Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

2018 жылдың 1 қазан жағдайына Мұнайлы ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша ақпарат


Мұнайлы ауданының халқының саны 158,2 мың адамды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9100 адамға көбейді. (01.10.2017ж.- 149,1 мың адам)

Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі  43 835,5 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5 166 млн. теңгеге көбейді. (01.10.2017ж.- 38 668,9 млн. теңге) Өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индекстері – 97% құрады (01.10.2017ж.-92,6%).

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 1 064,1 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі -110,1%. Өткен жылғы есептік көрсеткішпен салыстырғанда 217,7 млн. теңгеге көбейді немесе 25,7 пайызға өсіп отыр. (01.10.2017ж.-846,4млн.тг) (01.10.2017ж.-103,5%).

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 17 305,4 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 45,1%-ға немесе 5 382 млн. теңгеге көбейді. (01.10.2017ж.–11 922,8 млн.теңге.)

Құрылыс жұмыстарының көлемі 9 448,1 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1 048,4 млн. теңгеге азайған. (01.10.2017ж.- 10 496,5 млн.теңге). Сонымен қатар, Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 85,6% құрап отыр. (01.10.2017ж.  -86,5%)

Жалпы көлемі 145,6 мың ш.м. тұрғын үйлер іске қосылды. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,2 мың шаршы метрге көбейген. (01.10.2017ж – 132,4 мың ш.м.).

Жергілікті бюджетке түскен салықтық және салықтық емес түсімдер – 5 510,7 млн.теңгені құрады. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1 642,3 млн. теңгеге көбейген. (01.10.2017ж. – 3868,4 млн. теңге).

Төлемдер бойынша бюджетке берешек – 36,1 млн теңге (01.10.2017ж.- 82,5 млн.теңге), соның ішінде жергілікті бюджетке – 24,4 млн теңге, республикалық бюджетке – 11,7 млн теңге.

Бюджет түсімінің орындалысы -103,5%, Бюджет шығындарының орындалысы – 98%.

2018 жылдың 1 қазан жағдайына 5523 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелді. (01.10.2017 жылы – 4950) Сәйкесінше, шағын кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны 19 085 адамды құрады.

Кәсіпкерлерді қолдау бағытында 152,1 млн.теңге көлемінде  38 адамға несие берілді. (01.10.2017 жылы – 35 адамға 170,3 млн. теңге)

2018 жылдың 1 қазан жағдайына барлық экономикалық қызмет түрлерінің жұмысшыларының орташа жалақысы 151 319 теңгені құрап отыр. (01.10.2017 ж – 140 368 теңге).

2018 жылдың 1-ші қазан жағдайына 3945 жұмыс орны құрылып, оның ішінде 2612 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Тіркелген жұмыссыздар саны – 697 адамды құрады. (қоғамдық жұмыс орындарға 130 адам,  жастар практикасына-53 адам, әлеуметтік жұмыста жүргендер 95 адам, өндірістік мекемеден қысқартылғандар 113 адам, жұмыссыздар 56 адам, курсқа жібергендері-93 адам, бизнес бастау курсына жіберілгендер 157). (01.10.2017 ж- 698 адам)

01.10.2018 жыл жағдайына 3 пен 6 жас аралығындағы балалардың мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 95,6% құрап отыр. (01.10.2017ж.  -70,3%)

Денсаулық сақтау саласында 1 жасқа дейінгі 28 сәби өлімі тіркеліп, туылған 1000 сәбиге шаққанда 9,7 промильді құрап отыр.  (01.10.2017ж.–32 сәби, 9,7 промиль)  2018 жылдың 1 қазан жағдайына туылғандар саны – 2872.(01.10.2017ж.– 3309 бала).

Ана өлімі тіркелген жоқ.

Өкпе ауруына  шалдыққандар (55 адам) (100 мың тұрғынға шаққанда) саны 45,8 промильді құрап отыр. (01.10.2017ж.–49,3 промиль, 64 адам)


Ақпараттық ресурстар