Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Мұнайлы аудандық білім бөлімінің 2016 жылғы жұмыстарының қорытындысы және 2017 жылғы міндеттері


1.  білім бөлімінің 2016 жылғы жұмысын талдау

 

Мұнайлы аудандық білім бөлімінің қызметі ҚР білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындауға бағытталған.

Ауданның білім беру жүйесін дамытудың 2016 жылғы басым бағыттары:

·  Мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша жұмысты жетілдіру;

·  Педагогтардың біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасау;

·  Ауданның білім беру жүйесін қаржыландыру және басқару тиімділігін арттыру.

1.1.  Білім беру желісінің сипаттамасы

Мектепке дейінгі ұйымдар35, олардың ішінде:

-  жеке меншік – 20;

-  мемлекеттік – 15, оның ішінде:

-  балабақшалар – 11;

-  шағын орталықтар –4 (барлығы толық күн жұмыс істейді).

Мектепке дейінгі ұйымдардағы барлық тәрбиеленушілер4279, оның ішінде:

-  жекеменшік балабақшаларда – 1601;

-  мемлекеттік балабақшаларда – 2340;

-  шағын орталықтарда – 338.

Балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту:

-  1 - 6 жас аралығында – 32,4%;

-  3-6 жас аралығында – 69%.

3-6 жастағы  12483 баладан бастауыш сыныптағы -2124, мектепалды даярлық сыныптағы -2113, үй тәрбиесіндегі -2126 баланы қоспағанда 5976 баладан мектепке дейінгі ұйымдармен  3-6 жас аралығындағы 4126 бала  қамтылған,  яғни  3- 6 жастағы балаларды  қамту - 69%.

2016 жылы 175 орындық 4 жекеменшік балабақша («Тұлпар» - 30 орын, «Ақмаржан» - 50 орын, «Аяулым» - 50 орын, «Ақмаржан-Мұнайлы» -45 орын) ашылып, кеңейту есебінен қосымша 61 орын («Ақмаржан» - 25 орын, «Нұрбалапан» - 36 орын) барлығы – 236 орын қосылды.

  Жекеменшік балабақшамен қамтылған бала саны, мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылған балалардың жалпы санынан 37,4 % -ды құрайды.

  2017 жылы Қадамдық жоспар бойынша МЖӘ есебінен 140 орындық балабақша құрылысымен қатар жекеменшік балабақшалар ашу жұмысы өз жалғасын таппақ. Жекеменшік сектор есебінен Басқұдық ауылынан 75 орындық «Ермек», Қызылтөбе ауылынан 60 орындық «Болашақ», Маңғыстау ауылынан 100 орындық «Мұрагер», Қызылтөбе-2 тұрғын массивінен 50 орындық «Сұңқар» балабақшаларын ашу жоспарлануда.

2017 жылдың 1 қаңтарына мектепке дейінгі ұйымдарға кезек – 5607 бала  (олардың ішінде  1190 бала  3-6 жас аралығында).

Ауыл атауы

кезектегі балалардың саны

0-6 жас

0 жас

1-6 жас

3-6 жас

1

Атамекен ауылдық округі

872

87

785

148

2

Басқұдық ауылдық округі

1353

160

1193

476

3

Баянды ауылдық округі

65

6

59

2

4

Дәулет ауылдық округі

447

66

381

41

5

Қызылтөбе ауылы

653

70

583

192

6

Қызылтөбе -2 тұрғын массиві

692

106

586

150

7

Маңғыстау ауылы

847

151

696

158

8

Маңғыстау -4 тұрғын массиві

406

82

324

13

9

Маңғыстау -5 тұрғын массиві

272

32

240

10

БАРЛЫҒЫ

5607

760

4417

1190

Жалпы білім беру мектептері  - 14, олардың ішінде

-  күндізгі орта мектеп – 12;

-  лицей – 1;

-  кешкі мектеп – 1.

Мектептердегі 1-11 сынып оқушыларының барлығы:23825, оның ішінде:

-  күндізгі орта мектепте – 23485;

-  лицейде – 254;

-  кешкі мектепте – 86.

Мектепалды даярлық сыныптарында – 2113.

Мектептерді толықтыру

Оқу жылы

Барлық оқушылар

Барлық сыныптар саны

1-сыныптар

0-11 сыныптар

1-11 сыныптар

оқушылар

сыныптар

2014-2015

19881

18112

834

2588

107

2015-2016

23939

22078

989

3090

129

2016-2017

25881

23769

1080

3249

136

Өткен оқу жылымен салыстырғанда 1-11 сынып оқушыларының саны 1691, сыныптар саны  91 көбейді.

Өткен оқу жылымен салыстырғанда бірінші сыныптардың саны 7-ге, бірінші сыныпқа барғандардың саны 159-ға артты.

Үйде оқитындардың саны  –82 (2015ж- 75).

Қосымша білім беру ұйымдары– 5 (3971 бала), олардың ішінде:

-  Өнер мектебінде - 318 бала

-  Спорт мектептерінде – 1425 бала

-  Оқушы орталығында, оның ішінде 6 аула клубта – 2228 бала.

Қосымша білім берумен қамту  – 17,5%.

Балаларды қосымша білім берумен қамтудың ең төмен көрсеткіші Батыр ауылында. Батыр ауылында тұрғын үйлердің қарқынды құрылысына сәйкес мектеп балаларының саны артып келеді және ол жерден аула клуб ашу қажеттілігі туындайды.

Мектепке дейінгі білім беру

Мектепке дейінгі білім берудегі басты проблемалы мәселе  балаларды мектепке дейінгі оқумен және тәрбиемен қамту болып табылады. Бірақ сонымен бірге мектепке дейінгі тәрбие мазмұнын жетілдіру басты міндет болып қала береді.

Аудандық білім үйлестіру  орталығының 2016  жылғы іс-шаралар  жоспарына  сәйкес №7 «Айналайын» балабақшасында «Жаңа технологияларды пайдалану арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық тәжірибесінің даму деңгейін арттыру», «Балдәурен» жекеменшік балабақшасында «Мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтыру – сауықтыру құзырлылықтарын дамытуда денсаулық сақтау технологиясының тиімділігі» тақырыбында 2 аудандық семинарлар ұйымдастырылып өтті. Семинарға қатысушы педаогтер үшін өзара тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген аудандық семинарлар жоғары  деңгейде болып өтті. Білім беруді ақпараттандыру оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен және «Өрлеу» ұлттық АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру институтында жыл бойы ақылы және мемлекеттік курс семинарлар ұйымдастырылды. Аудан бойынша барлық мектепке дейінгі ұйымдардан жыл бой 56 педагог  қатыстырылып, біліктілігін арттырды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткізілген облысық  «Ханталапай» атты сырттай интеллектуалдық байқауынан ІІ орынмен  №4 «Балапан» балабақшасының тәрбиеленушілері  марапатталды

  2016 жылдың  29-31 наурызы аралығында педагогтер арасында «Білім берудегі инновация және тәжірибе - уақыт талабы» атты педагогикалық  оқылым өтіп, ережеге сәйкес аудан педагогтері облыстық кезеңге қатысып, нәтижесінде «Арай» жекеменшік балабақшасының педагогы Аллаярова Тілектес ынталандыруға ие болды.

  Дәстүрлі өтетін  мектепке дейінгі мекемелердің педагогтерінің арасында  «Үздік педагог – 2016» байқауы болып, ауданнан Бас жүлде алған №7 «Айналайын» балабақшасының тәрбиешісі Айтимова Гүлжан облыстық кезеңге жіберіліп, нәтижесінде облыстан ІІІ-ға ие болып диплом мен сыйлықтарға ие болды.

  Сондай-ақ, «Білім ұясы: Ең үздік балабақша-2016», «Ең үздік шағын орталық -2016» байқаулары ұйымдастырылып жүлделі орын алған №4 «Балапан» балабақшасы мен №4 «Құлыншақ» шағын орталықтарының құжаттары облыстық кезеңге тапсырылып, облыстық кезеңде №4 «Балапан» балабақшасы жүлделі ІІІ орынмен, №4 «Құлыншақ» шағын орталығы ІІ орындарға ие болып арнайы дипломдармен марапатталды.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент күніне орай өткізілген «Ән шырқайық бәріміз!» балалардың ән айту (сырттай) республикалық байқауынан «Ең үздік дуэт» номинациясы бойынша ІІ орын алған №6 орта мектебінің мектепалды тобының тәрбиеленушісі Арсланбек Айдана, Шымырбай Назгүл марапатталды.

1 Маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында Асфальтқа сурет салу  5-6 жас  балалардың арасында  сырттай облыстық сурет сайысы өтіп, ІІ орынмен №9 «Бәйтерек» балабақшасының тәрбиеленушісі марапатталса «Әрқашан күн сөнбесін» сырттай облыстық байқауынан №11 «Шағала» балабақшасының тәрбиеленушісі Табынбай Диана ІІ орынмен марапатталды

Астана күніне байланысты «Астанам – бас  қалам» сырттай облыстық сурет сайысы болып өтті. №11 «Шағала» балабақшасының тәрбиеленушісі Таңжарбай Ұлболсын ІІІ орынға ие болды

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы» атты 5-6 жас балалар арасындағы сырттай мәнерлеп оқу байқауынан №10 «Ақбота» балабақшасының тәрбиеленушісі Қашаған Мирлан ынталандырумен марапатталса, «Ұлы дала ұрпақтары» атты сырттай облыстық  3-6 жастағы балалар шығармашылығы фестивалінің «Әнші балапан» номинациясы бойынша «Арай» жекеменшік балабақшасының тәрбиеленушісі Талғат Айару  ІІ орынмен және «Қолөнер шебері» номинациясы бойынша №7 «Айналайын» балабақшасының тәрбиеленушісі Кесиков Ербол І орын, «Үздік қойылым» номинациясы бойынша №7 орта мектептің МАД тобының тәрбиеленушілері  ІІІ орынға ие болды.

1.2.  Жалпы орта білім беру

Мектеп жұмысы нәтижесінің негізгі көрсеткіштері білім мен қорытынды аттестация сапасының көрсеткіштері болып табылады.

2015-2016 оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы 42,24% құрайды.

2015-2016 оқу жылының қорытындысы бойынша  2450 оқушы оқу үздіктері атанды, олардың арасында 56 түлек 9 сынып оқушылары (2015-54).

Оқу жылы

Оқу жылының аяғындағы барлық оқушылар

Үздіктер

%

Жақсы оқитындар

%

Білім сапасы

Үлгерім

2013-2014

53054

5653

10,7

19051

35,9

45,56 %

99,9 %

2014-2015

18280

2061

11,3

5671

31,03

42,3 %

99,75 %

2015-2016

22110

2450

11,1

6889

31,16

42,24%

99,52 %

Үздіктер контингентін сақтау бойынша жұмыс жеткіліксіз өткізіледі.

Ең көп үздіктердің азаюы 4 сыныптан 5 сыныпқа көшкен кезде болды- 118;  2 сыныптан 3 сыныпқа -28; 3 сыныптан 4 сыныпқа -24; 6 сыныптан 7 сыныпқа – 18; 8 сыныптан 9 сыныпқа көшкен кезде –17 үздік оқушыға азайған. Осылайша, мектепті үздік бітірген тек 29 (4,5%) оқушы, оның ішінде 11 «Алтын белгі» белгісіне және 17-сі үздік аттестатқа ие болды.

үздіктер

2014-2015

2015-2016

динамика

1 сынып

517

617

2 сынып

419

519

+2

3 сынып

368

391

-28

4 сынып

297

344

-24

5 сынып

127

179

-118

6 сынып

93

122

-5

7 сынып

65

75

-18

8 сынып

73

61

-4

9сынып

54

56

-17

10 сынып

30

57

+3

11 сынып

18

29

-1

Үлгермеушілер саны көбейді: 2015 жылы – 55 оқушы, 2016 жылы – 107 оқушы.

Білім сапасының 4%- дан көп артуы Қызылтөбе лицейінде (+6,14%) және  № 7 орта мектепте (+4,63%) байқалады.

Білім сапасының 4 %-дан  көп төмендеуі - № 9 (-4,42%) және 10 (-4,3%) орта мектептерде байқалады.

2015 жылы PISA, TIMSS Халықаралық зерттеулеріне аудан бойынша 4 білім мекемесі қатысқан болатын.

2016 жылы PIRLS Халықаралық апробациялық зерттеулерінде: №№2, 7 жалпы орта мектептердің 4-сынып оқушылары өз білімдерін сынақтан өткізді.

ОЖСБ -2016

2016 жылғы 28 қаңтардағы ҚР Білім және ғылым министрлігінің  № 94 бұйрығымен  оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидалары бекітілді.

ОЖСБ «қағаз түрдегі» тестілеу, яғни жауап парақтары мен сұрақ-кітапшалары көмегімен, сондай-ақ онлайн тәртібінде компьютерлік тестілеу арқылы өткізілді.

Тестілеуге орта білім беру ұйымдарының 4 және 9 сынып оқушылары қатыстырылды. Іріктеу бойынша №4,5,6,8 мектептердің 9 сыныптарында – 587 оқушы,№5,8 мектептердің 4-сыныптарында – 350 оқушы қатысу жоспарланды. Оның ішінде №4,5 мектептердің 9 сынып оқушылары ОЖСБ-ны компьютерлік, 4 сынып оқушылары «қағаз түріндегі» тестілеу бойынша тапсырды.

Тестілеу қорытындысы бойынша ауданның орташа баллы 4 сыныптарда – 16,1 болса, 9 сыныптарда – 27 болды. Ең жоғары нәтижені 9 сыныптар бойынша –№6 мектеп (30,9 балл), 4 сыныптар бойынша №5 мектеп (17,2 балл) көрсетті.

Мектеп атауы

4 сынып бойынша қатысқандар  саны

орташа

балл

9 сынып бойынша қатысқандар  саны

орташа

балл

№4 о/м

115

26,6

№5 о/м

186

17,2

119

25,8

№6 о/м

205

30,9

№8 о/м

154

14,9

141

22,8

Аудан

340

16,1

580

27,0

ҰБТ-2016

374  түлек қатысты – бұл жалпы түлектер санының61,6%:

Жыл

Барлық түлектер

ҰБТ қатысқандар

Қатысу %

ҰБТ бойынша орташа балл

«Алтын белгі»

Растағандар %

1

2014

486

255

52,47 %

78,05

4

44,45 %

2

2015

499

265

53,1 %

79,9

7

70 %

3

2016

607

374

61,6 %

85,5

11

61,12 %

  Мұнайлы ауданы мектептерінің орташа баллы 85,5  баллды құрады.

Облыс бойынша орташа балл– 78,5, Республика бойынша–81,2.

Орташа балл бойынша Мұнайлы ауданы облыстың қалалары мен аудандары арасында 2 орында тұр. 

Бес үздік  нәтижені төмендегі білім беру ұйымдары көрсетті.

2014 жылы

2015 жылы

2016 жылы

Қызылтөбе лицейі –101,4

Қызылтөбе лицейі – 101,3

№5 орта мектеп – 101,7

№5 орта мектеп – 91,8

№5 орта мектеп – 95,6

Қызылтөбе лицейі – 101,4

№6 орта мектеп – 88,6

№1 орта мектеп – 89,3

№1 орта мектеп – 98,3

№1 орта мектеп – 88,5

№8 орта мектеп – 87,1

№6 орта мектеп – 91,9

№3 орта мектеп – 82,3

№6 орта мектеп – 84,0

№10 орта мектеп – 84,0

№10 орта мектеп – 91,0

  Шекті деңгейден төмен алған түлектердің саны – 23 (6,15%).

2014 жылы

2015 жылы

2016 жылы

37

41

23

Мұнайлы ауданындағы мектептер бойынша ҰБТ қорытындысы:

Қызылтөбе лицейі – 101,4(2015ж. –101,3)  + 0,1  97,8 (2015ж.-88,9)

№1 орта мектеп – 98,3 (2015ж. – 88,3)  + 10  85,2 (2015ж. – 92,6) 

№2 орта мектеп – 75,9 (2015ж. – 68,6)  + 7,3  52 (2015ж.- 49,2)

№3 орта мектеп – 82,5 (2015ж. – 74,5)  + 8,0  66,7 (2015ж.- 33,7)

№4 орта мектеп – 79,3 (2015ж. – 66,3)  +13  41,9 (2015ж.- 52,6)

№5 орта мектеп – 101,7 (2015ж. – 95,5)  + 6,2  91,7 (2015ж.- 65,4)

№6 орта мектеп – 91,9 (2015ж. – 84)  + 7,9  30,6 (2015ж.- 46,4)

№7 орта мектеп – 82,8 (2015ж. – 71)  + 11,8  59,6 (2015ж.- 58,9)

№8 орта мектеп – 82,6  (2015ж. – 87,1)  - 4,5  47,8 (2015ж.- 33,3)

№9 орта мектеп – 72,8 (2015ж. – 64,8)  + 8  63,4 (2015ж.- 53,3)

№10 орта мектеп – 91(2015ж. – 84)  + 7  47,1 (2015ж.- 33,3)

№11 орта мектеп – 68,6 (2015ж. – 79)  - 10,4  62,5 (2015ж.- 16,7)

№12 орта мектеп – 79,9  78

Аудан бойынша – 85,5 (2015ж. -79,9)  +5,6  61,6 (2015ж. -53,1)

Көп оқушылар бесінші пән ретінде: физиканы – 122, биологияны- 87 және географияны – 77 тандаған.

Пәндер бойынша орташа балл құрайды:

Пән

Орташа балл

Қатысқандар саны

1

Қазақ тілі

19,9

374

2

Орыс тілі

15,2

374

3

Қазақстан тарихы

19,3

374

4

Математика

14,4

374

5

Физика

16,0

122

6

Биология

16,9

87

7

Химия

18,3

17

8

География

16,8

77

9

Дүниежүзі тарихы

15,6

36

10

Ағылшын тілі

16,7

13

11

Әдебиет

18,4

22

Түлектер ең жоғарғы орташа балды қазақ тілінен, таңдау пәні бойынша қазақ әдебиетінен көрсетті.

Өткен жылмен салыстырғанда барлық пәндер бойынша дерлік орта балл артты.

Оқу жылы

Қазақ тілі

Орыс тілі

математика

Қазақстан тарихы

Физика

Химия

Биология

География

Ағылшын тілі

Дүниежүзі тарихы

әдебиет

2013-2014

18,8

13,6

11,4

17,9

13,1

20,1

16,3

17,5

20,1

18,4

15,6

2014-2015

18,9

13,3

13,1

18,6

14,4

17,1

17,2

16,8

13,2

15,4

17,5

2015-2016

19,9

15,2

14,4

19,3

16,0

18,3

16,9

16,8

16,7

15,6

18,4

ЖОББ секторы және білім үйлестіру орталығы бірлесіп дарынды балалармен жұмысты ұйымдастырады және үйлестіреді.

2015-2016 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облысытық кезеңінде 15 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Оның ішінде Қызылтөбе лицейінен - 4 оқушы, №3, 6 орта мектептерден - 3 оқушыдан,  № 5 орта мектептен – 2 оқушы, №1, 7, 9 орта мектептерден – 1 оқушыдан орындар алып отыр. Қызылтөбе лицейінің  9-сынып оқушысы Амангелдиева Назым мен  №1 орта мектептің 10-сынып оқушысы Алясова Динара І орын алса, республикалық кезеңге қатысып, Алясова Динара ІІІ орынды қанжығасына байлады.

«Жарқын болашақ» халықаралық қазақ тілі олимпиадасының облысытық, республикалық кезеңдерінен І орынды жеңіп алған  №3 орта мектептің 11-сынып оқушысы Шомақ Мөлдір Алматы қаласындағы Сүлеймен Димерел атындағы университетке грантқа оқуға түсіп, мерейімізді асырды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша  республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде Қызылтөбе лицейі және  №3, 5, 7, 8, 10 орта мектептерден барлығы  9 оқушы  жүлделі орындарды иеленді. 5 пәннен тестілеуден және іріктеуден турдан өте алмағандықтан оқушыларымыздың жұмыстары  республикалық кезеңге шыға алмай  отырғандығы мұғалімдерімізге сын.

1-7-сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсының облысытық кезеңінде 15 оқушы жүлделі орындарды иеленді. «Зерде» конкурсына белсенді қатысушылар Қызылтөбе лицейі,  №  2, 3, 4, 5, 7, 11 орта мектептің оқушылары болып отыр. Республикалық кезеңге  3 жоба жолдама алып, Қызылтөбе лицейінің  оқушылары Сәрсенғали Олжас пен Теңдесбаева Жадыра және №5 орта мектептің оқушысы Оразбай Омар  ІІІ орын иеленсе, Тұрғанбаев Атабек пен  Берекетов Бекзат І орынға табан тіреді.

Мағжан оқуларының аудандық, облысытық кезеңінде І орынды иеленген №10 орта мектептің оқушысы Тілебов Балтабай Павлодар қаласында өткен Мағжан оқуларының республикалық кезеңінде  ІІ орынды иеленді.

2016-2017 оқу жылындағы оқушылар арасында өткен «Зерде» ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңіне ауданнан 16 оқушы қатысып, нәтижесінде 14 оқушы төмендегідей нәтиже көрсетті.

 №3 орта мектептің 3-сынып оқушылары Нұрсұлтан Аслан, 7-сынып оқушысы Реймов Нұржау, 1-сынып оқушысы Мұқаш Айдана, №1 орта мектептің 7-сынып оқушысы Жунисова Малика, Орынбасар Мыңсанбек, №5 орта мектептің 6-сынып оқушылары Сәрсен Нұрлыбек пен Қолғанат Абдулахат, Көшмұхан Орынгүл мен Сәттіғұл Гүлназ, 1-сынып оқушысы Жалғасбек Мейіржан, №4 орта мектептің 7-сынып оқушысы Салихов Қуаныш III орынға ие болды.

№5 орта мектептің 6-7сынып оқушылары Тұрғанбаева Жансая мен Тұрғанбаев Атабек, №3 орта мектептің 3-сынып оқушысы Базарбай Ақдидар, Бимер Әсел II-орынды иеленсе, Қызылтөбе лицейінің 6-сынып оқушысы Сәрсенғали Олжас пен №3 орта мектептің 3-сынып оқушысы Сахи Дәнмұхаммед  I-орынды иеленіп, республикаға жолдама алды. 

11-сынып оқушыларына арналған Өңірлік Президенттік Олимпиаданың облыстық кезеңіне ауданнан 5 оқушы қатысып, нәтижесінде Қызылтөбе лицейінің оқушысы Узғанбаева Динара  облыстық кезеңнен  I-орынды иеленді.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңіне ауданнан қатысқан 11 оқушының 10-ы төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді.

№4 орта мектептің 8-сынып оқушысы Елубаев Қанат, Қызылтөбе лицейінің 8-сынып оқушысы Нурахмет Гулбану, 9-сынып оқушысы Байрамқұлы Мөлдір, 9-сынып оқушысы Актореева Айгерім  III орынды, Қызылтөбе лицейінің 8-сынып оқушысы Калиева Гүлжазира,  9-сынып оқушылары Узганбаева Аигерим,  Әжібек Нұрахмет, 11-сынып оқушысы Кемалатдинов Адил II орынды иеленсе, №4 орта мектептің 8-сынып оқушысы Қыдырбай Олжас I-орынды иеленіп,  республикалық кезеңге 9-оқушы жолдама алды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай өткізілген «Дебат» сайысында Қызылтөбе лицейінің  11-сынып оқушысы Нұрадинов Руслан «Үздік спикер» бағыты бойынша  облыстық кезеңнен I орынға ие болды.

08.12-09.12.2016ж. күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі болып өтті. Аудандық  пәндік  олимпиадаға барлығы  779  оқушы қатыстыруға сұраныс беріліп, соның 772-сі қатысты.

  Қазылар алқасының шешімімен 222 оқушы (І,ІІ,ІІІ)  орындармен  марапатталды.  8-сынып пен ІІІ орын алған оқушылардан басқа І және ІІ орын алған 9-11 сыныптардың,  яғни  мектептер бойынша барлығы  57  оқушы  облыстық пәндік олимпиадаға жолдама алды.

 Аудан мектептерінің  аудандық олимпиададағы І, ІІ  орын бойынша салыстырмалы көрсеткіші

Мектептер

2014-2015 оқу жылы

2015-2016 оқу жылы

2016-2017 оқу жылы

І

ІІ

Барлығы

Қатысқан бала саны

Алған орны

І

ІІ

Барлығы

Қатысқан бала саны

Алған орны

І

ІІ

Барлығы

Қатысқан бала саны

Алған орны

Қызылтөбе лицейі

13

10

23

61

І

7

8

15

61

І

4

8

12

61

II

№1 о/м

7

2

9

31

ІІІ

8

7

15

45

І

4

4

8

50

III

№2 о/м

0

5

5

30

Ү

4

4

34

Ү

1

1

2

60

VI

№3 о/м

2

2

4

24

ҮІ

7

2

9

42

ІІІ

3

5

8

67

III

№4 о/м

2

4

6

32

ІҮ

2

2

38

ҮІІ

1

1

2

61

VI

№5 о/м

6

7

13

46

ІІ

6

9

15

50

І

7

7

14

63

I

№6 о/м

3

6

9

52

ІІІ

4

6

10

51

ІІ

9

5

14

73

I

№7 о/м

3

2

5

30

Ү

1

2

3

31

ҮІ

-

-

-

57

VII

№8 о/м

0

1

1

39

ҮІІІ

3

5

8

46

ІҮ

2

5

7

53

III

№9 о/м

3

2

5

44

Ү

1

1

2

43

ҮІІ

3

1

4

60

IV

№10 о/м

0

2

2

9

ҮІІ

1

1

17

ҮІІІ

1

2

3

58

V

№11 о/м

0

0

0

19

ІХ

1

1

17

ҮІІІ

-

2

2

41

VI

№12 о/м

0

22

ХІ

-

-

-

68

VIII

Барлығы

39

43

82

417

41

44

85

497

35

41

76

772

Аудан мектептерінің 2016-2017 оқу жылындағы  аудандық олимпиададағы  І,ІІ,ІІІ  орындар бойынша орналасуы

Мектептер

І

ІІ

ІІІ

Жүлдегерлер

 саны

Қатысқан бала саны

Сапа

Алған орны

Қызылтөбе лицейі

4

8

19

31

61

50,8

ІІ

№1 о/м

4

4

13

21

50

42

ІІІ

№2 о/м

1

1

10

12

60

20

ІХ

№3 о/м

3

5

11

19

67

28,3

Ү

№4 о/м

1

1

13

15

61

24,5

ҮІІ

№5 о/м

7

7

19

33

63

52,3

І

№6 о/м

9

5

16

30

73

41,1

ІҮ

№7 о/м

-

-

3

3

57

5,2

ХІІ

№8 о/м

2

5

8

15

53

28,3

Ү

№9 о/м

3

1

9

13

60

21,6

ҮІІІ

№10 о/м

1

2

5

8

58

13,7

ХІ

№11 о/м

-

2

9

11

41

26,8

ҮІ

№12 о/м

-

-

11

11

68

16,1

Х

Барлығы

35

41

146

222

772

28,7

Ескерту! Орындар сапамен шығарылған жоқ,  санымен шығарылды. (Жүлдегерлер санының қатысқан бала санына қатынасынан)

 

Оқулықтармен қамтылу

  2016-2017 оқу жылына 144 195,0 мың  теңге  бөлініп, оның 140 000,0 теңгесіне Алматы, Астана, Көкшетау және Шымкент қалаларындағы 11 баспанан 153063 дана оқулықтар мен оқу-әдістемелік нұсқаулықтар сатылып алынды. 1,7 сыныптың барлық оқулықтары, 4 сыныптың ағылшын тілі, 9 сыныптың зайырлылық және дінтану негіздері оқулықтарының жаңадан басылып шығуына байланысты 100% және 30% қорландыру циклынан басқа да оқулықтарға сұраныстар бойынша тапсырыс берілді.  Тамыз айында 11 баспаның оқулықтары мен оқу-әдістемелік нұсқаулықтары толық алынып, білім беру ұйымдарына бөлініп таратылды. Қалған оқулықтар, яғни 1 сыныптың математика оқулықтары мен жазба дәптерлерінің екінші бөлімі келісімшарт бойынша қазан айының 1-не дейін жеткізілді. Бұған қоса қазан айында қосымша 15 147,0 мың теңгеге 4,6,7 сыныптарының 1444 дана оқулықтары алынды. Биылғы оқу жылында мектеп оқушыларын оқулықпен қамту 100% болды.

Жазғы сауықтырумен қамту

Мұнайлы ауданы бойынша 1-10 сыныпта барлығы 21503 бала бар. Оның ішінде мектеп жанынан ашылатын лагерлерге 1350 бала, аудан бойынша ата-ана есебінен 4443 оқушы, ағымдағы жылы ашылатын қала сыртында орналасқан лагерлерге 350 бала, аула клубтары мен мектеп алаңдарындағы лагерлерге 2107, 1 күндік саяхат, жорықтармен 6608, мектеп жанынан кәсіптік спорттық лагерлерге 5507 бала, барлығы 20365 яғни, 94,7%-ы жазғы сауықтыру демалысымен қамтылды.

Жылдағы жоспарға сәйкес,  №  4,5,6 орта мектептер жанынан жазғы демалыс лагері ашылып, оған аудандық бюджеттен 34451,0 мың теңге қаражат қарастырылды және 1350 балажазғы сауықтыру демалысымен қамтылды. Оқушылар орталығына жергілікті бюджеттен 17151,0 мың теңге бөлініп, оған «Фламинго»  сауықтыру лагеріне 350 балаға тегін жолдама беріліп, жазғы сауықтырумен қамтылды. Сонымен қатар, облыстық «Дарын» қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Балдәурен» оқу-сауықтыру базасындағы жазғы демалысқа 51 бала жіберілсе, Алматы қаласында «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру сауықтыру орталығына 5 бала кетті. Облыстық қазақ-түрік лицейінің ұйымдастырумен  ағылшын тілін үйрету мақсатында 12 күндік жазғы сауықтыру демалысына 50 бала қамтылды. «АДЖИП Каспиан Си Б.В.» компаниясының демеушілігімен жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған және тұрмысы төмен отбасы балалары Италияның Чезенатико қаласына  демалысқа жіберілді.

Жұмыспен қамту

  2016 жылдың қорытындысы бойынша 9 сыныпты 1818 оқушы бітіріп, оның 991-і  колледжге оқуға түсті, 827 –сі 10 сыныпта оқиды. Осылайша, 9 сыныптардың 45,5% түлегі 10 сыныптарда оқуларын жалғастырып жатыр.  Өткен оқу жылымен салыстырғанда оныншы сынып оқушыларының саны 3,9% азайды.

  Орта мектеп курсын 660, оның ішінде күндізгі мектепті 607, кешкі мектепті 53 түлек аяқтады. 146 түлек ЖОО оқуға мемлекеттік білім гранттарына ие болды, 257 түлек ЖОО ақылы негізде түсті, 148 түлек колледждерге түсті. Түлектердің 83,5 % оқуды жоғарғы оқу орындарында және колледждерде жалғастырып жатыр. Түлектердің 74-і жұмысқа орналасып, 6-ауы әскери қатарда Отан алдындағы борышын өтеуде.

2014 жыл

2015жыл

2016жыл

Барлық түлектер

510

555

660

ҰТБ тапсырғандар

255

265

374

Барлық гранттар

43

93

146

Грантқа ие болған түлектердің үлесі

16,9%

35,1%

39,0%

 

Кестеде көрсетілгендей, гранттардың жалпы саны 4% көбейді.

  2016 жылы аудан мектептерін бітірген 607 оқушының 374-і ҰБТ-ге қатысса, бітірушілердің 146-сы мемлекеттік грантқа ие болды, оның ішінде 26-сы «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жоба аясында «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша оқуға тусіп отыр. (Қызылтөбе лицейі - 35,  №  5 о.м. - 27,  №  1 о.м. - 15, №  2 о.м. - 13,  №  4 о.м. - 10, №6 о/м –10,  №  3 о.м. - 7,  №  8 о/м –7,  №  9 о.м. - 7,  №  12 о.м. - 7,  №  7 о/м –5,  № 10 о.м. - 2, №11 о.м. - 2)

1.3.  Тәрбие жұмысы. Қосымша білім беру.

Мектептерде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін бекіту туралы  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығын  басшылыққа алып, тәрбиенің 8 бағыты бойынша жұмыс жүргізіліп келеді.

Аудандық білім үйлестіру орталығының 2016 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді  дамыған тұлға тәрбиелеу мақсатында «Тәрбие жұмыстарын тиімді ұйымдастыру» тақырыбында аудандық семинар, мектептердегі жас жол инспекторлары жасақтарының жұмыстарын қорытындылау, балалардың жол оқиғасынан зардап шегуін болдырмау, жасөспірімдердің арасында жол ережесін сақтауды насихаттау  мақсатында «Жас жол инспекторлар жасағы – 2016» тақырыбында аудандық слет,ішімдіктің адамзатқа тигізетін зиянын түсіндіру және олардан сақтану жолдарын баяндау мақсатында  «Нашақорлық - ғасыр дерті» тақырыбында аудандық байқауы өтті. Слет қорытындысы бойынша I орынды иеленген №1 орта мектептің  «Жас инспекторлар» тобы облыстық кезеңге қатысып  I орынды иеленді және Алматы қаласында өткен республикалық кезеңге қатысып жеке бөлімдер бойынша дипломдармен марапатталды. 

  Сонымен қатар балалардың белсенді азаматтық ұстанымын ояту, ауданның гүлденуіне үлес қосуға тәрбиелеу, балалар бастамаларын іске асыру алаңын құру мақсатында 10.03.2016ж. күні «Балалар бастауы-2016» тақырыбында республикалық байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Байқауда жаңа идея, жаңаша көзқарас, болашақта қоғамға пайдасы тиетін игі бастама туралы өз ойын ортаға салып,  № 3 орта мектептің 8- сынып оқушысы Дүйсенғалиұлы Ақылжан I орын алды. Сондай-ақ ол байқаудың облыстық кезеңінде I орын, республикалық  кезеңінде  III орынға ие болды.

Елімізде тұратын өзге ұлт өкілдері арасында достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, өз ана тілінің қадір-қасиетін сөз құдіретін түсіну, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында 25.02.2016ж. күні  «Қазақстаным менің» тақырыбында үздік тәрбие сағаты байқауы өтті. Байқауда Қызылтөбе лицейінің тарих пәні мұғалімі  А.Муналбаева  I  орын  алып, облыстық  кезеңнен  III орынды иеленді.

Аудандық білім бөлімі жанынан құрылған әжелер кеңесінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, тазалыққа үйрету, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында бірнеше кездесулер, дөңгелек үстелдер, пікірталастар аудандық орталық емхананың дәрігерлерімен, ауыл әкімдерімен және ішкі істер бөлімі, білім бөлімі мамандарының қатысуымен жұмыстар жүргізді.

Білім ұйымдарында жан-жақты жұмыс атқарылғанымен, жасөспірімдер арасындағы қылмыс тоқталар емес. 2015 жылдың желтоқсанында құқық бұзуға бейім, тәрбиеге қиындық келтіретін 7 оқушы аудандық ішкі істер бөлімдеріне, 33 оқушы мектепшілік есепке алынған. 2016 жылдың соңында бұл көрсеткіш азайып, аудандық есепте 6, мектепішілік есепте 29 бала қалды.

Сондықтан оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Мұнайлы ауданында мектептен тыс қосымша білім беретін  5 ұйым, оның ішінде Өнер мектебі, Маңғыстау, Дәулет және Басқұдық селоларында орналасқан жасөспірімдерге арналған 3 Спорт мектебі және 6 аула клубы қызмет етеді.

Қазіргі таңда Өнер мектебінде 318 оқушы, Спорт мектептерінде 1425 оқушы, аула клубтарында 2228 оқушы түрлі мәдени және спорттық үйірмелермен қамтылып отыр. Одан басқа аудан бойынша жалпы білім беретін мектептерде мәдени бағыттағы үйірмелерге 6845 оқушы, спорттық секцияға 3152 оқушы тартылып, аудан бойынша қосымша білім берумен 58,8% оқушы қамтылған. Үйірмелерде жыр-терме, жас инспекторлар, жас сарбаз, вокал, көркем өнерпаз, домбыра, хор, би, баскетбол, волейбол, шебер қолдар, тоғызқұмалақ, футбол, шахмат, жеңіл атлетика, қол күресі, жас эколог, жас биолог, дойбы, ұлттық ойындар, жас техник, ансамбль т.б. көптеген үйірмелер жұмыс жасайды.

Аудан мектептерінде қазіргі таңда «Жас Ұлан», «Жас Қыран»  ұйымына қабылданған бала саны 8345 оқушы 37,7% пайызды құрайды. Осы ұйымдармен қамтылған оқушылар санын Қазақстан Республикасы бойынша 2019 жылы - 55% көрсеткішіне жеткізу тапсырмасын орындау мақсатында аудандық жоспар жасақталып төмендегідей іс шаралар жүргізілуде. Балалар қозғалысын дамыту бойынша нұсқаулық – әдістемелік хат дайындау және бекіту жоспарлануда.«Жас Ұлан» БЖҚ бредингін жылжыту шаралар жоспары бойынша аудандық білім беру ұйымдарында оқушыларды тарихи мәдени орындарға экскурция, жорықтарға шығуды ұйымдастырды. Соның ішінде №5 орта мектебі «Отпан тау тарихи мәдени кешеніне» 200 оқушы, «Қарақия маңы ойпатына»  45 оқушы, Н.Жантөрин драма театрына 550 оқушыны қамтылды. «Жас Ұлан» БЖҚ тәлімгерлері және үйлестірушілері Қауымдастығын құру жоспарлануда. Балалар қозғалысын ұйымдастыруға қатысуға жоғары курс оқушылары мен студенттері арасындағы ерікті адамдарды жұмылдыру жұмыстары жоспарлануда. Тәлімгерлер үшін слет, семинар, тренингтер, балалар – жасөспірімдер қозғалысының белсенділері үшін семинар-тренингтер және «Көшбасшылық мектебі» шебер-сыныптары ұйымдастырлуда және жоспарлануда. «Ұланымыз ұлы елдің» көшбасшылардың республикалық форумына ауданымыздан №9 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Абдрахманов Ислам қатысты.

Аудан мектептерінде  2016-2017  оқу жылында алғашқы әскери дайындық пәнін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №606 «Алғашқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру туралы» бұйрығын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы бекіткен 2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқаулық хатты басшылыққа алып жүргізеді. «Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығы» ұйымдастыруымен өткізілген облыстық «Ең үздік әскери жетекші» байқауында №3 орта мектептің бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдаструшы-оқытушысы Жұмағалиев Нұрпейіс Аманжолұлы I орын, облыстық «Ең үздік дене тәрбиесі пәні мұғалімі» байқауында №5 орта мектептің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Ж.Қалдыбаев  І орынды алды. 

  07.10.2016ж. күні №12 орта мектеп базасындаұстаздар күні мерекесіне орай  «Ізгілік көрсем, бас иіп өтем сен бе деп...»  тақырыбында аудан әкімі Н.Тәжібаевтің аудан ұстаздарын құттықтау салтанатты жиыны өтті.

  Мұнайлы аудандық білім  бөлімінде «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі – 25 жұлдызды күн» жоспары жасақталып, бекітілді. Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеуде мемлекеттіліктің, халықтың бірлігі мен барша қазақстандықтың  «Мәңгілік Ел» құндылықтарының аясында топтасуын нығайту, 25 жыл ішіндегі Қазақстанның жетістіктері мен табыстарын паш ету, ел үшін мақтаныш сезімін нығайту, балаларды елін, жерін сүюге баулып, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында төмендегідей жұмыстар атқарылды.

  Аудан мектептерінің 9 сынып оқушылары арасында  №2 орта мектепте  «Ата Заң – ел негізі» тақырыбында конференция өтті. «Ұлы дала ұрпақтары» тақырыбында 3-6 жас балалар арасында  аудандық балалар шығармашылығы фестивалі өтті. 5-6 жастағы балалар арасында «Елін сүйген, елі суйген Елбасы» тақырыбында аудандық сырттай байқау,  бастауыш сыныптар арасында «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 қолөнер» тақырыбында аудандық сырттай байқау өткізілді. «Тәуелсіздік Қазақстанның сан ғасырлар арманы», «Тәуелсіз елім – тірегім, туған тілім - жүрегім», «Егемендік – Ел бақыты», «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік», «Тәуелсіздік туы көтерілген күн», «Тәуелсіздік –еліміздің ерлік жолы»,  «Тәуелсіздік  теңдесі жоқ байлығым», «Біздің тарих – бұл да қалың тарих» тақырыптарында тәрбие сағаттары, «Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында салтанатты жиындар өткізілуде. «Жетістіктер тарихы» тақырыбында білім беру ұйымдарында шеберлік сынып сабақтары өткізілді. Онда оқушы және педагог қызметкерлер арасында  25 жыл ішіндегі Қазақстанның жетістіктері мен табыстары туралы пікірталастар болды.

  «Біз Тәуелсіз елдің болашағымыз» тақырыбында 8-11 сынып оқушылары арасында флеш-моб, «Қазақстан – болашағы біртұтас ел» тақырыбында 9-11 сынып оқушылары арасында «Дебат зияткерлік ойыны» өтті.  «Желтоқсанда мұзда жанған  алауым, Желбіретті Тәуелсіздік жалауын» тақырыбында оқушылар арасында «Тайталас» зияткерлік сайысы өткізілді. Қазақстан Республикасының  мемлекеттік рәміздрін насихаттау мақсатында «Еліме арнау» тақырыбында 6 сынып оқушылары арасында конкурс, кітапханаларда «Тәуелсіз Қазақстанның тарихи кезеңдері», «Тәуелсіздік тірегім» тақырыптарында көрме ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары арасында «Патриоттық әндер -2016» аудандық байқауы, «Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан» тақырыбында тәлімгер және оқушылар арасында дөңгелек үстел өткізілді.

Аудан мектептерінде «Педагог қызыметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығын және Маңғыстау облысының әкімдігінің  Маңғыстау облысының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы 22.04.2015ж. №115 бұйрығын негізге ала отырып 24 педагог-психолог жұмыс жасайды. 

 Аудандық білім үйлестіру орталығының 2016 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, мектепте педагогикалық әдепті сақтау, ұлттық тәлім-тәрбие беру, мұғалім мен оқушы, ата-ана мен мұғалім және ұжым арасындағы қолайлы психологиялық қарым-қатынас пен  іскерлікті дамыту мақсатында, мектептердің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына, педагог-психологтарына, әлеуметтік педагогтарына және жас мамандарға «Педагогикалық этиканы сақтау –мектепте қолайлы психологиялық жағдай туғызудың факторы» атты семинар, сонымен қатар аудандық «Сынып жетекшілер» форумы өтті. Форумда  №5 орта мектептің  биология пәні мұғалімі Қаражанова Құрал, №9 орта мектептің физика пәні мұғалімі Қуандық Жазерке, №1  орта мектептің ағылшын тілі мұғалімі Базарбаева Сандуғаш,  № 1 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Айсаева Гүлсім I орынды иеленіп, облыстық кезеңге қатысып жүлделі орындарға ие болды.

Шығармашылықпен жұмыс жасайтын, біліктілігін көрсете алатын педагог-психологтарды анықтау, қолдау, кәсіптік деңгейін көтеру мақсатында өткізілген аудандық «Үздік психолог-2016» байқауында жүлделі орынға ие болған психологтар Балымбетова Айгерим байқаудың облыстық кезеңінен I орынды иеленіп, республикалық кезеңде «креативный психолог» номинацияын иеленсе, Ағанияз Жансая облыстық кезеңде  III орынға ие болды.

  Аудан мектептерінде құқықбұзушылық, қаңғыбастық, нашақорлық, суицид, жыныстық тиіспеушілік, зорлық-зомбылық, ерте жүктіліктің алдын-алу мақсатында 7-11 сынып арасындағы оқушылармен 25.01-28.01.2016ж. және 19.09-24.09.2016ж. күндері аудандық білім бөлімінің басшысы, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі, аудандық орталық аурухананың директоры, ата-аналар кеңесінің төрағасының қатысуымен бірге кездесулер ұйымдастырылды. Әр сала мамандары өз ойларын ортаға салып, оқушыларға барлық келеңсіз жағдайлардың алдын алу бағытында түсінік жұмыстары жүргізілді.

Аудандық білім үйлестіру орталығының 2016 жылғы іс-шаралар  жоспарына сәйкес, балалар арасындағы қарым-қатынастар мен іс-әрекеттердің ізгілікке негізделуі және ұлттық тәлім-тәрбиеге бағытталуы, мейірімділік пен парасаттылық, шынайы адамгершілік қасиеттердің ұрпақ бойынан табылуын дұрыс қалыптастыру мақсатында 12.12.2016ж. күні  №7 орта мектепте «Ертеңгі ел тірегі – болашақ ұрпақ» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарға ішкі істер бөлімі, білім бөлімі мамандары, білім бөлімі жанынан құрылған ата-аналар комитеті, аудандық «Азаматтық бастама қоғамдық бірлестігі», «Мұнайлы – жастар жолы» қоғамдық қоры үкіметтік емес ұйым мүшелері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, сынып жетекшілері, мектептің ата-аналар комитет мүшелері қатысты. Семинарда «Ақырын жүріп анық бас...»  тақырыбында ерте жүктіліктің алдын алу және қыз оқушы тәрбиесіне байланысты  пікірталас, «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында дөңгелек үстел, «Өскелең ұрпаққа жан-жақты тәрбие беруде отбасы мен мектептің рөлі» тақырыбында коучинг, «Өзіңді және өзгелерді сыйлай біл!» тақырыбында тренинг өткізілді. Семинарға қатысушылар бала тәрбиесіне қатысты көп әдістемелік көмек алып, өз ойларын ортаға салды.

  Білім бөлімінің  2016 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, аудандық білім беру ұйымдарында діни экстремизмнің алдын алу мақсатында іс-шаралар жүргізілді. Мектептерде «Діни экстремизмнің алдын алу – барлығымыздың міндетіміз», «Имандылық жүрекке ұяласа», «Ибалы адам– иманды қоғам», «Әдептілік – рухани адамгершіліктің белгісі», «Ислам діні – имандылық бастауы» т.б. тақырыптарда тәрбиелік шаралар өткізіліп, «Оқушы жастар бойында экстремистік іс-әрекеттерге қарсы қимылдарды қалыптастырудағы отбасының тәрбиелік мүмкіндігі» атты баяндама оқылды. Білім басқармасының хатына сәйкес,  оқушылар мен мұғалімдерге «Исламның ұлтқа көзқарасы», «Ойланайық, бауырлар!» тақырыбындағы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдар таныстырылды.  Жүрегі «қазақ» деп соққан халықтың ұрпағы бүгінде хақ дін мен жат діннің ара жігін ажырата алмай, әкесі мен анасын, Отанын сатып, кәпірлермен соғысамыз деп шекара асып адасуы оқушыларымызға терең ой салды.

  Мектеп психологтары 1-11 сынып оқушыларынан әр тоқсан сайын сауалнама алып, намаз оқитын оқушыларды  анықтайды. 2015 жылды 45 намаз оқитын оқушымен аяқтсақ, 2016 жылдың желтоқсан айында  104 оқушы болып отыр.

Білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар бекітіліп, ата-аналарға, оқушыларға таныстырылды. Осыған қарамастан, биылғы оқу жылының басында мектепке 5 оқушы хиджаб киіп келді. 

Мұнайлы аудандық  білім бөлімі  аудандық білім беру ұйымдарындағы намаз оқитын, хиджаб киетін оқушылардың ата-аналарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ,  21.10.2016ж. күні сағат 15.00-де №12 орта мектепте (35 мұғалім, 165 оқушы, 20 ата-ана), 21.10.2016ж. күні сағат 17.00-де №11орта мектепте (58 мұғалім, 421 ата-ана) оқушылардың,  ұжымның, ата-аналардың діни сауатын көтеру, өзге діни ағымдарға кіріп кетудің және экстремизм мен терроризмнің алдын алу, Ислам діні туралы дұрыс түсінік қалыптастыру үшін  аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Ж.Суйтов пен облыстық дін істері басқармасының теолог маманы Қыпшақбаев Нұрперзент қатысып, сұрақтарына нақты жауап берді.

12.11.2016 жылы №12 орта мектептің психологтары С.Төлегенова мен С.Базарбаева 7 «Г» сыныбына «Мен» бейнесін айқындау, оқушы бойындағы жағымды қаситтерді ашып, жағымсыз қасиеттерден арылуға жағдай жасау, баланың өзін-өзі танып, өзіне деген сенімділігін арттыруға бағытталған тренинг өткізсе, 18 қараша күні №12 орта мектептің хиджаб киетін  7-сынып оқушылары Амандық Гүлдана мен Қыдырқұл Әселдің ата-анасымен Ар-Рахман мешітінің имамы Юнус Асга түсінік жұмысын жүргізді. Ата-аналармен жақын танысу, жеке әңгімелесу, діни көзқарастарын анықтау оң әсерін тигізіп, кездесуден кейін аталған екі оқушы да хиджабын шешіп, мектеп формасында киініп жүр.  Қазіргі таңда  (3 оқушы)  №9 орта мектептің 1-сынып оқушысы Төлеуқазина Ақбота мен 3-сынып оқушысы Төлеуқазы Мадина, №11 орта мектептің 2-сынып оқушысы Кукыбаева Айша мектеп партасында хиджаб киіп отыр.

  Аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі мен білім бөлімінің бірлескен  жоспры бойынша кесте жасақталып, аудандық ақпараттық-түсіндіру тобы және облыстық дін істері басқармасының теолог мамандары Сейілханов Нұрбол мен Мырзахметов Хамиттің қатысуымен 2016 жылдың қаңтар-наурыз айларында  дөңгелек үстел, кездесулер өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, қыркүйек айының 06-27 аралығында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, 4 қазан мен 17 қараша аралығында мектептің мұғалімдеріне түсіндіру жұмыстары жүргізді. 2017 жылдың қаңтар-ақпан айларынан бастап мектеп оқушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

29.02.2016ж. күні Диструктивті діни ағымдардан зардап шеккен тұлғаларға оңалту және емдеу жұмыстарын жүргізетін мамандарды оқыту» тақырыбында «Асар» ақпараттық-талдау орталығы ЖММ және облыстық дін істер басқармасының ұйымдастыруымен семинар-тренинг өтті. Оған аудандық білім беру ұйымдарынан 12 психолог қатысты.

Білім беру ұйымдарында «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні бойынша  15 мұғалім сабақ береді. Мұғалімдердің барлығы да біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Мектептердегі «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің өту барысын бақылау желтоқсан-қаңтар айларына жоспарланып, 5 мұғалімнің сабағына бақылау жасалды. Мұғалімдер жаңа технологияларды қолдану арқылы жан-жақты ақпараттарды,  бейнероликтерді  пайдалана  отырып, жаңа фарматтағы сабақ көрсете білді. Оқушылар сабақта белсенділік танытты. Жаңа оқулыққа сәйкес жұмыс жүргізіліп отыр.

2016 жылы Оқушылар орталығы «Қосымша білім беру жүйесінде инновациялық үрдістердің ұрпақ тәрбиесіне ықпалы» атты аудандық семинар, «Жаңа технологиямен оқыту арқылы үйірме мүшелерінің шығармашылық қабілеттерін дамыту» атты  аудандық семинар-практикум, "Ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы үйірме жұмыстарының маңызы" атты семинар өтізді.

Халықаралық, республикалық, облыстық мұғалімдер олимпиадаларының, байқауларының, жарыстарының қорытындысы:

Мұғалімнің аты-жөні

пәні

қатысқан шараның аты

1

Халмуратова Элмира Қайырмухаммедова

«Би»  үйірме

жетекшісі

Халықаралық  «Ақсұңқар» би байқауы

І орын

2

Халмуратова Элмира Қайырмухаммедова

«Би»  үйірме

жетекшісі

 «Күншуақ» Республикалық фестивалі конкурсы І орын

3

Кащиева Жаныл Бисембайқызы

«Домбыра» үйірме жетекшісі

ІІІ Республикалық «Жадыра, жас дарын!» фестиваль-конкурсы

І орын

4

Айтымова Жанар Исмаилқызы

«Ән»  үйірме

жетекшісі

Республикалық «Айгөлек»  дарынды балалар байқауы

5

Қаламова Аглес Темирбековна

«Тоғызқұмалақ»  үйірме жетекшісі

Республикалық

«Ардагер ұстаздар арасында өткен тоғызқұмалақтан жарыс» 

Республикалық қашықтық олимпиада, байқауларының, жарыстарының

қорытындысы (2015-2016ж)

Қосымша білім педагогы

Үйірме

Қатысқан шараның аты

Алған орны

1

Текеева Ұлжан

"Сурет" үйірме жетекшісі

"Ал біздің аулада..."

ІІ орын

2

Эсметова Турсунай

"Ағылшын тілі" үйірме жетекшісі

"Ал біздің аулада..."

ІІІ орын

3

Ж.Ақын

М. Жайдарлы

Ә. Ерғали

«Тайбурыл» аула клубының білім алушылары

Ағылшын тілі  пәні бойынша инфоурок

І

І

ІІІ

Республикалық, облыстық, аудандық мұғалімдер мен оқушылардың байқаулар мен жарыстарының қорытындысы: (2015-2016)

Қосымша білім педагогы

Лауазымы

Байқаудың

атауы

Алған орны

1

Толқынхан Екпін

"Ән" үйірме жетекшісі

Маңғыстау жұлдыздары (хор)

ІІ орын

2

Тастемірова Гүлжайна

"Би" үйірме жетекшісі

Маңғыстау жұлдыздары (хор)

ІІ орын

3

Қарынбай Қуандық

"Ән" үйірме жетекшісі

Маңғыстау жұлдыздары (хор)

ІІ орын

4

Базарбаева Сайра

"Сурет" үйірме жетекшісі

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай облыстық «Тарих қылқалам ұшымен»

«Үздік тақырыптық шығарма» номинация

5

ВИА «Өркен»

"Ән" үйірмесі

аудандық «Әскери-патриоттық әндер » байқау

І орын

6

Каламова Жансая

"Тоғызқұмалақ" үйірме жетекшісі

аудандық әйелдер арасында командалық жарыс

ІІ орын

7

А. Амангелдиева,

Қ. Төремұратов

«Тұлпар»

аула клубы

Аудандық «Алтын күз-2015» байқауы

ІІ орын

8

А. Амангелдиева

ВИА

«Тұлпар»

аула клубы

Аудандық «Мұнайлы жұлдыздары-2016» фестивалі

ІІ орын

9

Каламова Аглес

Тоғызқұмалақ" үйірме жетекшісі

аудандық әйелдер арасында командалық жарыс

ІІ орын

10

Кащиева Жаңыл

«Домбыра» үйірме жетекшісі

Е. Айшуақ атындағы күйшілер байқауы

І орын

11

Аразалиева Қымбат

«Би» үйірме жетекшісі

«Би әлемі» байқауы

ІІ орын

12

«Сымбат» би тобы

«Атамекен» а/к

«Би әлемі» байқауы

ІІ,ІІІ орын

13

С. Беркімбаев

«Атамекен» а/к

Республикалық «Open Astana» байқауы

ынталандыру

14

Текеева Ұлжан

«Тайбурыл» а/к

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай облыстық «Тарих қылқалам ұшымен»

«Үздік әсерлі шығарма» номинация

15

Халмуратова Эльмира

«Тайбурыл» а/к

«Ақсұңқар» халықаралық балалар мен жасөспірімдер фестивалі

І орын

16

А. Ордабаева

Қ. Алгиева

«Тайбурыл» а/к

Облыстық «Бабалар мұрасын сақтаймыз және дамытамыз!»

І

ІІ

17

А. Дүйсенбаев

К. Базарбаев

«Тайбурыл» а/к

Облыстық «Техникалық шығармашылық және өнертапқыштар» сайысы

ІІІ

І

18

Джаманбаева Збира

«Өркен» а/к

"Ағылшын" үйірме жетекшісі

Аудандық «Ұстаз-ұлы-есім» аула клубтар арасында волейбол жарысы

«Үздік ойыншы»

номинация

19

Абадов Нұрдәулет

«Өркен» а/к

"Гитара" үйірме жетекшісі

Е. Айшуақ атындағы күйшілер байқауы

ІІІ орын

20

Е. Аманов

«Басқұдық» а/к

"Домбыра" үйірмесі

Аудандық «Менің туған-өлкем»

домбырашылар сайысы

І орын

21

Ж. Әбілханова

«Атамекен» а/к

"Тоғызқұмалақ" үйірмесі

Аудандық «ҚР  жасөспірімдер чемпионатына іріктеу»

ІІ орын

22

С. Айдарбекұлы

А. Айдарбекұлы

«Тұлпар» а/к

"ВИА" үйірмесі

Аудандық «Әскери-патриоттық әндер » байқау

ІІІ орын

ІІІ орын

1.4.  Орта білімді кадрмен қамтамасыз ету

Мектептердегі барлық педагогикалық қызметкерлер - 1883, олардың ішінде әйелдер – 1630 (86,57%).

Жоғары білімді - 1371, техникалық және кәсіптік білім барлар – 512.

 Жоғарғы санаттағылар – 231,  бірінші – 350, екінші-458, санаты жоқтар – 844. Сапалы құрам -30,86%. Зейнеткерлер – 57.

Жұмыс өтілі бойынша

·  3 жылға дейін – 453

·  3 - 10жылға дейін – 641,

·  11-20жылға дейін – 391

·  20 жылдан астам – 398

Мектепке дейінгі мекемелерде611 педагог, олардың ішінде:

-  жоғары білімді – 239 (39,12%),

-  жоғары санатты – 28 ,

-  бірінші санатты – 45 ,

-  екінші санатты – 93 .

Қосымша білім беру ұйымдарында – 60 қызметкер, олардың ішінде:

-  жоғары білімді - 33 (55%),

-  жоғары санатты – 2,

-  бірінші санатты – 8,

-  екінші санатты – 11.

2016-2017оқу жылының басында мектептерге 152 жас маман келді, олардың ішінде жоғары білімді – 100, орта арнаулы білімді  – 52.

Білім беруді ақпараттандыру оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен және «Өрлеу» ұлттық АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру институтында жыл бойы ақылы және мемлекеттік курс семинарлар ұйымдастырылды.  Аудан бойынша барлық мектепке дейінгі ұйымдардан жыл бойы 56 педагог  қатыстырылып, біліктілігін арттырды.

Жаңа формациядағы ұстаздарды дайындау, ұлт жоспарының 76 қадамы негізінде адам капиталының сапасын көтеру  арқылы еліміздің білім жүйесін халықаралық стандарт деңгейіне жеткізу білімді де білікті мамандар дайындауды талап етеді.  «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана – мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады». Сол себептен жаңа оқу жылында 1 сыныпқа жаңа форматта сабақ беретін 81 мұғалім білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша курста өз білімдерін шыңдаса, 50 мұғалім алдағы уақытта курстан өтеді. Сонымен қатар осындай бағдарламамен бастауыш сыныптарға ағылшын тілі, дене шынықтыру, бейнелеу, технология және музыка пәндерәнен сабақ беретін 66 мұғалім біліктілігін арттырды. 8 білім мекемелерінің басшылары «Кембридж тәсілінің негіздері» бойынша біліктілікті арттыру курстарын бітірді. Сонымен қатар, 2015-2016 оқу жылында аудан бойынша жалпы 1051 мұғалім әртүрлі біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, сертификатқа ие болды.

  Халықаралық, республикалық, облыстық  мұғалімдер  олимпиадаларының, байқауларының,  жарыстарының, педоқуларының  қорытындысы   

Мұғалімнің  аты-жөні, тегі

пәні

қатысқан шараның аты

алған орны

1

Хожбанов Хамид

Математика

Халықаралық «Математикалық регата» турнирі

ІІІ орын

2

Актилевов Абай Аманбергенович

«Математикалық регата»

Халықаралық «Математикалық регата»

III  орын

3

Лепесова  Баян  Нурахмедовна

математика

«Медалинград»  байқауы

сертификат

4

Тукенова Лаззат

Химия

ІІ Халықаралық қашықтық олимпиадасы

ІІІ орын

1.5.  Педагог қызметкерлерді аттестаттау

2015-2016 оқу жылы аттестаттауға 385 өтініш берілді. Біліктілік тестілеуге жіберілген 186 педагогтың ішінде 31 (16,7%) педагог тестілеуден өткен жоқ. Тестілеу мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдар қызметкерлері дайындығының төмен деңгейін көрсетті: 41,2% заңды білу бойынша қажетті баллды алмаған, 29,4% - педагогика және психология негіздері бойынша, 29,4%- пән білімдері негізі бойынша.

Санат

2015-2016 оқу жылы өтініш бергендер

Аттестаттаудан өткендер

1.

Жоғары

94

93

2.

Бірінші

103

98

3.

Екінші

188

137

Барлығы

385

328

2016 жылы білім бөлімімен білім беру ұйымдарының басшыларын аттестаттау өткізілді. Ұсынылған материалдардың және сұхбаттасулардың қорытындылары бойынша аудандық аттестаттау комиссиясы 3 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының (№3 «Ер Төстік» б/б, №4 «Балапан» б/б, №6 «Өркен» б/б) директорларын аттестаттады. Алдағы жылда осы бағытта директордың орынбасарлары да аттестатталатын болады.

1.6.  Білім ұйымдарының жұмысын бақылау

2016 жылы білім ұйымдарын сырттай бақылау – мемлекеттік аттестаттау - «Мерей», «Рахат», «Дәулет» жекеменшік балабақшаларда өтті.

Әр аттестаттаудан өткен ұйымда білім бөлімінің мамандарымен және әдіскерлерімен алдын ала кеңес беру күндері өткізілді.

Білім бөлімімен 2016 жылы білім ұйымдарында «Аудан мектептерінде жалпыға міндетті оқумен қамту шараларын жүзеге асыру жұмыстары мен «Мектепке жол» акциясының өткізілу барысы»,  «№7 «Айналайын», №8 «Алтын сақа», №9 «Бәйтерек» және №10 «Ақбота» балабақшаларында мемлекеттік білім беру стандартының орындалысын зерделеу», «Дарынды балалармен жұмыстың ұйымдастырылуы, республикалық, халықаралық олимпиадаларға, ғылыми жоба сайыстарына дайындау жұмыстарын тексеру», «Аудан мектептерінде ҰБТ, ОЖСБ және TIMSS, PISA халықаралық зерттеулеріне дайындық барысы», «Алтын белгіге» және Үздік аттестатқа үміткерлердің дайындығы, құжаттарын тексеру», «Мектеп оқушыларының сабақтан бос кездері үйірмелермен, спорттық және қоғамдық шаралармен қамтылуы, «Мерей», «Дәулет», «Балдәурен» және «Жәудір» жекеменшік балабақшаларында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша мемлекеттік білім беру стандартының орындалысын қадағалау» сияқты тақырыптық тексерістер өткізілді.

Тексерудің қорытындылары білім бөлімінің кеңестерінде тыңдалды, ұсыныстар білім ұйымдарына жолданды.

1.7.  Қорғаншылық және қамқоршылық, әлеуметтік қолдау, тасымал

Қорғаншылыққа және қамқоршылыққа алынған барлық балалар – 95(оның 1-еуі патронаттық тәрбиеде), олардың ішінде жәрдемақы алатындар 83, бұл 87,4 % құрайды.

Қамқоршыларға ай сайынғы төлемдерге жергілікті бюджеттен 20 892,0 мың теңге ( 2015 жылға 16 471,0 мың теңге) жұмсалды. 

Қорғаншылық және қамқоршылық секторының мамандары 50 бала тәрбиесіне байланысты, оның ішінде 28 бала асырып алу ісі бойынша сот процестеріне қатысты.

2016 жылы 3 310 бірінші сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтылып, оған бөлінген қаржы – 150 660,4 мың теңгені құрады (2015ж. 2912 балаға – 77 236 мың теңге) және 3127 аз қамтылған отбасы балалары тегін ыстық тамақпен қамтылды, оған жұмсалған қаржы 127 006,1 мың теңгені құрады  (2015ж. 1906 балаға – 61 886,3 мың теңге).

Әр жыл сайын 1 сыныпқа қабылданатын оқушылар тегін мектеп формасымен қамтамасыз етіледі. 2016-2017 оқу жылында аудан мектептеріне 1 сыныпқа 3249 бала қабылданды. Шілде, тамыз айларында 10 513,0 мың теңгеге оқушы формасы алынды.

  2016 жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйегіне дейін ауданда жыл сайынғы жалпыреспубликалық «Мектепке жол» акциясы өтті.

Акция аясында барлық білім ұйымдарында әлеуметтік қолдауға мұқтаж балаларға материалдық көмек көрсету бойынша іс-шаралар өткізілді. 1711 оқушы жалпы сомасы 10 563,8 мың теңгені құрайтын  мектеп және спорт формалары, арқа қоржыны, оқу-жазу құралдары түрінде материалдық көмекті алды (2015 жылы -7226,0 мың теңге), оның ішінде:

-  жалпы оқу қорынан – 441,0 мың теңге сомасына

-  демеушілер есебінен – 10 122,8 мың теңге сомасына.

Акция барысы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды.

2015-2016 оқу жылында аудан мектептеріне 2004 балаға тасымал ұйымдастырылса, биылғы оқу жылында тасымалданатын оқушылардың саны 3890 болып отыр.  Мұнда, Дәулет селосындағы №4 орта мектепке Бірлік елді мекенінен 170 оқушы, Басқұдық селосының 372 оқушысы Маңғыстау ауылындағы №5 орта мектепке, 1122 оқушысы Маңғыстау-4 тұрғын массивіндегі №11 орта мектепке, Батыр селосының 1270 оқушысы №10 орта мектепке, Атамекен ауылының 956 оқушысы №12 орта мектепке тасымалданады. Сонымен қатар Басқұдық (323) және Атамекен (150) ауылдық округтерінің Ақтау қаласындағы №23 орта мектептің орыс сыныптарында оқитын  473 баласына тегін тасымал ұйымдастырылған.

1.8.  МТБ қаржыландыру, нығайту

Білім саласына деген қолдау мен қамқорлық жыл сайын артып келеді. Биылғы оқу жылында білім саласы үшін 6 378 471,0 мыңтеңге бөлінген болса, бұл өткен жылмен салыстырғанда 214 671,0 мыңтеңгеге артық. (Білім саласына 2014 жылға 5 352 157,0 мың теңге бөлінсе, 2015 жылға 6 163 800,0 мың теңге бөлінген еді.)

2015 жылы 2080,0мың теңгеге №1 кешкі мектепке компьютер сынып, 287,4мың теңгеге № 5 орта мектепке 1, 1089,8 мың теңгеге №7 орта мектепке 3 интерактивті тақта алынса, 2016 жылы барлығы 15 000,0 мың теңге бөлініп  №№ 7, 8 орта мектептер физика, №10 орта мектеп химия кабинетімен, 2500,0 мың теңге бөлініп, №12 орта мектепке робототехника кабинетімен жабдықталып отыр.

Білім ұйымдарын күрделі және ағымдағы жөндеу, жылу жүйелерін дайындау

Жыл сайын мектептерді дайындау кезіндегі басты бағыт ағымдағы жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау және оларды жылу маусымына дайындау болып табылады.

Аудандық білім бөлімінің жанынан білім беру ұйымдарының 2016-2017 оқу жылына дайындығын тексеру комиссиясы құрылып, оның құрамына аудандық ТҚҚБ-нің, «Маңғыстауэнерго» МКК-ның, аудандық ТЖБ-ның мамандары енгізілді. Комиссия білім беру ұйымдарына 8-12.08.2016ж. аралығында тексеру жүргізілді. Қабылдау актілері 18.08.2016 ж. дейін алынып, тиісті мекемелерге тапсырылды. Қазіргі таңда тек қана ғимарат қабырғасының сыртқы жағында жарықтың болуына байланысты №10 «Ақбота» балабақшасының оқу жылына қабылдау акті жоқ. Дегенмен барлық білім беру ұйымдары 1 қыркүйекте сабақтарын бастап кетті.

Ауданның білім беру мекемелерінде 2016-2017 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңіне дайындау, яғни жылыту жүйелерін жуу, тазалау (промывка и опрессовка) жұмыстары, жылыту қазандықтарының дайындығы, жылуға жауапты операторлардың білім тексеруінен өтуі сияқты шаралары жүргізілді. Барлық 13 мектептің, 11 балабақшаның жылу жүйесінің күзгі-қысқы кезеңге дайындық акті алынды. Ауданның білім беру ұйымдарының жылу жүйесіне қосымша 10 000,0 мың теңге бөлініп, қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды.

Барлық білім ұйымдарының  5-еуінің жылу жүйесі орталықтандырылған жүйеге қосылған, қалғандарының жеке қазандықтары бар.

Ауданның білім беру ұйымдарына 2016 жылы күрделі жөндеу қарастырылмаған, алайда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында  №  4 орта мектепке ағымдағы жөндеу жүргізуге 7 751,0 мың теңге, №6 орта мектепке кешенді ағымдағы жөндеуді жүргізуге 74 623,0 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Мамандандырылған пән кабинеттерімен (мультимедиялық, физика, химия, биология) қамтамасыз ету көрсеткіші -63%.

Атауы

Барлығы

Қамтылу %

Мультимедиялық- лингофондық

9

58,2%

Физика

8

71,8%

Химия

13

54,3%

Биология

9

67,9%

Барлығы

219

Барлық мектептерде интерактивтік құрылғылар жабдықталған. Интернет желісіне қосылған-100%, барлық білім ұйымдарында өз сайттары бар. 4 (54,4%) білім ұйымдарында электрондық оқыту (e-learning) енгізілуде. Аудан мектептерінің компьютерлік паркі 58 кабинетте 975 компьютерді құрайды, 1 компьютерге 23,3 оқушыдан келеді. Ауыстыруды қажет ететін компьютерлер саны -36 бірлік (3,7%).

1.9.  Білім ұйымдарының жұмысын бағалау.

Білім ұйымдарының тиімділігі оқу жылының қорытындысы бойынша әртүрлі бағыттардағы нәтижелер арқылы бағаланады.Талдауға арналған материалмониторинг болып табылады, ол аудандық білім бөлімінде мектептер үшін әртүрлі 15бағыт бойынша, балабақшалар үшін әртүрлі 9 бағыт бойынша жүргізіледі. Мониторинг нәтижесіжыл сайын аудандық тамыз кеңесінде жарияланады. Білім ұйымдары жұмысының қорытындысы рейтинг арқылы қадағаланады, бұл алғаш рет 2013-2014 оқу жылының нәтижесі бойынша өткізілді. Жұмыс мониторингісін жүргізуге арналған рейтингілік ұстанымдар жеті блокпен ұсынылды: басқару, оқу жұмыстары, оқушылар жетістігі, әдістемелік жұмыстар, тәрбие жұмысы, ақпараттандыру, мұғалімдердің жетістігі. Рейтинг қорытындысы орта мектептер, мектепке дейінгі мекемелер бойынша жеке жүргізіледі.

Мектепке дейінгі мекемелер рейтингі

Бала бақшалар арасындағы үздік нәтиже – №7 «Айналайын» балабақшасында- 55 балл, №3 «Ер Төстік» балабақшасында- 54 балл, №2 туберкулез ауруынан сауықтыру балабақшасы - 43 балл. Шағын орталықтар арасында -  № 4 орта мектеп жанындағы  «Құлыншақ» шағын орталықта- 30 балл.

Ең төменгі нәтиже көрсеткен №11 «Шағала», №8 «Алтын сақа» балабақшалары.

Балабақша атауы

Сапалық құрам

Педоқу, әдістемелік нұсқаулық, курстарға қатысуы

Педагогтардың іс-шараға қатысу үлесі

Озық тәжірибе, БАҚ жарияланған мақалалардың  көрсеткіші

Тәрбиеленушілердің байқауларға, сайыстарға қатысуы, жетістіктер

Тәрбиешілердің байқауларға, сайыстарға қатысуы, жетістіктер

Барлығы

1

№1 "Балдырған" балабақшасы

4

10

6

2

1

7

30

2

№2 сауықтыру балабақшасы

0

22

6

0

1

14

43

3

№3 "Ер Төстік" балабақшасы

2

18

12

6

1

15

54

4

№4 "Балапан" балабақшасы

0

13

10

10

3

2

38

5

№5 "Балбөбек" балабақшасы

2

8

10

4

6

1

31

6

№6 "Өркен" балабақшасы

2

6

6

4

2

1

21

7

№7 "Айналайын" балабақшасы

4

20

12

10

3

6

55

8

№8 "Алтын сақа" балабақшасы

0

12

4

0

1

2

19

9

№ 9  "Байтерек" балабақшасы

1

13

8

2

1

2

27

10

№10 "Ақбота" балабақшасы

0

10

14

1

1

1

27

11

№11 "Шағала" балабақшасы

0

7

4

0

2

1

14

12

№1 "Айгөлек" орталығы

2

11

8

2

2

0

25

13

№4 "Құлыншақ"  шағын орталығы

1

12

8

4

3

2

30

14

№5 "Күншуақ" шағын орталығы

0

6

12

4

3

0

25

15

№6 орта мектеп жанындағы шағын орталық

4

6

4

0

3

0

17

Мектептер рейтингісі

123 баллмен Қызылтөбе лицейі көшбасында, содан кейін үздік нәтижелер мектептер арасында - №5 орта мектеп – 110 балл, №1 орта мектеп- 101 балл, №4 орта мектеп – 67 балл.

Мектеп атауы

Сапалық құрам

Педоқу, әдістемелік нұсқаулық, курстарға қатысуы

Педагогтардың іс-шараға,  қашықтық, интеллектуалды марафон, турнирлерге қатысу үлесі

Озық тәжірибе, БАҚ жарияланған мақалалардың  көрсеткіші

Оқушылардың олимпиадаға қатысуы, жетістіктер

Мұғалімдердің олимпиадаға қатысуы, жетістіктер

Байқауларға, сайыстарға қатысуы, жетістіктер

Ғылыми жобаларға қатысуы, жетістіктер

ҰБТ қорытындысы, мемлекеттік грант, Алтын белгі

Барлығы

1

Қызылтөбе лицейі

2

23

24

9

11

3

14

2

35

123

2

№1 орта мектеп

3

19

21

9

5

2

11

2

29

101

3

№2 орта мектеп

3

9

17

4

3

1

5

2

11

55

4

№3 орта мектеп

3

18

4

3

4

2

5

3

15

57

5

№4 орта мектеп

4

14

19

9

2

1

7

2

9

67

6

№5 орта мектеп

4

41

8

11

3

1

5

7

30

110

7

№6 орта мектеп

3

13

13

3

2

2

7

2

10

55

8

№7 орта мектеп

3

16

3

3

2

1

5

2

13

48

9

№8 орта мектеп

2

10

13

2

1

2

5

2

13

50

10

№9 орта мектеп

2

12

7

5

2

1

4

1

12

46

11

№10 орта мектеп

3

13

15

6

2

2

7

2

10

60

12

№11 орта мектеп

1

4

9

1

1

1

6

4

10

37

13

№12 орта мектеп

1

12

6

1

1

1

6

2

18

48

Рейтинг нәтижелерін өткен жылмен салыстырғанда бойынша №№4,10 орта мектептерде нәтижелердің едәуір жақсаруын көрсетеді. 

 Мектеп атауы

2015жылдағы позиция

2016 жылғы позиция

Динамика

Қызылтөбе лицейі

2

1

+1

№1 орта мектеп

1

3

-2

№2 орта мектеп

6

7

+1

№3 орта мектеп

7

6

-1

№4 орта мектеп

11

4

+7

№5 орта мектеп

3

2

+1

№6 орта мектеп

5

7

-2

№7 орта мектеп

8

9

-1

№8 орта мектеп

4

8

-4

№9 орта мектеп

9

10

-1

№10 орта мектеп

12

5

+7

№11 орта мектеп

10

11

-1

№12 орта мектеп

9

Алынған мәліметтер білім ұйымдарының оқу жылында атқарған жұмысының қорытындысын анық айқындайды,  бірдей жұмыс жағдайында қызмет көрсететін білім ұйымдары іс-әрекеттерінің нәтижесіне талдау жасауға және салыстыруға мүмкіндік береді (мектептің түрі, оқушылар саны, педагог қызметкерлердің сапалық құрамы және т.б.). Сонымен қатар,  осы материал басқару шешімдерін қабылдауға негіз болып табылады: кейбір білім ұйымдарын нақтылы бір бағыт бойынша бақылауға алу, білім ұйымдарының басшыларына арналған оқыту семинарлары мен Ашық есік күндерін ұйымдастыру.

Рейтинг жүргізу жұмыстың барлық бағытын жақсартуға, менеджментті жетілдіруге, сайыс атмосферасын жасауға, әдістемелік және тәрбие жұмыстарын белсендіруге, білім ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізеді.2016 жылғы педагог қызметкерлердің тамыз кеңесінде жұмыстың барлық бағыттары бойынша жұмыстың оң нәтижесі және рейтингтің жоғары көрсеткіші үшін келесі білім ұйымдары аталып өтті және диплом, бағалы сыйлықтармен марапатталды: Қызылтөбе лицейі, №№1,5,4 орта мектептер, №7 «Айналайын» балабақшасы,  № 4 орта мектеп жанындағы  «Құлыншақ» шағын орталығы. 

Білім саласындағы өзгерістер:

-  2016-2017 оқу жылынан бастап, 1 сыныпта оқу жаңартылған бағдарламалармен өтіп бастады;

-   білім беру жүйесі жоспарлы 5 күндік оқу аптасына көшеді;

-  1 сынып оқушылары  алдағы оқу жылын 2017 жылдың 30 мамырынан кешікпей аяқтайды;

-  5 күндік оқу аптасына көшкеннен кейін бастауыш сынып оқушылары оқуларын 30 мамырдан кешікпей, ал негізгі және жоғары сыныптарда оқитындар -10 маусымға дейін аяқтайды;

-  2016 жылдың 1 қыркүйегінен 1 сыныптар, 2017 жылдың 1 қыркүйегінен 1,2,5,7 сыныптар, 2018 жылдың 1 қыркүйегінен 1,2,3,5,6,7,8,10 сыныптар, 2019 жылдың 1 қыркүйегінен 1,2,3,4, 5,6,7,8, 9, 10, 11 сыныптар 5 күндік оқу аптасына көшеді;

-  Жаңа үлгілік оқу жоспары 2016 жылдың 1 қыркүйегінен енгізілді;

-  Оқушының дамуына, оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын арттыруға бағытталған критериймен бағалау жүйесі құрастырылды;

-  ҰБТ-ны реформалауға байланысты жаңа нормативтік құқықтық акт қабылданады;

-  Мектеп директорларының қызметін бағалау мен мониторингтеуді жүргізу бойынша ережелер қабылданады;

-  Биылдан бастап негізгі мектептегі «Робототехника» элективті курсы міндетті болып есептеледі. Техникалық шығармашылыққа бағытталған «Робототехника» ғылымын дамыту арқылы баланың логикалық ойлауын дамытып, күнделікті өмірде қолдануға болатын түрлі машина-роботтарды жасауға қызықтырады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен робототехниканың ұлттық балалар лигасы ұйымдастырылуда. Лиганың шеңберінде аудандық, облыстық және республикалық сайыстар өткізіледі. Финалға шыққан 300 команданың жобалары келесі жылы Астанада өтетін ЭКСПО көрмесінде көрсетілетін болады.

2. БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ 2017 ЖЫЛҒА  АРНАЛҒАН  МАҚСАТТАРЫ  МЕН  МІНДЕТТЕРІ

Мақсаты:

Білім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін жағдайлар жасау және барлық құрылымдық бөлімшелердің іс-әрекетін үйлестіру.

Міндеттері:

1.  Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың  2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау, білім жүйесі жағдайына жасалатын мониторинг негізінде оның жаңғырту және жетілдіру үдерістерін басқару.

2.  Мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі жұмыстарды жетілдіру.

3.  Инклюзивті білім беруді дамыту.

4.  Педагогикалық кадрлардың кәсіби біліктілігін және мұғалім мамандығының беделін арттыру.

5.  Дамуында мүмкіндіктері шектелген балаларға білім берудің қол жетімділігін қамтамасыз ету.

6.  Панасыздықты, қадағалаусыздықты, әлеуметтік жетімдікті болдырмау және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және жетім балаларды отбасыларға орналастыруды жалғастыру.

7.  Оқушыларды қосымша біліммен қамтуды ұлғайту.

8.  Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмыстарының мазмұнын, формасын жетілдіру және елордамыз Астана қаласында өтетін EXPO – 2017 дүниежүзілік көрмесіне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері:Ту, Елтаңба және Әнұранының 25 жылдық мерейтойынаарналған іс-шараларды орындау.

9.  Ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының оқу-материалдық базасын нығайту.

 


Ақпараттық ресурстар