Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында 160 көрерменге арналған дене шынықтыру – сауықтыру кешені ашылды

Жаңа кешен Маңғыстау ауылындағы «Бесшоқы» тұрғын үй массивінде орнеаласқан. Инвесторлар қаржысына салынған 160 көрерменге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені Елорда күніне орай пайдалануға берілді. Инвесторы – «Норт Каспиан Оперейтинг компани Н.В» (НКОК). Бұл нысан компанияның әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыру шеңберінде бой көтерді.

  Кешеннің ашылу рәсіміне облыс әкімі Серікбай Трұмов қатысып, ауыл жастары мен спортшыларды Елорда күнімен құттықтады.

  Осылайша Елорда күні қарсаңында мұнайлылықтарға «НКОК» компаниясы кезекті сыйлығын жасады. Компания  бұған дейін бюджет саласы қызметкерлеріне арналған 100 орындық жатақхана мен сыйымдылығы 500 орындық кітапханасымен бірге Мәдениет үйін салып берген болатын.

  160 көрерменге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ғимараты 2 қабаттан тұрады. Қаржыландыру көлемі – 466,187 млн. теңге. Құрылыс 2018 жылдың мамыр айында басталды.  Нысанның жалпы ауданы 1307,4 шаршы метрді құрайды. Спорт кешенінде футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, гандбол, жеңіл атлетика, күрес, дзюдо, армрестлингпен шұғылдануға болады. Ғимараттың сырты жарақтандырылған және көгалдандырылған. Ойын алаңдары талапқа сай жабдықталған. 


Ақпараттық ресурстар