Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Бала тәрбиесі - басты назарда


Мұнайлы аудан әкімдігімен бекітілген кешенді жоспар негізінде, құқықбұзушылық, суицид, жыныстық тиіспеушілік, зорлық-зомбылық, ерте жүктіліктің алдын-алу мақсатында  7-11 сынып  арасындағы  оқушылармен  11.01-18.01.2017ж. күндері аралығында кездесудің кестесі  аудан әкімдігімен бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде. Кездесуге облыстық маслихат депутаты, еңбек ардагері, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы, ауданның құметті азаматы Т.Ә.Әміров, аудандық білім бөлімінің басшысы Е.О.Овезов, аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Е.І.Құли, ауыл әкімдері, аудандық ішкі істер бөлімінің юбенальды полиция тобының жетекшісі, полиция майоры  Ж.С.Сарбасова, аудандық  білім  бөлімінің  жанынан  құрылған  ата-аналар  комитеттері  Құлжан Егізқараев, Ақшагүл Рамазанова  қатысты. Көне көз қариялар оқушыларға өздерінің көрегенділіктерін танытып, ақылдарын айтып, ұлдарды қайсарлыққа, жігерлікке шақырса,  қыздарды  инабаттылыққа, ибалы болуға тәрбиелеу бағытындағы кеңестерін айтты. Әр сала мамандары өз ойларын ортаға салды. Кездесу соңында оқушыларды бос уақытын тиімді пайдалануға, өнерге қызығушылық танытуға, кітап оқуға, бойларын келеңсіз жағдайлардан аулақ ұстай білуге шақырып, белгілі композитор Е.І.Құли  өз  репертуарындағы әндерін орындап, кездесуге қатысушы ата-аналар мен оқушылардың  көңіл – күйлерін  көтерді.


Ақпараттық ресурстар