
Маңғыстау ауылы тұрғындарының назарына!
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңының талаптарына сай, ағымдағы жылдың қазан айының 5 күні сағат 15.00-де Маңғыстау ауылында орналасқан №5 орта мектепте жергілікті қоғамдастықтың мүшелерінің қатысуымен жиналысы өтеді.
Жиналыстың күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланатын болады:
-«Маңғыстау ауылының 50 жылдық» мерей тойын атап өту іс-шаралар бағдарламасын және қаражат шығыстарын талқылау;
-Жергілікіті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелерін талқылау;
«Маңғыстау ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі