жүрген кәсіпкердің қазіргі таңда бір емес бірнеше нысандардың ашуына арқау болып жүр. Айта кететін болсақ, «Басқұдық» сауда үйі, балалар ойын-сауық орталығы, мектепке дейінгі білім беру шағын орталығы.

«Елбасымыз Жолдауларында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне айқын басымдық береді. Өйткені бұқаралық спорт адамзатты салауаттылыққа, бірлікке шақырады. Оның ішінде, жаппай дене шынықтыруға дағдыландыру – қоғамның дені сау азаматтарын қалыптастыруға жағдай жасайды делінген. Бүгінгі ашылып отырған кешен жас жеткіншектердің арманына қанат бітіріп, еліміздің абыройын асқақтатар даңқты спортшылар тәрбиелеуде мол септігін тигізіп, халық игілігіне қызмет етеді деп ойлаймын. Біз дарынды балалардың кәсіби спортпен айналысып, ойдағыдай дайындықтардан өтуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз» - деді Ерболат Айтжанов.

Ауыл балаларының ережесіз жекпе-жек спорт түрімен айналысуы үшін барлық жағдай қарастырылған. Бұл жерде күніне 6 жас пен 25 жас аралығындағы 50-70 шақты адамға спортпен айналысуға болады. Бағасы да қолжетімді. Кешеннің ішінде киім ауыстыру, жуыну бөлмелері бар.

Ғимараттың салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Тәжібаев Нұрлан Төлегенұлы  мен ауыл ақсақалдары, Халықаралық турнирлердің жеңімпазы, кәсіпқой бокстан Қазақстанның спорт шебері, IBO  версиясы бойынша чемпион Жүкембаев Батыр арнайы қатысып, жас спортшыларға табыс тіледі.  Жаңадан бой көтерген ғимаратқа  облыс әкімі атынан музыкалық аппаратура сыйға тарту етілді.

Жиналған  қалың жұрт та келешекте қазақ спортын әлемге әйгілі ететін тұлғалардың дәл осы жерден түлеп ұшатынына сенімді. Бұл орайда, тұрғындар тарапынан сөз сөйлеген ақын Рамазанова Ақшагүл ел үшін еңбек еткен, атымтай жомарт азаматтарға алғысын жеткізді.

Енді ғана пайдалануға берілген кешенде  ережесіз жекпе-жек спорт түрімен айналысушылар қызу дайындықты бастап кеткен. Барлық бәсекеде бағы жанып жүрген жігіттер алдағы сайыстарда да алдыңғы орынан көрінуді көздейді. Ол, үшін «мына спорт кешені жақсы болды» - дейді, спортшылар.

Бәсекеге қабілетті,салауатты ұрпақ ел болашағы. Ол үшін, балалардың спортпен айналысуна ыңғайлы жағдай жасалуы керек. Аудан атқа мінерлерінің алға қойған мақсаты да осы.


Ақпараттық ресурстар