Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Ауданның білім беру саласы туралы


Ауданның білім беру саласы туралы

  Мұнайлы ауданында 11 орта мектеп, 1 лицей, 1 кешкі мектеп, 11 мемлекеттік балабақша, 4 мектеп жанындағы шағын орталық, 22 жекеменшік балабақша, 2 мектептен тыс мекемемен (Өнер мектебі, 6 аула клубы бар «Оқушылар орталығы») жұмыс жасайды.

  2016-2017 оқу жылын ауданның 13 мектебі 25874 оқушы, оның ішінде дайындық топтарына 2113 баламен аяқтап отыр. Сонымен қатар осы оқу жылында кешкі мектепті 97 оқушы аяқтады.

  Қорытынды аттестаттау және ҰБТ

2016-2017 оқу жылында бітіруші түлектер үшін қорытынды аттестаттауда да, ұлттық бірыңғай тестілеуде де біршама өзгеріс бар.

Он бес жылдан бері мектеп түлектерінің білімін бағалап келген Ұлттық бірыңғай тестілеуге 2016 жылғы қараша айында өзгерістер енгізілді.2016 жылдың желтоқсан айынан бастап, аудан мектептерінде «Мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау және Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) жаңа форматы» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.

Осындай түсіндіру жұмыстары ағымдағы жылғы наурыз айының 13-15 аралығында аудандық білім бөлімінің жанынан құрылған мектеп бітірушілерді аттестаттау комиссиясының мүшелері арқылы ұйымдастырылып, онда жасақталған кесте бойынша әр мектепте ата-аналар, 11 сынып оқушылары және пән мұғалімдерімен кездесулер өтті.

Басты өзгеріс ҰБТ-ның екіге бөлінуі: қорытынды аттестаттау және ұлттық бірыңғай тестілеу.

1. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы.

2. ҰБТ - жоғары оқу орындарына түсу емтиханы.

11 сынып оқушысын қорытынды аттестаттау бітіруші емтихан нысанында мектепте бес пәннен, оның ішінде 4 міндетті (ана тілі, екінші тіл, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы)және оқыту бейіні (ҚГБ және ЖМБ) ескеріле отырып 1 таңдау бойынша пәннен өтеді.

2017 жылғы ҰБТ форматы бойынша 120 сұрақ  (20+20+20+30+30=120 тапсырма) 5 пән бойынша, оның 3-і міндетті және талапкердің жоғары оқу орнына тапсыратын мамандығына байланысты 2-і бейіні бойынша қарастырылған. Олар: математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы және 2 таңдау пән.

Аудан мектептерінде 11 сыныпта барлығы 579 оқушы болса, оның 524-і ҰБТ-ге қатысуға арыз беріп отыр. Желтоқсан  айынан бері бітіруші сыныптарға берілген тақырыптар бойынша эссе жазуға дайындалса, Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланған нұсқалар бойынша алгебра және Қазақстан тарихы пәндерінен тапсырмаларды орындап келеді. Сонымен қатар биылғы жылы наурыз айынан бастап емтиханның әр пән бойынша үлгі сұрақтары, тапсырмалары «Егемен Қазақстан» газетінде де жарияланып отыр. 11 сынып оқушыларды УБТ-ға дайындау мақсатында 3 рет аудандық байқау сынақтары алынды. Ағымдағы оқу жылының қараша айында «Достық-Ақтау» орталығының кітапшалары арқылы алынған байқау сынағында орта балл 65,3; наурыз айында «U-stady» орталығының кітапшаларымен алынған тестілеуде орта балл 72,0 болса, сәуір айында ұлттық тестілеу өткізу орталығының кітапшаларымен алынған байқау сынақта орта балл 88,15 болды. Байқау сынақтары жаңа форматта алынды.

Аудан мектептерінде биылғы жылы 21 «Алтын белгі» белгісіне, 31 Үздік аттестатқа үміткер оқушылар бар. Олардың дайындығы тамыз айынан бері жүргізіліп келеді.

Ескерте кетсек, 2015 - 2016 оқу жылдарындағы Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша аудан мектептерінің орташа балы – 85,5 болып, облыстың қала, аудандар арасында екінші орынды иеленді. 11 оқушы «Алтын белгіге», 17 оқушы «Үздік аттестатқа» ие болды.

2016 жылы оқу бітірген түлектердің 146-сы мемлекеттік грантқа, оның ішінде 56 түлек «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша грантқа ие болды. (2015ж мемл.грант-88, Серпін-49)

Аула клубтар туралы

Қазіргі таңда ауданда Оқушылар орталығына қарасты 6 (алты) аула  клубы бар. Осы аула клубтарында оқушыларға сабақтан  тыс уақытын тиімді пайдалануға сан түрлі үйірмелер ашылып, оларға 2228 бала тартылып отыр.Атап айтсақ, Қызылтөбе селосындағы «Тайбурыл» аула клубында 10 үйірме жұмыс жасайды, ондағы бала саны- 360; Баянды селосындағы «Сұңқар» аула клубында  10 үйірме жұмыс жасайды, ондағы бала саны- 427; Маңғыстау-5 тұрғын массивіндегі «Тұлпар» аула 8 үйірме жұмыс жасайды, ондағы бала саны- 319; Маңғыстау-4 тұрғын массивіндегі №11 мектеп базасында орналасқан «Өркен» аула клубында 11 үйірме жұмыс жасайды, ондағы бала саны- 430; Атамекен селосындағы «Атамекен» аула 8 үйірме жұмыс жасайды, ондағы бала саны- 312; Басқұдық селосындағы «Басқұдық» аула клубында 10 үйірме жұмыс жасайды, ондағы бала саны- 380.

 Аула клубтарында  домбыра, ән, би, қолөнер, тоғызқұмалақ, гитара, шахмат-шашка, «Сөз өнері», сурет, «Ұшақ модельдеу», «Жас психолог», «Жас бағдарламашы», өлкетану, «Жас сәулетші», драма, бұқаралық спорт (үстел теннисі, баскетбол, қол добы), ағылшын тілі, жыр-терме т.б. үйірмелер жұмыс жасайды. «Оқушылар орталығы»-на қарасты аула клубтарында 59 (елу тоғыз) үйірме қарқынды жұмыс жасауда.

Барлық аула клубтарының жылдық жұмыс жоспарлары мен жазғы маусымға арналған жұмыс жоспарлары жасақталған. Апталық жұмыс кестелері, аула клубының қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ереже  «Оқушылар орталығы» МКҚК директоры тарапынан бекітілген.

Аула клубтары тәрбие бағытында көптеген шаралар өткізіп, балаларды жан-жақты тәрбиелеумен қатар балалардың шығармашылығын дамытып, оларды шыңдау мақсатында жұмыстанады. Жұмыстың нәтижесінде оқушыларды көптеген халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық сайыстарға қатыстырып, өнерлері өрлеп, қазіргі таңда үлгі боларлықтай, халық алдында биік дәрежедегі, көңіл толтырарлық дарынды таланттар атанып, үмітті ақтауда.

Олардың жетістіктерін айта кететін болсақ,облыстық «техникалық-шығармашылық және өнертапқыштар» жарысында робототехника және әуе, кеме модельдеу бойынша жұмыстары бойынша «Тайбурыл», «Сұңқар» аула клубтарынан «Ұшақ модельдеу», «Жас техниктер» үйірмелерінің оқушылары қатысып, облыстық жарыстан  І орындар алып, республикалық жарысқа жолдама алды. Сондай-ақ,  «Тайбурыл» аула клубынан «Інжу-Маржан» би тобы Атырау қаласында өткен халықаралық би жарысынан 45 (қырық бес)  би тобынан І-орынды жеңіп алды. Сонымен қатар, облыстық тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасындағы жарыстан «Атаменен» аула клубының «Тоғызқұмалақ» үйірмесіне қатысушы оқушылар қатысып, І орынды иеленіп, Астана күніне орай Астана қаласында өтетін «Open Astana» республикалық жарысқа жолдама алды. Сондай-ақ,  педагогтеріміз республикалық қашықтық сырттай жарыстарға  белсенді қатысып отырады. Республикалық «Ал, біздің аулада» атты  байқауға  «Тайбурыл» аула клубынан Текеева Ұлжан І-орын, «Атамекен» аула клубынан Эсматова Тұрсынай ІІ орын, «Өркен» аула клубынан Абылхаирова Гулсара сертификатпен марапатталды. Аудандық мәдениет бөлімі ұйымдастырылған «Мұнайлы жұлдыздары» фестиваліне  өнерлі мұғалімдеріміз қатысып, облыстық фестивальге өнерілерімен халықты тәнті етті. «Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде Адай ата кесенесі маңында 2016 жылдың «Амал» мерекесіне орталықтан -Қарынбай Қуандық, Айтымова Жанар, «Падишах» би тобы, жыр-термеші Селбаев Орынжан, Толқынхан Екпін сияқтыөнерлі жұлдыздарымыз қатысты. Қыркүйек айында  ауданда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Еңбек күніне орай «Жастар. Еңбек. Инновация» тақырыбындағы форумға «Тайбурыл», «Сұңқар» аула клубтарында «Жас техник» үйірмелерінің жоғары деңгейде жасалынған  робототехникалық жұмыстары көрмеде көрсетілсе, қазан айында Ақтөбе қаласында Республикалық «Айгөлек»  дарынды балалар байқауында ерекше талантымен дараланған «Атамекен» аула клубының қосымша білім алушысы- Әбубәкір Бағлан ІІ орын дипломды иеленді, жетекшісі- Айтымова Жанар,  Атырау қаласында ІІІ Республикалық «Жадыра, жас дарын!» фестиваль-конкурсында домбыра аспабы бойынша өз өнерін көрсеткен «Атамекен» аула клубынын оқушысы- Сансызбаев Қонысбек және жетекшісі Кащиева Жаңыл ІІ дәрежелі дипломмен марапатталған болатын. Қараша айының 04 жұлдызында Алматы қаласында өткен «Күншуақ» Республикалық фестивалі конкурсына «Тайбурыл» аула клубының «Інжу-маржан» би тобы І орын дипломы және кубокқа ие болуына жетекшісі-Халмуратова Эльмира ерен еңбектерін айтуға болады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай білім ұйымдарында өткен «Тәуелсіздік-баға жетпес байлығым» атты фестивалінде «Оқушылар» орталығы ІІ орын дипломға ие болды.

Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Бір халық-бір мүдде» республикалық интернет байқауына Таңатар Айкөркем сертификатпен марапатталған болатын.

Оқушыларының бос уақытын тиімді, ұтымды ұйымдастыру мақсатында 2017 жылға Батыр ауылынан аула клуб ашуға жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, ол маусым айында ашылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар алдағы уақытта Дәулет, Қызылтөбе-2 елді мекендерінен аула клуб ашуды жоспарлап отырмыз. Аула клубтағы үйірмелер заман талабына сай үйірмелер санымен толықтырылып, нәтижелі қорытынды береді деген сенімдеміз.

Жазғы сауықтыру

Соңғы жылдары оқушылар санының көбеюіне орай, әлеуметтік жағынан аз қамтылған оқушыларды жазғы сауықтырумен қамту мүмкіндігін жоғарлату мақсатында, 2017  жылға бұрынға №4,5,6 мектеп жанындағы лагерлерге қоса, Атамекен, Батыр және Баянды ауылдық округтерінде орналасқан №3, №10, №12 орта мектеп жанынан жазғы сауықтыру лагерлерін ашуға 53 594,0 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді.

Аудан мектептерінде 1-10 сыныпта 23182 оқушы, оның ішінде 7-13 жас аралығы- 18861 оқушы болса,оның 3205-і әлеуметтік қорғалуға жататын отбасы балалары.

Республикалық және жергілікті бюджет есебінен Мектеп жанындағы  сауықтыру лагерлерінде- 2300 бала; қала сыртындағы сауықтыру лагерінде- 350 бала; жыл бойы жұмыс жасайтыын лагерлерде  - 110 бала жазғы сауықтыру лагерлерімен қамтылады. Сонымен қатар балалар аула клубтарда, мектеп жанынан ашылатын  жарты күндік кәсіптік және тілдік лагерлермен; спорттық, туристік шаралармен; еңбекпен қамтылатын болады.


Ақпараттық ресурстар