Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

2016 жылғы 25 тамыз күні Батыр селолық округіне қарасты «№10 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-сінде өткізілген аудандық тамыз педагогикалық кеңесі туралы ақпарат


         Мұнайлы  аудандық  білім  бөлімінің  12.07.2016ж. №129-нқ  бұйрығымен  білім  беру  қызметкерлерінің  тамыз  педагогикалық  кеңесі  25 тамыз күні  №10 орта мектепте  өткізілді.  Тамыз кеңесі  екі бөлімнен:  сағ:10.00- ден 12.00-ге  дейін  пленарлық  кеңес, сағ: 14.00-ден  16.00-ге  дейін  секциялық  отырыс  өткізілді.

         Пленарлық  кеңестің  күн  тәртібінде  1 баяндама, 5 жарыссөз оқылды. Мұнайлы  аудандық  білім  бөлімінің  басшысы  Е.Овезов  2015/2016 оқу жылының  қорытындылары  мен  алдағы  оқу  жылындағы  міндеттер  туралы  баяндамасын,  №3 орта мектептің  директоры  Ж.Байназарова  «Нәтижеге  бағытталған  білім  беру  моделіндегі  білім  сапасын  жетілдірудің  жаңа  бағыттары»  тақырыбында,  Атамекен  ауылдық  округінің  әкімі  М.Қалжанов  «Мәңгілік ел»  ұлттық  идеясындағы қазақстандық  мектеп:  заманауи  үлгі, даму  үрдістері мен  болашағы»  тақырыбында,  №7 «Айналайын»  мемлекеттік  балабақшасының  директоры  О.Отарова  «Мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымы  басшысының  инновациялық  портфелі:  балаларды  ерте  дамытуға  бағдарлау  тақырыбында,  Қызылтөбе  лицейінің  география  пәні  мұғалімі  А.Нұрмағамбет  «Пәндік-тілдік  ықпалдасу  көптілділік  Тұжырымдамасын  тәжірибеде  іске  асырудың  шарты  ретінде»  тақырыбында  және  ата-аналар атынан  Қ.Егізғараев  жарыссөзге  шықты.  Күн тәртібіндегі  мәселелер  қаралғаннан  кейін  білім  беру  ұйымдарындағы  педагог  қызметкерлер  мен  негізгі пәндер  бойынша  ұлттық  бірыңғай  тестілеу  барысында  үздік нәтиже  көрсеткен  мұғалімдер  төмендегідей  бағытта  марапатқа  ие болды.

         «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен  №1 орта мектептің  орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шурина  Ғалия  Насибуллақызы  марапатталды.  Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің Құрмет  грамотасымен  №1 орта мектептің  математика және физика пәні мұғалімі  Муханова  Нұртуған  Мухановна,  Қазақстан  Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің Алғысымен  Дүйсенбаева  Ақкүміс  Сембайқызы  марапатталды.  Облыстық білім  басқармасының  Құрмет  Грамотасымен  №2 орта мектептің  физика пәні мұғалімі  Отегенова  Аксерга  Кенжегалиевна,  №4 орта мектептің  дене шынықтыру  пәні  мұғалімі  Кенжегалиева  Хадиша  Ізденовна,  №10 «Ақбота»  мемлекеттік  балабақшасының  тәрбиешісі  Текеева  Рита  Нурджановна,  Мұнайлы  аудандық  білім  бөлімінің  бас маманы  Избасарова  Шолпан  Айтмурадовна  марапатталды.  Облыс  әкімінің  Құрмет  Грамотасымен  №1 орта мектептің  орыс  тілі  мен әдебиеті  пәні  мұғалімі  Туйтекова  Магуа  Ажмагиновна  марапатталды.  Облыстық  білім  басқармасының  Алғысымен  «Тайбурыл»  аула  клубының  «Жас психолог»  үйірмесінің  жетекшісі  Баймуратова  Сауле  Нуратдиновна  марапатталды.  Аудандық  білім  бөлімінің  Алғысымен  20 мұғалім,  аудан  әкімдігінің  Алғыс  хатымен  10 мұғалім,  аудан  әкімдігі  арқылы  облыс  әкімінің  Алғыс  Хатымен  5  мұғалім  және  ҰБТ  барысында  үздік  нәтиже  көрсетіп,  жетістікке  жеткен  30 мұғалім  білім  бөлімінің  Дипломымен  марапатталды. 

          Сағат: 14.00-16.00 аралығында  25 бағытта  секциялық  отырыс  өткізілді. Әр секциялық отырысқа  әр мектеп, балақшадан  2 мұғалім мен тәрбиеші, кітапханашылар  шақырылды. Оларға  2016-2017  оқу  жылында  Қазақстан  Республикасының  жалпы  орта  білім  беретін  ұйымдарында  оқу  процесін  ұйымдастырудың  ерекшеліктері  туралы  әдістемелік  нұсқау  хатын,  ҚР  БҒМ  Қазақстан  Республикасында  білім  берудің  және  ғылымды  дамытудың  2016-2019 жылдарға арналған  мемлекеттік  бағдарламасы,  оның  негізгі бағыттары және қойылған  мақсаттарға  қол жеткізу  жолдары  және  білім  саласындағы  өзгерістер  туралы  мағлұмат  берілді. 


Ақпараттық ресурстар