Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

«2015-2016 оқу жылының қорытындылары және жаңа оқу жылында тұрған міндеттер»


Білім саласына деген қолдау мен қамқорлық жыл сайын артып келеді. Биылғы оқу жылында білім саласы үшін 6 230 062,0 мыңтеңге бөлінген болса, бұл өткен жылмен салыстырғанда 74 539,0 мыңтеңгеге артық. (Білім саласына 2014 жылға 5 352 157,0 мың теңгебөлінсе, 2015 жылға 6 155 523,0 мың теңге бөлінген еді.)

2015 жылы 2080,0мың теңгеге №1 кешкі мектепке компьютер сынып, 287,4мың теңгеге № 5 орта мектепке 1, 1089,8 мың теңгеге №7 орта мектепке 3 интерактивті тақта алынса, 2016 жылы барлығы 15 000,0 мың теңге бөлініп  №  №  7 ,8 орта мектептер физика, №10 орта мектеп химия кабинетімен жабдықталып отыр. №12 орта мектепке робототехника кабинетін жабдықтауға 2500,0 мың теңге бөлініп, сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Жыл сайын жаңа компьютерлермен толықтырылып, интернет желісіне 100 пайыз қосылу мүмкіндігіне ие болып отыр. Сондықтан алдағы уақытта заман талабына сай «On-line» режимі арқылы өткізілетін сабақтарға, конференцияларға, жиналыстарға қатысу, жаңадан енгізіліп жатқан «электронды күнделікті» кеңінен пайдалану үшін интернет желісінің жоғары жылдамдықта болуы  қадағалануы керек.

Ауданның білім беру ұйымдарына биылғы жылы күрделі жөндеу қарастырылмаған, алайда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында  №  4 орта мектепке ағымдағы жөндеу жүргізуге 7 751,0 мың теңге, №6 орта мектепке кешенді ағымдағы жөндеуді жүргізуге 74 623,0 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда № 4 орта мектептің жөндеу жұмыстары аяқалды, ал №6 орта мектептегі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Өздеріңіз білесіздер, Мұнайлы ауданы өте қарқынды дамып келеді. Аудан тұрғындары үшін және олардың балаларын оқыту үшін жан-жақты қолайлы жағдайлар жасалуда. Сондықтан болар ауданда жыл сайын көшіп келушілер және демографиялық өсім есебінен мектеп жасына дейінгі бала саны 3-4 мыңға, мектеп жасындағы балалар саны 2-3 мыңға көбейеді.

Әрине, бұл жағдай ауданның білім беру жүйесіне үлкен салмақ түсіретіні сөзсіз. Соның салдарынан болар, бірнеше білім беру ошақтары қосылғанмен соңғы екі жылда бізде үш ауысымда оқыту проблемасы пайда болды. Басқұдық ауылындағы № 9 орта мектепте, Қызылтөбе-2 тұрғын масствіндегі  № 6 орта мектепте, Атамекен ауылдық округіндегі 640 орындық №7 орта мектепте оқу үш ауысымда жүргізілді. Сонымен қатар оқушы орнының тапшылығынан Басқұдық ауылының 1035 баласы Маңғыстау-4 тұрғын массивіндегі №11 орта мектепке, Қызылтөбе селолық округінің Бірлік елді мекеніндегі 178 бала Дәулет ауылдық округіндегі №4 орта мектепке, Батыр ауылының 870 оқушысы №10 орта мектепке, Атамекен ауылдық округіндегі 872 оқушысы №12 орта мектепке тасымалданды.

Жаңа 2016-2017 оқу жылында №6 орта мектептің 1-11 сыныбына 2760, №7 орта мектептің 1-11 сыныбына 2425, №9 орта мектептің 1-11 сыныбына 2800 оқушы келеді деп күтілуде. Сондықтан үш ауысымды оқуды азайту мақсатында Басқұдық ауылдық округінің Жаңа қоныс тұрғын массивінің 8 көшесінде тұратын 500-ге жуық баласын Маңғыстау ауылындағы №5 орта мектепке тасымалданатын болады.


Оқулықпен қамту

2015-2016 оқу жылына оқулықтар мен оқу - әдістемелік нұсқаулықтармен қамтамасыз  етуге 137 798,0 мың  теңге  қаржы бөлінсе, 2016-2017 оқу жылына 144 195,0 мың  теңге  бөлініп, оның 140 000,0 теңгесіне Алматы, Астана, Көкшетау және Шымкент қалаларындағы 11 баспанан 153063 дана оқулықтар мен оқу-әдістемелік нұсқаулықтар сатылып алынды. 1,7 сыныптың барлық оқулықтары, 4 сыныптың ағылшын тілі, 9 сыныптың зайырлылық және дінтану негіздері оқулықтарының жаңадан басылып шығуына байланысты 100% және 30% қорландыру циклынан басқа да оқулықтарға сұраныстар бойынша тапсырыс берілді. Қазіргі таңда 11 баспаның оқулықтары мен оқу-әдістемелік нұсқаулықтары толық алынып, білім беру ұйымдарына бөлініп таратылды. Қалған оқулықтар, яғни 1 сыныптың математика оқулықтары мен жазба дәптерлерінің екінші бөлімі келісімшарт бойынша қазан айының 1-не дейін жеткізіледі. Биылғы оқу жылында мектеп оқушыларын оқулықпен қамту 100% болады деп жоспарлап отырмыз.

Жазғы сауықтыру

Мұнайлы ауданы бойынша 1-10 сыныпта барлығы 21503 бала бар. Оның ішінде мектеп жанынан ашылатын лагерлерге 1350 бала, аудан бойынша ата-ана есебінен 4443 оқушы, ағымдағы жылы ашылатын қала сыртында орналасқан лагерлерге 350 бала, аула клубтары мен мектеп алаңдарындағы лагерлерге 2107, 1 күндік саяхат, жорықтармен 6608, мектеп жанынан кәсіптік спорттық лагерлерге 5507 бала, барлығы 20365 яғни, 94,7%-ы жазғы сауықтыру демалысымен қамтылды.

Жылдағы жоспарға сәйкес,  №  4,5,6 орта мектептер жанынан жазғы демалыс лагері ашылып, оған аудандық бюджеттен 34451,0 мың теңге қаражат қарастырылды және 1350 балажазғы сауықтыру демалысымен қамтылды. Оқушылар орталығына жергілікті бюджеттен 17151,0 мың теңге бөлініп, оған «Фламинго»  сауықтыру лагеріне 350 балаға тегін жолдама беріліп, жазғы сауықтырумен қамтылды. Сонымен қатар, облыстық «Дарын» қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Балдәурен» оқу-сауықтыру базасындағы жазғы демалысқа 51 бала жіберілсе, Алматы қаласында «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру сауықтыру орталығына 5 бала кетті. Облыстық қазақ-түрік лицейінің ұйымдастырумен  ағылшын тілін үйрету мақсатында 12 күндік жазғы сауықтыру демалысына 50 бала қамтылды. «АДЖИП Каспиан Си Б.В.» компаниясының демеушілігімен жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған және тұрмысы төмен отбасы балалары Италияның Чезенатико қаласына  демалысқа жіберілді.

  Келесі жылға Баянды, Басқұдық, Атамекен және Батыр ауылындағы мектептерден жазғы сауықтыру лагерлерін ашуды жоспарлап отырмыз.

Мектепке дейінгі тәрбие:

Мұнайлы ауданы бойынша Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес,қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдар саны 33 бірлікке (4233 орынға)жетті.  Оның ішінде 11 мемлекеттік балабақшалар (2400 бала) , 4 мектеп жанынан ашылған шағын орталық (338 бала) және 18 жекеменшік балабақшалар (1495 бала).

Аудан атауы

Барлығы

2014-2015 оқу жылы

2015-2016 оқу жылы

МДҰ саны

орын

МДҰ саны

орын

МДҰ саны

орын

Мұнайлы

33

4233

28

3358

33

4233

Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, бүкіл әлемдегі бала­бақшалар – бұл сонымен қатар, жеке бастамалар саласы, кәсіпкер­ліктің айрықша түрі. Әсіресе, бұл ірі мегаполис жағдайында өте өзекті. Бұған ауданымызда жетістікке жеткен бала­бақшалар туралы түрлі мысалдар келтіруге болады. Жүйелі және мақсатты түрде балабақшаларды ұйымдастыру мен  құрылысын салу саласына жеке инвесторларды тарту мәселесін бірнеше мәрте Мемлекет басшысы да атап өткен болатын. Мәселе, әсіресе, қазіргідей күрделі эко­номикалық жағдайда аса маңыз­ды. Бұл мәселеге аудан, ауыл әкімдері мен тиісті аудандық құры­лымдарыүлкен мән береді, сондықтан болар ауданның мектепке дейінгі ұйымдарының 54,5 % -ы жеке сектордан қосылып отыр.

2015 жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны 28-ден  33-ке артып, 675 орындық  5 мектепке дейінгі ұйым (әрқайсысы 280 орындық 2 мемлекеттік, барлығы 110 орындық 3 жекеменшік балабақша) іске қосылды.  2015 жылдың  қыркүйек айында Дәулет селосынан 280 орындық №10 «Ақбота» балабақшасы ашылса, желтоқсан айында Атамекен селосынан 280 орындық №11 «Шағала» балабақшасы іске қосылды. Сонымен қатар Маңғыстау-5 тұрғын массивінде 50 орындық «Ақмаржан», Дәулет ауылдық округінен 30 орындық «Тұлпар» және Атамекен ауылдық округінен 30 орындық «Нұрбалапан» жекеменшік балабақшалары ашылды. Бүгінгі таңда 3 – 6 жас аралығындағы балаларды ұйымдастырылған оқу-іс әрекетімен қамту 60,4 % құрайды. 

 2016 жылдың аяғына дейін 320 орынға арналған 4 жекеменшік балабақша ашылады деп күтілуде.

Бүгінгі таңда ауданның мектепке дейінгі ұйымдарында 564 педагог қызмет атқаруда, олардың ішінде жоғары білімді- 200, арнаулы орта білімді -363, орта білімді - 1 педагог. Оның ішінде жоғары санатты - 21, І санатты - 56,  ІІ санатты -81,  санатсыз –406.

Жылы бойы мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері әдістемелік семинарларға, сайыс - байқауларға  қатысып, аудан, облыс көлемінде көптеген жетістіктерге жетіп жүр. Педагогтердің білімдерін жетілдіру, тәжірибе алмасу және оларға бәсекеге қабілетті  ұрпақ тәрбиелеуде әдістемелік көмек көрсету мақсатында №2 «Сауықтыру» мен №8 «Алтын сақа» балабақшаларында “Мектепке дейінгі ұйымдарда денсаулық сақтау технологиясын пайдалану жолдары” тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды.

«Білім ұясы: «Ең үздік балабақша – 2016» облыстық байқауында  №  4 «Балапан» балабақшасы ІІІ орынды иеленсе,  «Ең үздік шағын орталық – 2016» облыстық байқауында  №  4 «Құлыншақ» шағын орталығы ІІ орынға ие болды. «Үздік педагог-2016» облыстық байқауынан №7 «Айналайын» балабақшасының тәрбиешісі Гулжан Айтимова ІІІ орынға ие болды.

  Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, аудандағы мектеп жасына дейінгі даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектепке дейінгі ұйым ашу қажеттілігі бүгінгі күннің кезек күттірмес мәселелерінің бірі болып отыр. Бүгінгі таңда бұл санаттағы балалардың барлығы Ақтау қаласындағы облыстық мекемелерге кезекте тіркелген.

  Жалпы орта білім беру:

2015-2016 оқу жылында аудан мектептерінде1-11 сыныптарда 22110 оқушы және мектепалды даярлық сыныбында 1898 бала оқыды (2014-2015 оқу жылында 1-11 сыныптарда 18280 оқушы, динамикасы-3830, мектепалды даярлықта 1769 бала болды, динамикасы-129). Ауданның кешкі мектебінде 106 оқушы оқыды.

Аудан бойынша барлығы 1 сыныпқа келетін 3141 оқушыға 14 663,14 мың  теңге қаражат қарастырылған. Қазіргі таңда 1 сынып оқушыларының мектеп формасы алынуда.

2015-2016 оқу жылында аудан мектептерінде 20 296 (91,8%) оқушыға ыстық тамақтандыру ұйымдастырылды. Ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың 5 782–сі (28,5%) тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді, оның ішінде 2700-іаз қамтылған отбасыларынан шыққан балалар, қалған 3082-сі 1 сынып оқушылары. Бұл - балаларымыздың денсаулығының қалыпты, өсу процесінің тежелуінің, психологиялық ахуалының тұрақтылығын қалыптастырса, отбасына көмек ретінде балалардың білім алып, ел болашағының беріктігінің негізі болып қалыптасуына ықпал ететіні сөзсіз.

Аудан мектептеріндегі ( №  №1 ,2,5,6 о/м) гимназия сыныптарында 356 оқушы, тереңдетілген сыныптарда (№№1,2,4,5,6 ом, Қызылтөбе лицейі) 633 оқушы оқып, оқу жылының қорытындысы бойынша гимназия сыныптарының білім сапасы 62,08%-ды(өткен о.ж.- 74,14%), ал тереңдетілген сыныптардың білім сапасы 85%-ды  (өткен о.ж.-86,5%)құрады. Гимназия сыныптарының оқу сапасының төмендегені мектептерге үлкен сын. Осы мәселені оқу жылының басында мұқият зерттеп, нәтиже шығаруды тапсырамын.

Мектептердің білім сапасын өткен оқу жылдарымен салыстыру кестесін слайд арқылы көруге болады.

Мектеп

2012-2013 о.ж.

2013-2014 о.ж.

2014-2015 о.ж.

2015-2016 о.ж.

үлгерім

сапа

үлгерім

сапа

үлгерім

сапа

үлгерім

сапа

№1 о/м

99,84%

37,80%

98,58%

47,16%

98,9%

38,83%

98,0%

39,6%

№2 о/м

99,69%

36,85%

99,82%

42,02%

99,88%

37,83%

98,07%

38,81%

№3 о/м

100,0%

41,19%

100,0%

42,29%

99,83%

39,79%

100,0%

41,53%

№4 о/м

99,94%

37,18%

99,94%

45,59%

99,76%

41,85%

100,0%

40,14%

№5 о/м

99,08%

38,26%

99,72%

45,26%

98,46%

43,29%

98,38%

45,32%

№6 о/м

99,53%

35,47%

99,78%

38,38%

99,51%

35,78%

99,62%

36,56%

№7 о/м

99,95%

46,72%

100,0%

46,48%

100,0%

43,82%

100,0%

48,45%

№8 о/м

99,56%

40,56%

99,67%

38,50%

99,70%

36,91%

№9 о/м

99,92%

45,29%

100%

48,63%

99,88%

44,21%

№10 о/м

100,0%

45,76%

100,0%

45,18%

100,0%

40,88%

№11 о/м

99,72%

40,41%

99,33%

46,56%

99,26%

43,91%

№11 о/м

99,6%

43,65%

лицей

100,00%

72,43%

100,0%

72,8%

100,0%

68,33%

100,0%

74,47%

Аудан бойынша

99,60%

39,46%

99,77%

42,81%

99,75%

42,3%

99,52%

42,24%

Білім сапасы бастауышта 54,47% (2015-54,29%), орта буында 29,39% (2013-31,32%), жоғары буында 30,54% (2013-29,92%). Өткен жылы тамыз кеңесінде мектептерге тек қана жекелеген балалармен ғана емес, жалпы білім сапасын көтеру бағытында да жұмыстану тапсырылған болатын. Алайда көптеген мектептерде сапа көрсеткіші былтырғымен салыстырғанда төмендеп отыр.

Оқу жылының қорытындысы бойынша 9 сыныпты 1806 оқушы, оның ішінде 46-сы «Үздік куәлікке» бітірді. Соңғы жылдарда негізгі мектепті үздік куәлікке, орта мектепті «Алтын белгі» белгісіне және үздік аттестатқа бітірген оқушылар туралы мәліметті де слайд арқылы танысуларыңызға болады.

Мектеп атауы

2013 ж

2014 ж

2016 ж

Алтын белгі

Үздік аттестат

Үздік куәлік

Алтын белгі

Үздік аттестат

Үздік куәлік

Алтын белгі

Үздік аттестат

Үздік куәлік

Қызылтөбе лицейі

2

3

3

4

2

3

4

1

5

№ 1 о/м

2

1

2

1

5

1

1

3

№ 2 о/м

1

1

2

2

№ 3 о/м

3

2

2

2

10

№ 4 о/м

1

1

1

2

№ 5 о/м

6

2

3

13

3

6

5

№ 6 о/м

1

3

4

№ 7 о/м

1

3

2

5

№8 о/м

3

2

1

3

№9 о/м

2

5

№10 о/м

1

2

№11 о/м

2

№12 о/м

1

Барлығы:

4

6

22

7

6

33

11

17

46

Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ):

Мұнайлы ауданы бойынша 2016 жылы барлық мектеп бітіруші -660, оның ішінде күндізгі мектепте – 607. Олардың ҰБТ –ға қатысқаны  - 374 болды.

Аудан бойынша ҰБТ тапсырған 374 түлектің 351-і (93,85%) төрт пәннен жоғары оқу орнына түсуге  мүмкіндік беретін 50 балдан жоғары ұпай алды.(2015ж. –224 бітіруші -84,5%)

  Орта балл   динамика  ҰБТ-ға барғандар, %

Қызылтөбе лицейі – 101,4(2015ж. –101,3)  + 0,1  97,8 (2015ж.-88,9)

№1 орта мектеп – 98,3 (2015ж. – 88,3)   + 10  85,2 (2015ж. – 92,6) 

№2 орта мектеп – 75,9 (2015ж. – 68,6)  + 7,3  52 (2015ж.- 49,2)

№3 орта мектеп – 82,5 (2015ж. – 74,5)  + 8,0  66,7 (2015ж.- 33,7)

№4 орта мектеп – 79,3 (2015ж. – 66,3)  +13  41,9 (2015ж.- 52,6)

№5 орта мектеп – 101,7 (2015ж. – 95,5)  + 6,2  91,7 (2015ж.- 65,4)

№6 орта мектеп – 91,9 (2015ж. – 84)  + 7,9  30,6 (2015ж.- 46,4)

№7 орта мектеп – 82,8 (2015ж. – 71)  + 11,8  59,6 (2015ж.- 58,9)

№8 орта мектеп – 82,6  (2015ж. – 87,1)  - 4,5  47,8 (2015ж.- 33,3)

№9 орта мектеп – 72,8 (2015ж. – 64,8)  + 8  63,4 (2015ж.- 53,3)

№10 орта мектеп – 91(2015ж. – 84)  + 7  47,1 (2015ж.- 33,3)

№11 орта мектеп – 68,6 (2015ж. – 79)  - 10,4  62,5 (2015ж.- 16,7)

№12 орта мектеп – 79,9  78

Аудан бойынша – 85,5 (2015ж. -79,9)  +5,6   61,6 (2015ж. -53,1)

Ең жоғары балл -121 балды Қызылтөбе лицейінің оқушысы Жоламанова Аружан жинады. 100 және 100-ден жоғары баллды 87 оқушы (2015ж.- 48 оқушы) жинады.Тест қорытындысы бойынша «Алтын белгіге» үміткер 16 оқушының 11-і, «Үздік аттестатқа» үміткер 12 оқушының 2-еуі өз білімдерін дәлелдеді. Сонымен қатар мектеп педкеңесінің шешімімен ҰБТ-да «4» алған  «Алтын белгіге» және Үздік аттестатқа үміткер 15 түлек тоқсандық бағалары мен ҰБТ-дағы бағаларының арифметикалық ортасы бойынша «Үздік аттестат» иегері болды.

2016 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша ауданымыз облыста екінші орынды иеледі. Сондай-ақ ауданымыздың 3 мектебі, атап айтқанда  №  5 орта мектеп (2 орын), Қызылтөбе лицейі (3 орын),  № 1 орта мектеп (6 орын) облыс бойынша ҰБТ-да жоғары көрсеткіш көрсеткен алғашқы ондыққа енді.

Пәндер бойынша талдайтын болсақ, барлығы 153 мұғалім оқушыларды ҰБТ-ға дайындаған, оның ішінде 46-сы жоғары санатты, 56-ы бірінші санатты,  33-3 екінші санатты, 180-3 санатсыз.

Жоғарыдағы диаграммадан барлық пәндерде дерлік өткен оқу жылындағыға қарағанда өсім бар екенін көреміз.

2016 жылы аудан мектептерін бітірген 607 оқушының 374-і ҰБТ-ге қатысса, бітірушілердің 146-сы мемлекеттік грантқа ие болды, оның ішінде 26-сы «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жоба аясында «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша оқуға тусіп отыр. (Қызылтөбе лицейі - 35,  №  5 о.м. - 27,  №  1 о.м. - 15, №  2 о.м. - 13,  №  4 о.м. - 10, №6 о/м –10,  №  3 о.м. - 7,  №  8 о/м –7,  №  9 о.м. - 7,  №  12 о.м. - 7,  №  7 о/м –5,  № 10 о.м. - 2, №11 о.м. - 2)

Соңғы бес жылдағы аудан мектептерінің түлектері алған

 мемлекеттік грант саны

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

30

31

  43

  93

  146

Түлектеріміздің биылғы ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы - орта балл бойынша облыстағыдағы жоғарғы көрсеткішке қол жеткізуі - осы залда отырған ауданның маңдайалды ұстаздары - Сіздердің еңбектеріңіздің жемісі. Осы қызметтеріңіз үшін, қадірлі ұстаздар, білім бөлімінің басшысы ретінде, Сіздерге зор ризашылығымды білдіремін! Еңбектеріңіз жана берсін!

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен оқушылардың сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарында қазақстандық жалпы білім беретін мектептердің PISA (15 жастағы оқушылардың математикалық және ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын, сонымен бірге әртүрлі типтегі мәтіндерді түсінуін салыстырмалы бағалау), TIMSS (4-ші және 8-сынып оқушыларының математикалық және ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын салыстырмалы бағалау) және PIRLS (мәтінді оқу және түсіну сапасын зерделеу) халықаралық салыстырмалы зерттеулеріндегі нәтижесін жақсарту қажеттілігі көрсетілген.

Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, тұлғаның мектепте алған білімі, білігі мен дағдысы адамзат қызметінің әртүрлі саласында, сонымен бірге тұлғааралық қатынастар мен әлеуметтік байланыстарда кездесетін тіршілік міндеттерін жан-жақты шеше білу қабілеті ретінде түсіндіріледі.

2015 жылы PISA, TIMSS Халықаралық зерттеулеріне аудан бойынша 4 білім мекемесі қатысқан болатын.

2016 жылы PIRLSХалықаралық апробациялық зерттеулерінде: №№2, 7 жалпы орта мектептердің 4-сынып оқушылары өз білімдерін сынақтан өткізді.

Педагогикалық кадрлармен жұмыс: біліктілікті арттыру. Әдістемелік жұмыстар, семинарлар, олимпиадалар, байқаулар, сайыстар

Аудандағы  білім беру ұйымдарында  2366 педагог еңбек етуде. Оның  1479 -сы жоғары білімді, 886 мұғалім арнаулы орта білімді. Біліктілігі жоғары санатты мамандар -198,  І санатты – 429, ІІ санаттағы – 539, санатсыз - 1200 мұғалім. Жаңа оқу жылына мектептерге 38 жас маман қабылданды, оның 14 облыс әкімінің грантымен бітірген түлектер.

Жаңа формациядағы ұстаздарды дайындау, ұлт жоспарының 76 қадамы негізінде адам капиталының сапасын көтеру  арқылы еліміздің білім жүйесін халықаралық стандарт деңгейіне жеткізу білімді де білікті мамандар дайындауды талап етеді.  «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана – мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады». Сол себептен жаңа оқу жылында 1 сыныпқа жаңа форматта сабақ беретін 81 мұғалім білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша курста өз білімдерін шыңдаса, 50 мұғалім алдағы уақытта курстан өтеді. Сонымен қатар осындай бағдарламамен бастауыш сыныптарға ағылшын тілі, дене шынықтыру, бейнелеу, технология және музыка пәндерәнен сабақ беретін 66 мұғалім біліктілігін арттырды. 8 білім мекемелерінің басшылары «Кембридж тәсілінің негіздері» бойынша біліктілікті арттыру курстарын бітірді. Сонымен қатар, 2015-2016 оқу жылында аудан бойынша жалпы 1051 мұғалім әртүрлі біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, сертификатқа ие болды.

Педагог кәсібінің қоғамдағы орнын (имиджін) жүйелі түрде арттыру мақсатында ұстаздар арасында да пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар сайысы жүйелі ұйымдастырылуда. Осы тұрғыда облыстық, республикалық деңгейде үлкен жетістіктерге қол жеткізген білім мекемелері арасында  №  №  1,4,5,6 мектептері және Қызылтөбе лицейін атап көрсетуге болады.

Мұғалімдердің олимпиадасы бойынша өткен оқу жылыда жүлдегер саны ауданда-60, облыста-11 болды. Педагогтердің танымдық, спортық сайыстар бойынша аудандық-143, облыстық-59, республикалық-12, халықаралық-8 мұғалім жүлделі орындарға ие болды. Бұл көрсеткіштер- ұстаздарымыздың жыл бойы атқарған ерен еңбегінің нәтижесі деп білемін. Сондықтан осы сәтті пайдаланып мұғалімдер арасында олимпиада, түрлі танымдық байқаулар мен сайыстарда, спорттық сайыстарда жүлделі орындарға ие болып, ауданның даңқын шығарып жүрген барлық ұстаздарға алғысымды білдіремін.

Білім үйлестіру орталығының Кеңестерінде 38 әдістемелік нұсқаулықтар бекітілді. Өткен оқу жылында 33 әртүрлі тақырыпта семинарлар мен конференциялар ұйымдастырылып, оған 1116 педагог тартылды.

Аудан мұғалімдерінің 13-інің, оның ішінде аудан көлемінде -1, облыс көлемінде -6, республика көлемінде -6 озық педагоикалық іс- тәжірибесі таратылды.

Мұғалімнің әлеуметтік жағдайын жақсарту – күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге  және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мақсатында қабылданған «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауданның білім беру ұйымдарына 2015 ж қыркүйегінен қазіргі таңға дейін 268 маманға жетпіс айлық есептік көрсеткішке тең сомада  көтерме жәрдемақы және 84 маманға 1500 айлық есептік көрсеткішке тең сомада әлеуметтік жағдайын жақсарту, тұрғын үй алу  мақсатында пайызсыз несие берілді.

Сонымен қатар аудандық білім ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы білім беру ұйымдарының 6 мұғаліміне 145,0 мың теңге қаржылай көмек көрсетті және ҰБТ-де жылда оқушылардың жоғары көрсеткіш көрсетіп, грантқа ие болуына септігін тигізіп жүрген  №  5 орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі Турбекова Гүлнарға Щучинск қаласындағы «Бурабай» курортына тегін жолдама табысталды.

Оқушылар жетістігі

Өңірлік Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысып, үздік нәтиже көрсеткен Қызылтөбе лицеінің 10-сынып оқушысы Майлыбаев Арман республикалық кезеңге қатысып бағын сынады.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облысытық кезеңінде 15 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Оның ішінде Қызылтөбе лицейінен - 4 оқушы, №3, 6 орта мектептерден - 3 оқушыдан,  №  5 орта мектептен – 2 оқушы, №1, 7, 9 орта мектептерден – 1 оқушыдан орындар алып отыр. Қызылтөбе лицейінің 9-сынып оқушысы Амангелдиева Назым мен №1 орта мектептің 10-сынып оқушысы Алясова Динара  І орын алса, республикалық кезеңге қатысып, Алясова Динара  ІІІ орынды қанжығасына байлады.

«Жарқын болашақ» халықаралық қазақ тілі олимпиадасының облысытық, республикалық кезеңдерінен І орынды жеңіп алған  №3 орта мектептің 11-сынып оқушысы Шомақ Мөлдір Алматы қаласындағы Сүлеймен Димерел атындағы университетке грантқа оқуға түсіп, мерейімізді асырды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша  республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде Қызылтөбе лицеі және  №3, 5, 7, 8, 10 орта мектептерден барлығы  9 оқушы  жүлделі орындарды иеленді. 5 пәннен тестілеуден және іріктеуден турдан өте алмағандықтан оқушыларымыздың жұмыстары  республикалық кезеңге шыға алмай  отырғандығы мұғалімдерімізге сын.

1-7-сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсының облысытық кезеңінде 15 оқушы жүлделі орындарды иеленді. «Зерде» конкурсына белсенді қатысушылар Қызылтөбе лицейі,  №  2, 3, 4, 5, 7, 11 орта мектептің оқушылары болып отыр. Республикалық кезеңге  3 жоба жолдама алып, Қызылтөбе лицеініңі  оқушылары Сәрсенғали Олжас пен Теңдесбаева Жадыра және  №5 орта мектептің оқушысы Оразбай Омар  ІІІ орын иеленсе, Тұрғанбаев Атабек пен  Берекетов Бекзат І орынға табан тіреді.

Мағжан оқуларының аудандық, облысытық кезеңінде І орынды иеленген №10 орта мектептің оқушысы Тілебов Балтабай Павлодар қаласында өткен Мағжан оқуларының республикалық кезеңінде  ІІ орынды иеленді.

2015-2016 оқу жылы бойынша аудан мектептерінің ішінде жоғары белсенділік көрсетіп, оқушылар түрлі сайыс, байқау, конкурстарға қатысып қана қоймай елеулі жетістіктерге жеткен Қызылтөбе лицейі, №№1, 3, 5 орта мектептерді атап өтуге болады.

Тәрбие жұмысы:

Мектептерде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін бекіту туралы  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығын  басшылыққа алып, тәрбиенің 8 бағыты бойынша жұмыс жүргізіліп келеді.

Аудандық білім үйлестіру орталығының 2016 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес,Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді  дамыған  тұлға  тәрбиелеу  мақсатында «Тәрбие жұмыстарын тиімді ұйымдастыру» тақырыбында аудандық семинар, мектептердегі жас жол инспекторлары жасақтарының жұмыстарын қорытындылау, балалардың жол оқиғасынан зардап шегуін болдырмау, жасөспірімдердің арасында жол ережесін сақтауды насихаттау  мақсатында «Жас жол инспекторлар жасағы – 2016» тақырыбында аудандық слет,ішімдіктің адамзатқа тигізетін зиянын түсіндіру және олардан сақтану жолдарын баяндау мақсатында  «Нашақорлық - ғасыр дерті» тақырыбында аудандық байқауы өтті. Семинарда  тәуелсіз  елдің  болашақ  ұрпақтарына патриоттық  тәрбие  беру, елін, жерін сүюге бағытталған тәрбиелік іс-шаралары, әдістемелік  көмек көрстілсе, байқауда  №  1, 2, 3, 9 орта мектеп  оқушылары түрлі бағыттар бойынша I орындарды иеленіп, облыстық  кезеңге  қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Слет қорытындысы бойынша №1 орта мектептің  «Жас инспекторлар»  тобы  I  орынды иеленіп, облыстық  кезеңге  қатысып  I орын  алды.  Қазіргі таңда №1 орта  мектептің  «Жас инспекторлар» тобы Алматы қаласында өтіп жатқан республикалық кезеңге қатысуда. 

  Сонымен қатар балалардың белсенді азаматтық ұстанымын ояту, ауданның гүлденуіне үлес қосуға тәрбиелеу, балалар бастамаларын іске асыру алаңын құру мақсатында 10.03.2016ж. күні «Балалар бастауы-2016»  тақырыбында республикалық байқауының аудандық кезеңі өткізілді.  Байқауда  жаңа идея, жаңаша көзқарас, болашақта қоғамға пайдасы тиетін игі бастама туралы өз ойын ортаға салып,  №  3 орта мектептің 8- сынып оқушысы Дүйсенғалиұлы Ақылжан I орын алды. Сондай-ақ ол байқаудың  облыстық  кезеңінде I орын, республикалық  кезеңінде  III орынға ие болды.

Елімізде тұратын өзге ұлт өкілдері арасында достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, өз ана тілінің қадір-қасиетін сөз құдіретін түсіну, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында 25.02.2016ж. күні  «Қазақстаным менің» тақырыбында үздік тәрбие сағаты байқауы өтті. Байқауда Қызылтөбе лицейінің тарих пәні мұғалімі  А.Муналбаева  I  орын  алып, облыстық  кезеңнен  III орынды иеленді.

Аудандық білім бөлімі жанынан құрылған әжелер кеңесінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, тазалыққа үйрету, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында бірнеше кездесулер, дөңгелек үстелдер, пікірталастар аудандық орталық емхананың дәрігерлерімен, ауыл әкімдерімен және ішкі істер бөлімі, білім бөлімі мамандарының қатысуымен жұмыстар жүргізді.

Білім ұйымдарында жан-жақты жұмыс атқарылғанымен, жасөспірімдер арасындағы қылмыс тоқталар емес. Ағымдағы оқу жылының басында құқық бұзуға бейім, тәрбиеге қиындық келтіретін 5 оқушы аудандық ішкі істер бөлімдеріне, 40 оқушы мектепшілік есепке алынған. Жыл соңында бұл көрсеткіш азайып, аудандық есепте 3, мектепішілік есепте 29 бала қалды. 2015 жылдың қыркүйегінен ағымдағы жылдың 7 айы бойынша  кәмелетке толмағандар арасында 17  қылмыс, оның ішінде 6-ауы мектеп оқушылары жасаған, қалғаны колледж студентері тарапынан орын алып отыр. Осы аралықта Қазақстан Республикасының Әкімшілік Кодексінің талаптарына сәйкес бала тәрбиесіне немқұрайлылықпен қарағаны үшін 28 ата-анаға 5 айлық есептік көрсеткішке тең айыппұл салынды. Бала тәрбиесіне келген сәтте жауапкершілікті ұстаздар иығына арта салу үрдіске айналған. Алайда ұлылардың «Ата-анадан ұрпақ өсіп тараған, жақсы-жаман болса, бәрі солардан» -деп айтқан ұлағатына құлақ түрсек, тәрбиенің негізі-отбасында қаланатындығын көрсетеді. Осы жиынға қатысып отырған барлығымыз - ата-анамыз.

Әрбір орын алған қылмыс бойынша жүргізілген сауалнама қорытындысында ата-ана өз міндетіне баланы бірінші кезекте  материалдық жағдайын қамтамасыз етуді ғана көздеп отыр. Бұл дегеніміз әлеуметтік тұрғыда отбасының тәрбиелік рөлінің әлсіреуіне алып келеді.

Сондықтан оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Мұнайлы ауданында мектептен тыс қосымша білім беретін  5 ұйым, оның ішінде Өнер мектебі, Маңғыстау, Дәулет және Басқұдық селоларында орналасқан жасөспірімдерге арналған 3 Спорт мектебі және 6 аула клубы қызмет етеді.

Қазіргі таңда Өнер мектебінде 309 оқушы, Спорт мектептерінде 1729 оқушы, аула клубтарында 2107 оқушы түрлі мәдени және спорттық үйірмелермен қамтылып отыр. Одан басқа аудан бойынша жалпы білім беретін мектептерде мәдени бағыттағы үйірмелерге 4489 оқушы, спорттық секцияға 5139 оқушы тартылып, аудан бойынша қосымша білім берумен 67% оқушы  қамтылған. Үйірмелерде жыр-терме, жас инспекторлар, жас сарбаз, вокал, көркем өнерпаз, домбыра, хор, би, баскетбол, волейбол, шебер қолдар, тоғызқұмалақ, футбол, шахмат, жеңіл атлетика, қол күресі, жас эколог, жас биолог, дойбы, ұлттық ойындар, жас техник, ансамбль т.б. көптеген үйірмелер жұмыс жасайды.

Аудан мектептерінде қазіргі таңда «Жас Ұлан», «Жас Қыран»  ұйымына қабылданған бала саны 5870 оқушы 26,9% пайызды құрайды. Осы ұйымдармен қамтылған оқушылар санын Қазақстан Республикасы бойынша 2019 жылы - 55% көрсеткішіне жеткізу тапсырмасын орындау мақсатында аудандық жоспар жасақталып төмендегідей іс шаралар жүргізілуде.Балалар қозғалысын дамыту бойынша нұсқаулық – әдістемелік хат дайындау және бекіту жоспарлануда.«Жас Ұлан» БЖҚ бредингін жылжыту шаралар жоспары бойынша аудандық білім беру ұйымдарында оқушыларды тарихи мәдени орындарға экскурция, жорықтарға шығуды ұйымдастырды. соның ішінде №5 орта мектебі «Отпан тау тарихи мәдени кешеніне» 200 оқушы, «Қарақия маңы ойпатына»  45 оқушы, Н.Жантөрин драма театрына 300 оқушыны қамтылды.«Жас Ұлан» БЖҚ тәлімгерлері және үйлестірушілері Қауымдастығын құру жоспарлануда.Балалар қозғалысын ұйымдастыруға қатысуға жоғары курс оқушылары мен студенттері арасындағы ерікті адамдарды жұмылдыру жұмыстары жоспарлануда. Тәлімгерлер үшін слет, семинар, тренингтер, балалар – жасөспірімдер қозғалысының белсенділері үшін семинар- тренингтер  және «Көшбасшылық мектебі» шебер-сыныптары ұйымдастырлуда және жоспарлануда. «Ұланымыз ұлы елдің» көшбасшылардың республикалық форумына ауданымыздан №9 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Абдрахманов Ислам қатысты.

Аудан мектептерінде «Педагог қызыметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығын және Маңғыстау облысының әкімдігінің  Маңғыстау облысының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық  қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы 22.04.2015ж. №115 бұйрығын негізге ала отырып 24 педагог-психолог жұмыс жасайды. 

 Мұнайлы ауданында орналасқан №7 орта мектеп базасында  облыстық білім басқармасы және «Қайсар» әскери патриоттық клубыны, «РАЙ» жедел әлеуметтік орталығының ұйымдастыруымен  облыс мектептерінің педагог-психологтары және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған  «Мектеп оқушыларын келеңсіз жағдайлардан сақтандыру және суицидтің алдын алу бағытында жұмыстарды күшейту» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті. 

Аудандық білім үйлестіру орталығының 2016 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, мектепте педагогикалық әдепті сақтау, ұлттық тәлім-тәрбие беру, мұғалім мен оқушы, ата-ана мен мұғалім және ұжым арасындағы қолайлы психологиялық қарым-қатынас пен  іскерлікті дамыту мақсатында, мектептердің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына, педагог-психологтарына, әлеуметтік педагогтарына және жас мамандарға  «Педагогикалық этиканы сақтау –мектепте қолайлы психологиялық жағдай туғызудың факторы» атты семинар, сонымен қатар аудандық «Сынып жетекшілер» форумы өтті.Форумда  №5 орта мектептің  биология пәні мұғалімі Қаражанова Құрал, №9 орта мектептің физика пәні мұғалімі Қуандық Жазерке,  №1  орта мектептің ағылшын тілі мұғалімі Базарбаева Сандуғаш,  № 1 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Айсаева Гүлсім I орынды иеленіп, облыстық кезеңге қатысып жүлделі орындарға ие болды.

Шығармашылықпен жұмыс жасайтын, біліктілігін көрсете алатын педагог-психологтарды анықтау, қолдау, кәсіптік деңгейін көтеру мақсатында өткізілген аудандық «Үздік психолог-2016» байқауында жүлделі орынға ие болған психологтарБалымбетова  Айгерим байқаудың облыстық кезеңінен I орынды иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алса, Ағанияз Жансая облыстық кезеңде  III орынға ие болды.

 

Білім саласындағы өзгерістер:

Енді биылғы білім саласындағы өзгерістерге тоқталып өтейін.

-2016-2017 оқу жылынан бастап, 1 сыныпта оқу жаңартылған бағдарламалармен өтеді;

- білім беру жүйесі жоспарлы 5 күндік оқу аптасына көшеді;

-1 сынып оқушылары  алдағы оқу жылын 2017 жылдың 30 мамырынан кешікпей аяқтайды;

-5 күндік оқу аптасына көшкеннен кейін бастауыш сынып оқушылары оқуларын 30 мамырдан кешікпей, ал негізгі және жоғары сыныптарда оқитындар -10 маусымға дейін аяқтайды;

-2016 жылдың 1 қыркүйегінен 1 сыныптар, 2017 жылдың 1 қыркүйегінен 1,2,5,7 сыныптар, 2018 жылдың 1 қыркүйегінен 1,2,3,5,6,7,8,10 сыныптар, 2019 жылдың 1 қыркүйегінен 1,2,3,4, 5,6,7,8, 9, 10, 11 сыныптар 5 күндік оқу аптасына көшеді;

-Жаңа үлгілік оқу жоспары 2016 жылдың 1 қыркүйегінен енгізіледі;

-Оқушының дамуына, оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын арттыруға бағытталған критериймен бағалау жүйесі құрастырылды;

-ҰБТ-ны реформалауға байланысты жаңа нормативтік құқықтық акт қабылданады;

-Мектеп директорларының қызметін бағалау мен мониторингтеуді жүргізу бойынша ережелер қабылданады;

-Биылдан бастап негізгі мектептегі «Робототехника» элективті курсы міндетті болып есептеледі. Техникалық шығармашылыққа бағытталған «Робототехника» ғылымын дамыту арқылы баланың логикалық ойлауын дамытып, күнделікті өмірде қолдануға болатын түрлі машина-роботтарды жасауға қызықтырады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен робототехниканың ұлттық балалар лигасы ұйымдастырылуда. Лиганың шеңберінде аудандық, облыстық және республикалық сайыстар өткізіледі. Финалға шыққан 300 команданың жобалары келесі жылы Астанада өтетін ЭКСПО көрмесінде көрсетілетін болады.

Өткен жетістіктерімізді баянды ету, білім сапасын одан әрі арттыру, жаңартылған білім мазмұнын сапалы енгізу мақсатында жаңа оқу жылында мынадай міндеттер қойылады:

1)педагогтардың білім саласына қатысты қабылданған заңнамалар мен құқықтық-нормативтік актілерді, өзгерістерді жетік түсініп, қолдануын қамтамасыз ету;

2) білім берудің инновациялық бағдарламалары мен технологияларды жүзеге асыру арқылы  сапалы білім берудің қол жетімді болуын жоғарылату, интернет желісінің сапалы, қолжетімді қызметін қамтамасыз ету ;

3) білім беру мекемелерінің қызметіне ата-аналар қауымдастығын, үкіметтік емес ұйымдарды, қоғамдық ұйымдарды  белсенді қатыстыру;

4) кәмелетке толмағандардың бос уақытын тиімді өткізу, шығармашылық қабі-
леттерін дамыту мақсатында мектептен тыс ұйымдардың санын көбейту, аула клубтарын ашу жұмыстарын жандандыру;

5) Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, мектепке дейінгі  ұйымдардың әртүрлі типтерімен түрлерін  ашуды жалғастыру;

6)Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытатын сыныптар ашуға дайындық жұмыстарын жалғастыру.


Ақпараттық ресурстар